Атырау, 18 желтоқсан 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сонда коммуналшылар несіне жылайды?

2 267 просмотра

Біздің аймақта істері оңға басқан мұнайшылар мен коммуналшылар – ондай қорытындыны нақты экономикалық секторға Ұлттық банк жүргізген мониторинг нәтижесінің негізіне сүйеніп жасауға болады.

ҚР Ұлттық банкінің экономикаға түрлі факторлардың әсерін жедел анықтау үшін мониторинг жүргізіп келе жатқанына, міне,  он бір жыл болды. Бұл кәсіпорындарға да өз пайдасын тигізуде, олар өз көрсеткіштерін жалпы салалық өндіріс орындарымен салыстыратын болады. «Біздің мониторингке қатысу жөніндегі ұсынысымызға алғашында Атырау облысының 36 кәсіпорыны ниет білдірсе, бүгінгі күні олардың саны 178-ге жетті»,-дейді ҚР Ұлттық банк АФ статистика және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы Ерболат АҚТАНБАЕВ.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда өндіруші өнеркәсіптер мен электр энергиясы, газ және су шаруашылықтарындағы қызметкерлер саны өсті, яғни, 6,4% және 12,2% жетті. Жалпы кәсіпорын банктерден көбірек ала бастады. Е.Ақтанбаевтың айтуынша, кәсіпорын менеджерлері барынша қолайлы пайыздық бағамдар теңге бойынша 10,5% және доллар бойынша  8,9% деп есептейді. Іс жүзінде олар 14,0% және соған сәйкес  13,2% құрады. Айналым қаржыларын қаржыландырудың негізгі көзі бұрынғысынша кәсіпорынның өз қаржылары болып табылады және оны мониторингке қатысушылардың 82% растап отыр.

Әдетте, жоғары табыстылық өндіруші (65,2%) және өңдеуші өнеркәсіпте (38,8%). Айтарлықтай табыс өсімділігі электр энергиясы, газ және су өндірістері саласында байқалады, яғни, 20,9%.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

9 қараша 2011, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.