Атырау, 28 желтоқсан 16:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бас геолог: ірі кеніштердің ірі проблемалары бар

3 190 просмотра

Атырауда Қазақстанның өнеркәсіптік мұнайы игерілуінің 100 жылдығына арналған «Атырау ГЕО-2011» деп аталатын халықаралық ғылыми геологиялық конференция өтті.

Қазақ ғылыми зерттеу геологиялық барлау институтының директоры, сондай-ақ, «Қазақстан мұнайшы-геологтарының қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тете президенті Қосан ТАСҚЫНБАЕВТЫҢ айтуынша, мұндай конференция Атырауда жергілікті қоғамдастықтың күшімен алғаш рет өтуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас геологы Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ қорлардың жағдайы туралы сұраққа жауап бере отырып, соңғы 10 жыл ішінде мақтанатын дәнеме жоқ екенін атап өтті.

- Геологиялық даму бойынша жіберілген жаңылыс есептеулер 2000 жылдан кейін ірі кеніштердің ашылмауына әкеп соқтырды.

Қ.Есқазиевтің айтуынша, 2011-2016 жылдары ұлттық компания ғылым мен инновациялық технологияларды дамытуға 55 млрд. теңге бөлмекші. «Таяу 3-5 жылда осы бағдарлама аясында экологиялық бағдарламаға 4 миллиардтай теңге бөлмекпіз. Соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша да бағдарлама бар».

Залдан кенішті, әсіресе, Қашағанда бір уақытта игеру жасанды жер сілкінісіне әкелуі мүмкін екендігі туралы пікірлер айтылды.

«Бүгінде мұнай өнеркәсібі елдің бірден бір қозғаушы күші боп табылады, - деп жауап берді бас геолог. – Бірақ бұл жерде ірі кеніштердегі өндіру жұмыстарын жылдамдатуға қатысты сұрақ дұрыс қойылды. Теңіз кенішіне қатысты газды кері айдау есебінен болашақта кеңейту жобасы әлі де талқыланатын мәселе. Ол жерде проблемалар көп болғандықтан, «иә» деп айтуға әлі ертерек. Қашаған мен Қарашығанаққа да қатысты солай. Біз өндіру көлемін жасанды түрде негізсіз арттыруға қарсымыз.

3-4 баллдық техногендік жер сілкінісі Қарашығанақ пен Теңіз кеніштерінде ендігі орын алып та үлгерді. Фукусимадан кейін республикалық сейсмология институтымен және басқа компаниялармен бірігіп, бірыңғай геодинамикалық мониторинг бағдарламасын дайындадық. Онда ірі кеніштерді игеру мен жер қыртысының деформациялануы арасындағы байланыстың математикалық үлгісі есептелетін болады.

2000 жылы Қазақстандағы мұнайды өндіру көлемі 25 млн. тонна, 2010 жылы 80 млн. тонна құрады. Қашағандық кеніштің игерілуіне байланысты 2020 жылы жылдық мұнай өндіруді 150 млн. тоннаға дейін көбейту жоспарлануда».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

15 қыркүйек 2011, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.