Атырау, 28 желтоқсан 00:23
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Судың құны сары алтынмен теңеседі

4 980 просмотра

Дәстүр бойынша әр жылдың аяғында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басшылығы аудандар мен ауылдардың ауыз сумен қамтылу жағдайы туралы облыс әкіміне есеп береді. Ол есептердегі келтірілген цифрлардың дәлдігі сондай, еш тиісе алмайсың.  Үкіметтің елді-мекенді сумен жабдықтау бағдарламасын қабылдап жатқаны сол, тіпті, ондағылар біздің есептерімізді оқымайтын секілді.

СҰРАҚ: СУ ТАЗАРТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАР НЕГЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ?

Сонымен, 2011 жыл. Осыдан бір жыл бұрын онжылдық «Ауыз су» бағдарламасы аяқталды. 2001 жылдан бастап атқарылған жұмыс шақырымдары және таза су құбырының ауыз суына қол жеткізген селолықтардың өсіп келе жатқан пайыздары туралы ғана айтылып келді. Жасалған есептерге қарағанда егер 100 пайыз болмаса, онда ауыл халқының жартысы соңғы ғылым жетістіктерімен тазартудан өткен мөлдір де таза суды ішіп және тамақ пісіріп қана қоймай, жуынуға да, кір жууға да қол жеткізіп отыр.

2011 жылды да аяқтағалы келеміз. Индер ауданы Жарсуат, Бөдене, Көктоғай селоларының тұрғындары оларға водовоз көліктерімен жеткізілетін Жайықтың суын ішіп отыр. Ондағы су тазартатын қондырғы жұмыс істемейді. Аудан орталығында құны 550 млн. теңге тұратын бір ғана су тазартқыш қондырғы бар. Өткен жылы облыс әкімі салтанатты түрде оның ашылу рәсімінде лентасын қиған еді. Алайда, жаңа станция жұмыс істемей тұр, оның орнына ескі, осыдан 40 жыл бұрынғы станса жұмыс жасауда. Және мұндай жағдай әрбір ауданда да бар. Одан шығатын қорытынды біреу. «Ауыз су» бағдарламасын толықтай сәтті жүзеге асырылды деп айтуға ауыз бармайды. Бюджеттің миллиардтаған қаржысы желге ұшты.

Бір таңқаларлығы оның орнына тып-тыныш қана (ауылдағы ағайынның Жайық суын ішіп отырғандығына ешкім жауап бере қойған жоқ, ешкім де «жылы орындарынан» кетпеді) тағы бір басқа бағадарлама «Ақ бұлақ» келе қалғаны. Бұл да сондай алпауытты көп миллиардты бюджеті бар жоба және осы жоба бойынша қаланы айтпағанның өзінде, ауылдағы әрбір үй таза су құбырының ауыз суымен қамтылатын болады.

Атаулары басқа болғанмен көздеген мақсаттары бір. Не өзгерді? Жаңа құжатты жасақтаушылар алдыңғы бағдарламаны жүзеге асыру барысында жіберілген қателіктер мен кемшін тұстарын талдап шықтық деп сендіреді. Олардың жүргізген талдауларының қорытындысы: «Бюджеттік, сәулет-қалақұрылысы және санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да заңнамалардың қатаң бұзылғандығы атап өтілді. Жіберілген кемшіліктер қатарында – сумен жабдықтау жүйесінің, су құбырларын қайта жабдықтау  техникалық жобаларының сапасының төмендігі; жергілікті және республикалық бюджет тарапынан жобаларды қаржыландыру арасындағы келіспеушілік; су қорларымен қамтамасыз етілмеген жобалар; нысандарды жобалаудың төменгі сапасы бар.

Сондықтан да «Ақ бұлақ» жобасында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен қайта жасақталуының барынша сапалы болуы басты міндетке алынған».

 

ҚЫРҒЫЗДАР КҮЛІП ТҰРДЫ

Жаңа бағдарламаға қатысты өз пікірін«Арлан» ҮЕҰ төрағасы Макс БОҚАЕВ білдірді:

«ЕБРР Қазақстанда «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1,6 млн еуродан аса қаржы бөлуді көздеп отыр. Республикалық БАҚ хабарламалары бойынша, Еуропалық банк инвестициялық қызметтің басымдық бағыттары  мен сметалық құны белгіленген Тараз, Атырау және Семей қалаларында сумен жабдықтау жобаларын техникалық-экономикалық негізде жасақтауды қаржыландыратындығы айтылды. Алайда, мен Атырауда сумен жабдықтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтаудың не үшін қажеттілігі бар екендігін түсінбедім? Өйткені, барды-жоқты болсын сумен жабдықтаудың жүйесі біз де бар ғой. Екінші. ЕБРР бұл негіздемені өтеусіз қаржыландырмақ. Бәрінен бұрын бұл банктің «Ақ бұлақ» бағдарламасына қатысуы мұнымен бітпейді, одан әрі қарай да ЕБРР пайыздық өсіммен несиелер беретін болады. Және бұл міндетті түрде тарифтерге әсер етеді. Мәселен, 2010 жылдың наурызында Маңғыстау облысының әкімідігі банктен несие алды. 2011 жылдың ақпан айынан бастап-ақ ақтаулықтар суға бұрынғыдан көп төлейтін болды. Оның басты себебі- ЕБРР-дан алынған несиеден құтылу керек еді. 

Біздің облыс әкімідігінің Әлемдік банктен 1999-2000 жылдары Привокзальныйды сумен жабдықтау жүйесін қайта жабдықтау үшін несие алғандығы естеріңізде болар. Ол несиені жабуға барлық халық жұмылды, ал, қытайлық инженерлердің сумен жабдықтау жүйесіне қолдануға болмайтын мырышпен қапталған тұрбаларды қателесіп салуы салдарынан жертөлелердегі жаңа тұрбаларды қайтадан ауыстыруға тура келді.

Үшінші. «Ақ бұлақ» бағдарламасына қатысты барлығы бірдей түсінікті емес. Өйткені, өткен жылы ғана «Ауыз су» бағдарламасы аяқталды. Бұл туралы экономист Мағбат СПАНОВ былай деді: «...Естеріңізде болса, «Ауыз су» бағдарламасы 2001 жылы қабылданды және оның 2010 жылы аяқталатындығы мәлім етілді. Сол кезде 100 % қалалық және 80% селолық тұрғындар сапалы сумен қамтамасыз етіледі делінген еді. Оны жүзеге асыруға 355 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 2010 жылы бұл бағдарлама сәтсіздікке ұрынды. Бірақ, оны жалғастыру үшін тағы да 10 жылға созып, 900 млрд. теңге бөлінеді деп айтылған болатын. Үкімет қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін тағы да қандай нәтижелер керек? Ал, ауыз су бағасы да тауар бағасына әсерін тигізеді. Мемлекет өзінің алып отырғанын ендігі жерде жоғалтқысы келмейді. Егер ол көп жұмсайтын болса, онда дәл Грециядағыдай болады...»

Және соңғысы. Осы жылдың мамыр айында мен жыл сайынғы өтетін ЕБРР форумына қатыстым. Қырғызстаннан келген әріптестер Бішкек қаласының сумен жабдықтау жүйесін жақсарту жобасы бойынша үлкен тұсаукесер рәсімін жасады. ЕБРР мұндай жобаларды Қырғызстанның басқа қалаларында да (Ош, Джелалабад) қаржыландырды. Қырғыздың қоғамдық белсенділерінің бірі Калия  МОЛДОҒАЛИЕВА әңгімелегендей, жергілікті қауымдастық және ҮЕҰ өкілдері жоба құжаттарымен ұзақ уақыт таныса алмаған. Оның әріптестерінің айтуынша, биліктегілер мен несие берушілер оларға тұмсықтарын сұқпай, тыныш жүрулерін талап еткен, тіпті, іс арадағы шиеленіске дейін барған. Тек даму және қайта қалпына келтіру Еуропалық банктің араласуы арқасында ғана заемшы сөзге келген.

Ал шын мәнінде «сумен жабдықтауды жақсарту» дегеннің астарында заемшы суды тазарту үшін жүз жылдық тарихы бар технологияны, дәлірек айтқанда хлорлауды қолданған. Еуропаның өзінде  суды хлорлаудан баяғыда-ақ бас тартқан, яғни, хлор бұл умен тең. ЕБРР басшылығымен кездесуде қырғыздар жобадан жаңғырту туралы алып тастауды  немесе дұрыс жетілдіруді өтінді. Олардың бұл сөзі залдағылардың  күлкісін келтірді».

Сауле ТАСБОЛАТОВА

«АЖ» анықтамасы. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары 26 елді-мекенді сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Республикалық және жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы жобалау-сметалық құжаттарды жасақтауға, су құбырлары жүйесінің құрылысына, сондай-ақ, су тазарту стансасының 9-ның құрылысына және солардың төртеуінің қайта жабдық талуына жұмсалмақшы.

Жекелеп айтқанда, жұмыс мына аудандарда жүргізіледі деп жоспарланып отыр: Құрманғазы (Приморье, Жас Талап, Дина Нұрпейісова, Кадырка, Богатое, Ганюшкино, Жамбыл, ММС, Жаңаауыл), Индер (Бұхар, Индербор, Есбол, Көктоғай, Елтай, Өрлік, Жарсуат, Бөдене), Махамбет (Ақ қайың, Еңбекшіл, Ескі Сарайшық, Махамбет), Исатай (Жамбай поселкесіне жүргізілетін желі, Тұщықұдык, Исатай, Нарын).

Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында төрт, Махамбет ауданында алты, Қызылқоға ауданында екі  және Индер мен Исатай аудандарында бір-бірден су тазарту стансаларын қайта қалпына келтіру бойынша жобалау-сметалық құжаттары жасақталатын болады.

25 тамыз 2011, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.