Атырау, 29 желтоқсан 23:21
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ескі банкноталармен қош айтысыңыз

3 057 просмотра

Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы тарапынан жеке және заңды тұлғалардан 1993-2003 жылдар аралығындағы айналымнан шыққан банкноталарды қабылдап, оларды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастау жалғасып келеді.

Атырау ұлттық банкі филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Мүслима САҒЫНДЫҚОВАНЫҢ айтуынша, ескі ақшаларды қазіргі қолданыста жүрген жаңа үлгідегі ұлттық валюта ақша белгілеріне әр жұмыс күндері сағат 12.30-ға дейін келіп айырбастай алады. Айырбастау тәртібі былай жүреді: жеке тұлға қанша көлемдегі ескі үлгідегі банкнота әкеліп тапсырса, сонша көлемдегі жаңа үлгідегі банкнота ала алады. Және, ол үшін ешқандай пайыз ұсталмайды.

Айтып өтетіні, 2003 жылдан 2004 жылға дейін ұлттық валютаны айырбастауды екінші деңгейлі банктер жүргізіп келді. Кейін бұл міндет Ұлттық банкке жүктелген болатын.

Банкноталарды айырбастау мерзімі де шектеулі. Әр жылы шыққан номиналдардың өз уақыты бар. Мәселен, 1993-1994 жылы шыққан ұлттық банкноталар 2012 жылға дейін, 1994-1996 жылғы банкоталар 2013 жылға дейін, ал 1998-2000-2001-2003 жылдары шыққан банкноталар 2018 жылға дейін қабылданады. Бір жылы шыққан әр номиналдарды ауыстыру уақыты да әр түрлі.

Сондай-ақ, Мүслима Сағындықова банкноталарды жаңа үлгіге ауыстыру жалған ақша жасауға жол бермес үшін де маңызды екендігін айтады: «Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ұсынымдары бойынша жалған ақша жасаудың алдын алу шараларының бірі ретінде ақша белгілерінің сыртқы түрін үнемі өзгертіп, олардың қорғаныш деңгейлерін бес-жеті жылда бір рет жаңарту қажет екендігін айта кеткен жөн. Өйткені дизайнды және ақша белгілерін қорғауды ұзақ пайдалану жалған ақша жасаушылардың жалған ақша белгілерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді».

Айнұр САПАРОВА

3 қараша 2011, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.