Атырау, 28 желтоқсан 00:43
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бензин «базары» тарқаған жоқ

2 670 просмотра

Қаладағы жанар-жағармайға қатысты  ахуал  біраз қалыпқа түскендей болды. Әлеуметтік маңызы бар бензин маркілері (Аи-92, 80 және дизель отыны) барлық стансаларда бөлшек саудада сатыла бастады. Ал, Аи-95 бұрынғысынша еш жерде жоқ.

Бензинге қатысты проблемалар туындаған кезде біз Атырау облысы бойынша бәсекелестікті қорғау жөніндегі ҚРАгенттігінің аймақаралық инспекциясына, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары АсқарӘБДІРОВТІҢ (Атырау облысы энергетика басқармасының отын-энергетикалық бөлімінде сауалды әкім орынбасарына жолдау керектігіне кеңес берді) атына да ресми сауал жолдаған болатынбыз.

Нәтижесінде бір аптадан соң, 26 тамызда біз Атырау облысы бойынша бәсекелестікті қорғау жөніндегі ҚР Агенттігінің аймақаралық инспекциясынан тек бір ғана сауалымызға (20-дан аса сауалдың) жауап алдық: «Берілген сауалдармен танысып, инспекция былай деп хабарлайды, берілген сауалдардың көпшілігіне қатысты мәселелер  біздің құзырымызға жатпайды, -деп жазады осы ведомствоның бастығы Нұрлан ТАУБАЕВ. Жергілікті нарықтағы отынның жетіспеушілігі «Гелиос» ЖШС-нің Павлодар МӨЗ-нан аймақтарға мұнай өнімдерін жеткізуге қажетті вагон-цистерналарына байланысты болған. Бүгінгі күні бұл проблема шешілді, аймаққа жанар-жағар майдың жеткізілуі реттелді».

Шынында да, дүйсенбіден бастап-ақ, «Гелиос» стансаларында Аи-92, Аи-80 және дизель отыны еркін саудада пайда болды. Компаниядағылар болса, бұл ахуалдың қалыпқа келетіндігін, ал, Аи-95 маркілі бензинінің жолда келе жатқандығын, бір-екі күнде сатылымға шығарылатындығын айтады.

«ҚМГ-Өнімдері» АҚ жанар жағар май стансаларында облысқа «ҚазМұнайгаз» стансалар желісі арқылы келетін Аи-92 және Аи-80 маркілі бензиндерінің көлемінің саны соңғы кездері көбейгендігіне сендіреді.

Жергілікті нарықта отынның жетіспеушілігі туралы «ҚМГ-өнімдері» АҚ бас директоры Геннадий МОРОЗОВ былай дейді:

 - Атырау облысындағы отын жетіспеушілігінің бір себебі, маусымдық сұраныстың артуына қосымша ҚР 2011 жылғы 20 шілдедегі «Мұнай өнімдерінің жеке бір түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» (одан әрі – мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі жаңа заң) жаңа заңының енгізілуі болып табылады. Біздің компания басқа бір компаниялармен жиынтық үлес бойынша монопольді және көшбасындағы орынды алатын нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне кіреді. Ал, бұл бізге ҚР бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік алдында қосымша міндеттерді жүктейді. Алайда, ҚР 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» заңының 7-бабы, 1-тарауынан 2011 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістерге байланысты реттелетін нарық тізбесінен мұнай өнімдерін сатуды алып тастаған. Осыған сәйкес, ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық» заңында қарастырылған бағаларды реттеу механизмі мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сатуда  қолданылмайтын болады.

Сонымен бірге мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі жаңа заңның  14-бабы, 3-ші тарауына сәйкес, мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылар мемлекет белгілеген шектеулі бағаны көтеруге құқылы емес».

Алайда, жанар-жағар майдың ай сайынғы шектеулі-бөлшек саудадағы («Гелиос» және «ҚМГ- Өнімдері» отандық бензинді сатады емес пе?!) бағасының көтерілуі немен байланысты деген сауалды Морозов мырза  жауапсыз қалдырды.

Ал, бензин сапасына (жекелеп алғанда, Аи-95) келетін болсақ, бас директор былайша  жауап берді: «Біз сапаны бақылау саласындағы басқа бір субъектілер қызметіне түсінік бермейміз, тек біздің компаниямыздың отын сапасына қатысты мәселеге үлкен маңыз беретіндігін атап кеткіміз келеді. Қоғам қызметіне өнім сапасын дайындаушы зауыттан соңғы алушыға дейін тексеруге мүмкіндік беретін толассыз тексеру енгізілді. Қоғам құрамына арнаулы бөлімшелер – сапа бақылау қызметі, оған 3 аккредиттелген стационарлық зертханалар, 6 мобильді зертхана, 4 шағын-зертхана және мұнай базасы жанынан 2 зертхана кіреді. Демек, Қоғам жанар-жағар май стансаларынан отын алушы клиенттер біздің өніміміздің лайықты сапасына сенімді бола алады».

Жанар-жағар майға қатысты туындаған жағдайды тұрақтандыру үшін облыс басшылығы тарапынан нақты қандай шаралар алынуда? Аймақтағы бензиннің жалпы тұтынылуы қандай? Отын бағасының ай сайынғы көтеріліп отыруы немен байланысты? Біз облыс әкімінің орынбасары А.Әбдіровтен осы және басқа да сауалдарымызға жауап күтеміз. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 қыркүйек 2011, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.