Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жоғалмайтын әмиян

8 269 просмотра

  Қазақстанда электронды ақшаны заңдастырды. Парламент ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы», «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңдарына, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Салық Кодексіне сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

Заң шығарушылардың пікірінше, электронды ақшаларды енгізу Қазақстанның интернет-коммерциясын дамытуға мүмкіндік береді. Ал қарапайым халық үшін бұл үйден отырып-ақ сатып алуды және түрлі қызметтер төлемдерін жасауды жүзеге асыратын шопингтің жаңа құралы. Әйтсе де, азды-көпті хабары бар қолданушылар үшін электронды ақша жаңалық емес. Мәселен, олар бірнеше жыл қатарынан WebMoney, Яндекс.деньги, Pay Pal, Liberty Reserve, Perfect Money электронды төлем жүйелерін сәтті қолданып келеді.

- Электронды ақшаны шығаруға екінші деңгейлі банктерге құқық  берілген, - дейді «Ұлттық банк» ММ Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ. – Сол секілді банк эмитенттері айналымға шығарып отырған электронды ақшаны таратумен (сату және сатып алу) жекеменшік банкілік емес ұйымдар да (заңды тұлғалар) айналыса алады.  

Банк эмитенттерінің қызметін пайдалана отырып, біз өзіміздің теңгені олардың электронды әмиянына құйып отырып электронды ақшаға айналдыра аламыз. Және керісінше, электронды ақшаны номиналды құны бойынша кәдімгі ақшаға ауыстыруға болады. Электронды әмиянның кілтін кодтар, логиндер немесе электронды санды жазулардың көмегімен ашуға рұқсат етіледі. Электронды ақша жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын (151 200 теңге) сомада шығарылған жағдайда,  екінші деңгейлі банк ақшаны алушының шығу тегін міндетті түрде анықтайтын болады.  Ал бір операцияның максималды сомасын біздің заң шығарушылар бекітеді. Ол 500 АЕК-ке тең (756 000 теңге) сомадан аспауға тиіс. Егер ақшаға иелік етуші электронды ақшамен бірнеше операцияны қатарынан жүр-гізсе, онда мұндай операциялар қаржы мониторингіне жатқызылады. Салық Кодексіндегі өзгертулер банктердің электронды ақшаны, сонымен қатар төлем кәртішкелері, вексельдер, құнды қағаздар және өзге де қаржы құралдарын шығару және солар арқылы операцияны жүзеге асыруға арналған қызмет түрлері қосылған құн салығынан босатады.  

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда электронды ақшаларды тек қана теңгемен номинациялау бір кемшілік болып есептеледі. Заң бойынша бұл орайда ақшаны электронды есепшоттарға басқа валютада аудару қарастырылмаған. Сонымен бірге, қолдану саласы да әзірге шектеулі.  Мәселен, webmoney.ru мәліметтеріне сәйкес, бүгінде электронды ақшаны бұл төлем жүйесі бойынша әлемде 1,54 млн. адам қолданады, оның ішінде қазақтандық қолданушылар – 1,37 пайызды немесе шамамен 21 мың адамды құрайды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

11 тамыз 2011, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.