Атырау, 2 желтоқсан 02:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Депозиттер көлемі артты

2 646 просмотра

Заңды тұлғалардың депозит бойынша мөлшерлемелері өсті, ал жеке тұлғалар үшін төмендеді.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының  статистика және экономикалық талдау бөлімінің жетекші экономист маманы Асхат ЕРМЕКОВТІҢ айтуынша, облыстың банк жүйесіндегі жалпы депозиттер көлемі соңғы жылдары 58 263,6 млн теңгені құрай отырып, 15,6% өсті. Бұл жағдайда жеке тұлғалардың депозиттік үлесі  83,5% (48 642,4 млн теңге), заңды тұлғалардікі- 16,5% (9621,2 млн теңге) көлемінде.

Мына қызықты жайтқа назар аударыңыздар: өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозит бойынша орташа өлшемді мөлшерлемесі 0,8-ден 4,6%, ал, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 1,0-ден  7,8%, яғни, жеке тұлғалардың депозиттері 28,1% артты, ал, заңды тұлғалар – керісінше, 22,7% қысқарған. «Кейбір банктер клиенттерді тарту және нарықта өзіндік үлкен үлесті алу мақсатымен заңды тұлғалар  үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттырды. Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелерді азайтуға келетін болсақ, бұл жерде 7-ден 7,5% дейінгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өсуі рөл атқаруы мүмкін», - дейді А.Ермеков.

Бірінші жартыжылдықтың аяғында облыс экономикасы банктерге 151 581,9 млн теңге борышты болып қалды, бұл өткен жылға қарағанда 21 пайызға артық. Несие нарығындағы банктердің негізгі заемшылары бұрынғыша жеке тұлғалар: олардың қарызы  90 099,7 млн. теңгені құрайды, ал, заңды тұлғалар бұған сәйкес 61 482,2 млн теңге борышты. Несие портфелінің сапасы төмендеуін жалғастыруда: несие бойынша мерзімі өткен берешектер 10 575,3 млн теңгеге дейін өскен, бұл соманың көп бөлігін жеке тұлғалардың  несиелері алып отыр. Олар 7 508,6 млн теңгені құрайды.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДА

АҚШ доллары бағамының теңгеге қатысты төмендеу динамикасы олармен жүргізілген операциялардың жалпы картинасында байқалды. Үстіміздегі жылдың 6 айында орташа сату бағамы 146,42 теңгемен 290 350,1 мың АҚШ доллары  сатылды. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 50 пайызға жоғары. Ал, айырбастау қосындары халықтан 53 995,5 мың АҚШ долларын сатып алды. Долларды сатып алудың орташа өлшемді бағамы 146,78 (өткен жазда), 145,53 (осы жазда) теңгеге дейін, ал, сату бойынша –  147,39 теңгеден 146,16 теңгеге дейін төмендеді. Еуроға қатысты операциялар да барынша белсенді жүрді. Шынында, еуро көбірек сатылды.  2011 жылдың қаңтар-маусымында 2010 жылдың осыған сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда Ресей рублінің сату деңгейі 39 пайызға артты. Сатып алу және сату бағамдарының орташа өлшемді бағамы 5,15/5,28 теңге болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 тамыз 2011, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.