Атырау, 29 желтоқсан 22:53
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ақша қандай жобаларға бөлінді?

2 535 просмотра

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңның негізінде облысқа нысан құрылыстарын жалғастыруға 5 млрд. 765 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлады.

Бұл ақша биылғы жылы облыстағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы құрылыс жобаларына бөлінген 27 млрд. теңге көлеміндегі трансфертке қосымша қаржы болмақ. Сонымен, 5 млрд. 765 млн. теңге мына жобаларға бөлінді:

– облыс аудандарында сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жалғастыруға – 1 729,4 млн теңге;

– Бейбарыс селосына (бұрынғы Чкалов селосы) кірме жолды күрделі жөндеудің бастапқы кезеңіне – 200 млн теңге (жалпы құны 720 млн теңге);

– Жылыой ауданындағы 250 орындық емхана құрылысын жалғастыруға – 322,8 млн теңге (алғашқыда 100 млн теңге бөлінді, жалпы құны  1 337,5 млн теңге);

– Махамбет ауданының Бейбарыс және Сарайшық селолары арасында жоғары қысымды газ құбырларын қайта жарақтауға  – 67,3 млн теңге (54,5 млн теңге бөлінді, жалпы құны 132,3 млн теңге);

– Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы канализациялық тазарту қондырғыларының құрылысын жалғастыруға  – 2 482,4 млн теңге  (биылғы жылы канализациялық тазарту қондырғыларына  3 043,2 млн теңге бөлінді,  жобаның жалпы құны – 8 652,9 млн теңге);

– Құлсары қаласындағы канализациялық тазарту қондырғыларын қайта жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруға  – 800 млн теңге (биылғы жылы 162 млн теңге бөлінді, жалпы құны  – 1 112,9 млн теңге);

– Исатай ауданындағы электрмен жабдықтау нысандарының құрылыс жұмыстарын жалғастыруға  – 126,4 млн теңге (биылғы жылы 81 млн теңге бөлінді, жалпы құны  – 258,9 млн теңге).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2011, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.