Атырау, 26 қараша 22:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Газсыз қалған “Газельдер”

3 660 просмотра

Бензин қымбатсыды ма? Өз көлігін баламалы отынға – сұйытылған газға ауыстырған жөн бе? Дегенмен де мұның бәрі оңай емес екен. Редакцияға газ құю стансаларында отын жеткізудегі іркілістердің үнемі орын алатынына шағымданған жүргізушілерден хаттар келіп түскен еді.

Хатта былай деп айтылған: «Біз – мұнай мен газ өндірілетін облыстың тұрғындарымыз. Дегенмен де, біз көліктерімізге арналған отындарға қатысты проблемаларды бастан кешірудеміз. Соңғы айларда көлікке газ құю қиындап кетті. Проблемалар Атырау МӨЗ-ы жөндеуге жабылып қалған кезде сәуір айында басталды. Жөндеу бір айға созылады деп жоспарланған, бірақ ол ұзаққа созылып кетті. Қазір сұйытылған газ стансаларда тек дүйсенбі күндері ғана болады. Бұл кезектің көбеюіне әкеп соғуда. Станса қызметкерлері газды өз тасымалдаушысынан – «Стандартгаз» ЖШС-нен ала алмайтынын түсіндірді. Бізге түсіндірсеңіз-дер екен, не істеуге болады? Бір литр бензиннің бағасы 100 теңгеден асып кетті, ал газдың литрі 33 теңге тұрады. Облыстық биліктен облыстағы газ құю стансаларын отынмен қамту проблемасын шешуді сұраймыз. Көлік иелері С.Абдолов, М.Мунгатов, Н.Нұрмаханов, А.Әжібаев және басқалар». Хатқа 19 жүргізуші қол қойған. Бұл жерде автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен маркалары көрсетіл-ген. Қол қойған 13 адам борттық «Газельдердің» жүргізуші-лері боп табылады.

Қалыптасқан ахуалды газ құю стансалары торабының қожайыны, «Жайықгаз» ЖШС директоры Мұрат САРИЕВ былай деп түсіндірді:

«Біз сұйытылған газды бөлшектеп сатумен айналысамыз. Отынды монополист – «Стандартгаз» ЖШС-нен сатып аламыз. Шамамен наурыз айынан бастап бізге тасымалдауды азайта бастады. Біз әлденеше рет облыстық әкімдікке хатпен шыққан едік. Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВ айына 400 тонна деңгейде газ тасымалдау көлемін сақтауға нұсқау берді. Алайда мамыр айында 90 тонна, маусымда 108 тонна ғана алдық.

Индер және Қызылқоға аудандарының тұрғындары баллондағы газды көп мөлшерде тұтынатындығына қарамастан, көлемдердің азаюы салдарынан сол жердегі стансаларды жабуға мәжбүр болдық. Стансалар таратылды, енді ол жерге оралмаймыз. Өткен жылы осы секілді жағдай орын алды. Сол кезде клиенттеріміздің көпшілігін жоғалтып алған едік. Биыл бензиннің қымбатсуы клиенттердің көбеюіне әкелді. Бірақ біз газдың тапшы болуы себепті сұранысты қанағаттандыра алмаймыз.  

Кәсіпорынның қаржылық ахуалы мынадай: біз тек жұмысшылардың еңбекақыларын ғана төлейміз. Жаб-дықтар мен қызметтік автокөліктердің қосалқы бөл-шектері туралы ешкім де әңгіме қозғамайды. Үстіміз-дегі жылдың маусымында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті газдың бағасын  бір баллон үшін 1600-ден 1527 теңгеге және бір литрін 35 теңгеден 33 теңгеге дейін азайтса да, жағдай осылай боп отыр.

Облыста барлығы қалған 4 газ құю стансасы жұмыс істейді. Енді Ганюшкин поселкесіндегі стансаны жабу туралы мәселе шешілуде. Біз сұйытылған газды «Теңізшевройл» ЖШС-нен сатып алар едік, бірақ біздің өзіміздің теміржол торабы жоқ. Темір жол тек «Стандартгаз» ЖШС-де ғана бар. Есесіне бізде Атырау МӨЗ-інен 200 тоннаға дейін сұйытылған газ алуға болатын тұрбамыз бар. Бірақ олар «Стандартгазбен» келісім-шарт-қа отырған.

Дағдарыстың себебі мынада: табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Стандартгаз» үшін де баға шегін белгілеген еді. Бұл баға экспорттық бағадан екі еседей төмен. «Стандартгазға» бізбен жұмыс жасау тиімсіз болды».

Ал баллон газын тек көлік әуесқойлары ғана емес, ПИК-тер, облыстық обамен күрес стансасы, өрт сөндіру қызметінің оқыту бөлімшесі, «Облтрансгаз» КМК, тері-венерологиялық диспансер және басқалар да тұтынады екен.

«Стандартгаз» ЖШС өкілдігінің директоры Мирас ЕРУБАЕВ бізбен сұхбаттасу кезінде бір жайтты қайталай берді: «Жайықгазға» тасымалды көбейту туралы мәселені шешу «Стандартгаздың» Алматыдағы бас кеңсесінің құзырында екен. М.Ерубаевтың пікірінше, «Жайықгазға» сұйытылған газ мөл-шері жеткілікті тасымалданатын көрінеді. Өткен жылы газ құю стансаларына одан да аз отын тасымалданған. Қазір бензин қымбатсығандықтан көлік әуесқойларында газға қатысты дүрбелең басталған. Ал станса қожайындары бұдан өздеріне пайда түсірмек болған екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В. Истомин

14 шілде 2011, 01:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.