Атырау, 10 қараша 20:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ешкімнің оны өсіруге құлқы жоқ

2 623 просмотра

1 шілдеден бастап шетелдік көліктерді кедендік рәсімдеудің жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталады. Осыдан кейін олардың құны өсе ме?

«Жабайы» нарыққа қатысты қандай ма бір болжамдар жасау мүмкін емес. Сатушылар жалпы беталыс және жаңа жылдан кейінгі кезең -  жаз басталды дегендей, маусымдық факторлардан басқа, «мен бұған барымды салдым, қалай күттім, ол маған әйелімнен де қымбат» деген секілді өзіндік көзқарастарды да басшылыққа алады. Дегенмен, көліктер қымбаттайды деген әңгіме төңірегіндегі пікірлер де жоқ емес. Біреулері осы жеңілдік кезеңінде темір тұлпарға ие болғысы келгендер алып болды, ал, қалғандарының ақшалары жоқ дегенге сенімді. Басқалары болса, машинаны сатып алуды қалайтындар қашан да болады, ақша бүгін болмаса, ертең болады, ал, жаңа кедендік баж салығы және басқа да төлемдер міндетті түрде көлік құнына әсер етеді, сөйтіп, олардың бағасы өседі деп есептейді. Алайда, бүгінгі таңдағы жағдайларға тоқталып қарасақ, таяу арада аса бір өзгеріс бола қоймайтын секілді, өйткені, нарық аясы кең, бәрі де одан әрі не болатынын үнсіз ғана тосуда.

«Бипек Авто» ЖШС Атырау филиалының директоры Дәурен БИСЕНОВТІҢ айтуынша, жеңілдік кезеңінің аяқталуы олардың өнімдерінің құнына еш әсерін тигізбейді екен. «Біздің зауытымыз «Азия авто» Қазақстан аумағында, Өскемен қаласында орналасқан. Зауыттан “Шкода”, “Киа”, “Шевролет” автокөліктері шығарылады. Жергілікті сатып алушылардың арасында сұранысқа ие болғаны КИА “Сирато” және “Соренто” автокөліктері. КИА “Сирато” ең қарапайым жиынтығымен 2 млн 680 мың теңге тұрады, - дейді Д. Бисенов. – Қатты дағдарыс әсіресе, 2007-2009 жылдары байқалды. Өткен жылдан бастап сату көлемі дағдарысқа дейінгі нормаға ақырындап келе бастады. Біз болашақта сату көлемі бұдан да  артады деген үміттеміз».

«Біз өнімнің құнын өткен жылдың басында-ақ, Кедендік одақ құрылып және соған байланысты жаңа кедендік мөлшерлемелер мен баж салығы енгізілгеннен бастап көтердік. Баж салығының жеңілдік мөлшерлемелері тек шыққан жылы 3 жылдан 7 жылға дейінгі машиналарға ғана қолданылды. Жаңа машиналарға бұның қатысы болмады. Демек, біз 1 шілдеден кейін де әдеттегі режим бойынша жұмыс жасаймыз және бағаны көтеруді жоспарлап отырғанымыз жоқ»,-дейді  «Меркур Атырау» ЖШС коммерциялық директоры Дулат БАҒЫТГЕРЕЕВ. Ол өткен жылғы бағаның көтерілуінің бастапқыда сату көлеміне кері әсерін тигізгендігін жасырмады. Жағдай екінші жарты жылдықта тұрақтанды. Жаңа шетелдік көліктерді тек мекемелер ғана емес, жеке тұлғалар да сатып алады. Және олардың соңғы кездегі алып отырған үлесі 50% құрайды. Олардың жартысы қымбат автокөліктерді несиеге алса, енді бірі барлық соманы бірден төлеп алады.

«Тойота - центр Атырау» маркетинг және сату департаментінің директоры Константин ЛЕВИН «Тойота»  компаниясының автокөліктерінің бағасы жекеленген аймақтарда өспейді, тіпті, ол Қазақстан бойынша да өседі деп күтіліп отырмағандығын мәлімдеді. Қазақстан нарығында «“Тойота” компаниясының қызметін “Тойота Мотор Казахстан”  ЖШС ұсынады. Ол еліміздің аумағында компанияның ресми  дистрибьюторі болып табылады.  Өнім бағасын өзгерту туралы мәселені дәл осы “Тойота Мотор Казахстан” ЖШС шешеді. Менің білуімше, әзірге бағаны көтеру жоспарланып отырған жоқ, өткен жылы-ақ олардың құны 2-3 мың долларға дейін өсті»,-деп атап өтті К.Левин.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 маусым 2011, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.