Атырау, 27 қараша 07:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жаңа ревком бюджетті бақылайды

2 996 просмотра

Мәслихат жанындағы ревизиялық комиссия таратылып, мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болған Атырау облысының жаңа Ревизиялық комиссиясы құрылды.

Бұдан не өзгереді және бізге, салық төлеушілерге бұдан не түседі деген мәселені Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығының атқарушы директоры және Қазақстанның Ұлттық Бюджеттік Желісінің мүшесі ретіндегі қоғам қызметкері Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ түсіндірмек болды. Ол соңғы үш жылда бұрынғы ревизиялық комиссияның жұмысына бақылау жүргізген еді. Оның үстіне осы реформаға оның қатысы да бар. Ол жүргізген мониторингтің және жоғары жаққа берген есебінің арқасында ревизиялық комиссияны басқа деңгейге шығару қажеттілігі туралы ұғынған болатын.

– Қарапайым тілмен айтқанда, елімізде тұтастай сыртқы қаржылық бақылау жүйесі құрылмақ. Республикалық бюджет шығындарына бақылау жүргізетін Есеп комитетіне жергілікті бюджет қаржыларының жұмсалуына бақылау жасайтын ревизиялық комиссия қосылатын болады.

Бұрынғы комиссия қағаз жүзінде ғана бюджет қаржыларының шығындалуына бақылау жүргізді деуге болады, алайда іс жүзінде онда кәсіби сарапшылар болған жоқ, аудитор жалдау үшін қаржысы болмады, тіпті мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалау жөніндегі қарапайым әдіснамасы болған жоқ. Яғни, кеңсесі болды да, құралдары мен қаржысы болмады. Ал жаңа құрылым, біріншіден, өз бюджеті бар дербес мемлекеттік мекеме, екіншіден, барлық әдіснамалық базасы мен құралдары республикадан, Есеп комитетінен (мұның жұмысы ТМД елдеріндегі ең тиімді жұмыстардың бірі деп танылған) бөлінетін болады.

Егер тек елбасына ғана бағынатын Есеп комитеті республикалық бюджетке бақылау жасайтын болса, ревизиялық комиссиялар облыстық бюджеттің ақшасына бақылау жасайды. Жаңа ревкомиссияның тексерулер, есептемелер, стратегиялық жоспарларды талдау, бағалау туралы бүкіл ақпараттарын орналастыратын өзінің веб-сайты болатыны айтылды. Яғни, бюджет пен оның орындалуы ашық болады. Ревизиялық комиссиялар Есеп комитеті үшін де, облыс мәслихаты үшін де ақпарат дайындайды.

Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде сыртқы қаржылық бақылау органдарының жұмысын асыра бағалау қиын мәселе. Мемлекеттік бюджеттің шығындары жыл сайын өсуде. Мектеп, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың ғимараттары уақыт талабына сай келе ме, біздің білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері көңілімізден шыға ма, Қазақстанның экономикасы шынымен де дамыған экономикаға айнала ма? Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қаншалықты дұрыс жоспарлап, жүзеге асырса, соншалықты біздің қандай елде тұратынымыз соған байланысты болады.

Ревизиялық комиссия желісінің арқасында кез келген азамат та, шенеунік те аймақтардағы бюджет қаржыларының игерілуі туралы толыққанды ақпарат ала алады, сондай-ақ, жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныс енгізе алады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қыркүйек 2011, 00:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.