Атырау, 11 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жұмыс та, ақша да жоқ

2 653 просмотра

Соңғы кездері қалада рекрутингтік компаниялардың жеке тұлғаларды жұмысқа орналастыру міндетінен қасақана жалтару фактілері көбейіп кетті.

Бұл туралы Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Магомед ЕСЕНБОЛАТОВ хабарлады. Жұмысқа орналастыру жөніндегі қызмет көрсетуші кәсіпкерлер келісім-шартқа отырып, ақшаларын алады, алайда, өз міндеттерін орындауға асықпайды, ақшаны қайтаруды да ойламайды. Жұмыссыз қалған, артынан ақша мен үмітінен айырылған азаматтар прокуратураға шағымданады.

«Мәселен, қалалық прокуратураға «Нар-рай» ЖШС, «Саян-Бек» ЖШС және  «БарысРекрут» ЖШС-терінің әрекеттеріне шағымданған қала тұрғындары арызданды, - дейді прокурордың аға көмекшісі. Бұл ЖШС жұмысқа орналастыру жөнінде келісім-шартқа отырып, көрсетілген қызметтері үшін ақшалай жарналарын алып, өз міндеттерін орындамай отыр. Бүгінгі күні көрсетілген фактілер бойынша қала прокуратурасы тексеру жүргізуде, прокурорлық әрекет ету шаралары алынуда. Азаматтар сотқа талап арыз бере отырып, өз ақшаларын қайтарып ала алады немесе жұмысқа орналастырылады. Осындай жағдайға тап болған азаматтардың барлығына М.Есенболатов 27-07-78, 27-08-11 сенім телефондары жұмыс жасайтын қалалық прокуратураға хабарласуға кеңес береді. Бұдан басқа, қала прокуроры, оның орынбасарлары және көмекшілері  күн сайын азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ, кезекші прокурор да бар.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 шілде 2011, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.