Атырау, 26 қараша 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Біздегі «Гелиос» бензин бағасын көтере алмайды

2 845 просмотра

Сенбі күні, 9 шілдеде «Гелиос» ЖШС кейбір аймақтардағы отын бағасын көтеріп жіберді. Ал келесі аптада компания өз әрекеті жөнінде түсінік берген хабарламаны таратты.

 

Алайда, Атыраудағы «Гелиос» АИ-92/93, АИ-80 бензиндері мен дизельдік отын бағаларын бұрынғы күйде қалдырған. Өйткені Атырау қаласындағы осы жанар-жағармай стансасының қожайыны бензинді (отынның осы маркалары бойынша) бөлшектеп сату нарығында басты орында тұрған субъектілер тізіліміне енген.

Атыраудағы «Гелиос» жанар-жағармай стансаларында АИ-95 маркалы бензин құны бүгінде 128 теңге, АИ-92 – 102 теңге құрайды.

Елдің кейбір басқа аймақтарындағы бағаның көтерілуін отын нарығында қалыптасқан көтерме бағаның бөлшек бағадан асып кеткендігімен түсіндіреді. АИ-92/93 бензині көтерме бағамен литрі 99-105 теңгеден, АИ-80 – литрі 84-95 теңгеден, дизель отыны – литрі 87-95 теңгеден сатылуда. Ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңыздағы түрлерінің шектеулі бағасы: бір литр АИ-92/93 бензині – 102, АИ-80 бензині – 84, дизельдік отын - 87 теңге деңгейінде бекітілген болатын. Бағалары көтерілген аймақтарда «Гелиос» желісіндегі бензиндер құны: бір литр АИ-80 – 97 теңге, АИ-92 – 113 теңге, дизель отыны – 113 теңге құрайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2011, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.