Атырау, 26 қараша 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Су ақысын бұрынғыша төлей береміз

3 361 просмотра

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап «Атырау Су Арнасы» КМК-ның реттелетін қызметіне жаңа тарифтер бекітілді. Тұрғындар үшін тарифтер бұрынғы күйде қалды.

Магистральды тұрба құбырлары мен тарату жүйелерінен алынатын су тарифіндегі өзгерістер бюджеттік мекемелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты. Олар үшін бір текше метрі 142 теңге (осы жерде және әрі қарай қосымша құн салығынсыз көрсетілген). Қолданыстағы тарифтермен салыстырғанда ол 14,1 пайызға өскен. Коммерциялық кәсіпорындар үшін – бір текше метрі 121,5 теңге мөлшерінде (8,5 пайызға өсті).

Тұрғындар үшін тариф өзгеріссіз қалды, оның бір текше метрі 20,14 теңге мөлше-рінде. Сондай-ақ, қазандықтарда жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындар үшін тариф бұрынғы деңгейде қалды. Оның бір текше метрі 83 теңге мөлшерінде.

Бюджеттік мекемелер, өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындар үшін ағынды суларды тазарту тарифтері көбейді: олар бір текше метр үшін тиісінше 33,5 теңге (11,7 пайызға өскен), 42,8 теңге (11,8 пайызға өскен) және 42 теңге (9,7 пайызға өскен).

Тұрғындар үшін тарифтің 1 текше метрі 22 теңге мөлше-рінде өзгеріссіз қалған.

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВАНЫҢ айтуынша, тарифтің көтерілуіне электр энергиясы құнының өзгеруіне байланысты шығындардың көбеюі негізгі себеп болған. Қала мен қала маңындағы поселкелердің су тұтынушыларының шығын нормалары осыдан үш жыл бұрын (2008 жылғы 11 маусымдағы әкім шешімі) белгіленген нормада тұр (тәу-лігіне 1 тұрғын үшін):

Көшедегі су тарату колонкаларынан су алу – 50 л;

Канализациясы жоқ су құбыры бар тұрғын үйлер – 75 л;

Су құбыры мен канализациясы бар (ваннасы жоқ) тұрғын үйлер – 120 л;

Орталық салқын, ыстық сумен қамту және канализация жүйесі бар, қолжуғыш, жуу жүйесімен және ванналармен жарақталған  көппәтерлі тұрғын ғимараттар (биіктігі 75 м. дейінгі), су құбыры, канализациясы мен орталық ыстық сумен қамту жүйелері бар коттедждер – 330 л;

Электрлі жылытқыштары, жылдам әсер ететін газды су жылытқыштары және көптармақты су алу жүйелері (соның ішінде автономды қазандары) бар көппәтерлі тұрғын ғимараттар мен коттедждер – 210 л;

Барлық тұрғын орынжайларында ванналары бар пәтер типтес жатақхана - 200 л құрайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 шілде 2011, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.