Атырау, 27 қараша 12:40
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Халық қарызға белшеден батып отыр

2 268 просмотра

Жыл басынан бері екінші деңгейлі банк филиалдары бойынша облыста 96,7 млрд теңге сомасында несие берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 42,6%  артық. Оның ішінде 59,1 млрд  заңды тұлғаларға, 37,6 млрд – жеке тұлғаларға берілген. Несиені  адамдар көбіне ұлттық валюта түрінде алады (84,6 млрд тенге).

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Атырау филиалының статистика және экономикалық талдау бөлімінің экономисі Асхат ЕРМЕКОВТІҢ айтуынша, үстіміздегі жылдың 1 қазанындағы заңды тұлғалардың берешектері 25,7% дейін артып, 65,3 млрд теңге құрап отыр. Ал, жеке тұлғалардың бережағы – 93,6 млрд теңге (15,6% дейін өскен). Мерзімі өткен берешектер бойынша жеке тұлғалардың алып отырған үлестік салмағы айтарлықтай жоғары – 62,9% (5,6 млрд теңге).

Депозит салымдары бойынша жалпы соманың басым бөлігін жеке тұлғалар құрап отыр. Олар 87,6% (50,4 млрд теңге), ондағы заңды тұлғалардың үлесі – 12,4% (7,1 млрд теңге).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қазан 2011, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.