Атырау, 12 қазан 14:36
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазыналы құбыр

3 818 просмотра

КҚК кеңейту жобасы іске қосылды

Жұма күні түске дейін Махамбет тасжолындағы қаладан  шығар жердегі «Атырау» мұнай айдау стансасы маңында  Каспий аймағындағы маңызды мұнай күре тамыры болып табылатын Каспий мұнай құбыр консорциумы жүйесіне кіретін Теңіз-Новороссийск Қазақстан-Ресей мұнай құбырын кеңейту жобасының  жұмысы басталды.

ШМАТКО ӨЗІН КҮТТІРІП ҚОЙДЫ

Сағат 11-ге жоспарланған салтанатты рәсім біраз уақытқа кешігіп басталды. Бұл жерге белгілі уақыттан бұрындау келген жергілікті, аймақтық және ресейлік журналистер басқа да шақырылғандармен бірге Атыраудың ыстығынабіраз қақталып үлгерді. Жоғары шенді қонақтардың келуінің соңғы қырық минутының әрбір сәті тосумен өтті. Алдымен барлық жиналғандарды хаттамаға сәйкесті тұрғызды. Әсіресе, арнаулы маман киімі мен каска киген КТК жұмысшыларына оңай болған жоқ. Салтанатты жиынның әбден қызған шағында солардың бірінің жағдайы нашарлап та кетті. Кешігу себебін қонақтар ресейлік делегацияның чартерлік рейсінің аялдауымен түсіндірді. Ресейлік делегацияны РФ энергетика министрі Сергей ШМАТКО (суретте) бастап келді.    

Салтанатты жиынға біздің тараптан Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВ, «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ мұнайды тасымалдау жөніндегі атқарушы директор Нұртас ШМАНОВ, сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Болат ДАУКЕНОВ қатысты. Ресей жағынан – энергетика министрі Сергей Шматко, "Транснефть" АҚ президенті Николай ТОКАРЕВ,КТК бас директоры Николай ПЛАТОНОВболды. Сонымен бірге КТК консорциумының қызметкерлері мен акционерлердің өкілдері, мердігер компаниялардың басшылары қатысты.

Министр Сауат Мыңбаевтың айтуынша, КТК кеңейту жобасы аясында Атырау облысына тартылатын инвестиция 1 млрд. долларды құрайды. 2000 шамасында уақытша және 100-дей тұрақты жұмысшы орындары ашылатын болады.

 

ҒАСЫР ЖОБАСЫ

Кеңейту туралы келіссөздер ұзақ жылдарға созылды. Сондықтан да 2011 жылдың 1 шілдесінде жұмыс ресми түрде басталған кезде бұл оқиғаның аса күрделілігін де атап өтті.

2015 жылы консорциум мұнай айдау көлемін екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр, яғни, қазіргі жылына алынып отырған 28 тоннаны 67 млн. тоннаға дейін арттырмақшы. Антифрикциялық қоспаны қолдану арқылы бұл көрсеткішті жылына 76 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Кеңейту жобасы 88 шақырымға созылған құбырдың өткізгіштік деңгейіне кедергі келтіріп отырған «жіңішке» тұсын ауыстыруға мүмкіндік береді. Салтанатты рәсімде осы құбырдың алғашқы дәнекерлеу рәсімі болды. Құрметті қонақтар жаңа құбырда өздерінің қолтаңбаларын қалдырды.  Сондай-ақ, кеңейту жобасы қолданыстағы бес мұнай айдайтын стансаларды жетілдіру мен қосымша тағы 10 станса салуды (2-еуі Қазақстан территориясында, 8-і Ресей территориясында), Новороссийск маңында қосымша 6 мұнай қоймасын салуды, және КҚК-ның теңіз терминалында теңіздегі кеме тұратын үшінші орын салуды жоспарлап отыр.

Кеңейту консорциум акционерлеріне 5,4 млрд. долларға шығады. Осы мақсаттар үшін займдарды тарту жоспарланып отырған жоқ. Қаржының түсуі «мұнайдың айдалуы мен оған ақының төлену» принципі бойынша қамтамасыз етілетін болады және осыған сәйкесті мұнай өндіруші компанияның акционерлері құбыр қуаттылығын кеңейту міндеттемелерін өздеріне жүктейді. Жүйеге мұнай жеткізілмеген жағдайда өндіруші компания КТК-ға алынбаған түсім көлемінде төлеуге міндетті. Дегенмен, кеңейту жобасын қаржыландырудың негізгі көзі КТК-ның өз қаржылары болмақ.  

ҚАШАҒАН МҰНАЙЫНАН ДӘМЕЛІ

КТК қазақстандық мұнайды (Теңіз және Қарашығанақ кен орындарынан) ресейлік Қаратеңіздегі Новороссийск порты арқылы экспортқа шығарады және еліміздің негізгі мұнай экспортын қамтамасыз етеді. Құбырдың өткізу қабілеттілігін кеңейту барысында Консорциум негізгі бағамды біздің қазақстандық мұнайға артып отыр. «Жүйенің жұмыс істеуінің басты кепілдемесі Қазақстан аумағында орналасқан кен орындарының өндіру көлемінің артуы болып табылады, -деді КТК бас директры  Николай Платонов. – Мәселен, біздің ең ірі жүк жіберушіміз «Теңізшевройл» 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 15% мұнайды артық игеріп, өндіру деңгейін тәулігіне 550 мың баррелге жеткізді. Және компания мұнымен шектеліп қалмақ емес, одан әрі қарай мұнай өндіру жоспарларын жүзеге асырмақ. Мен Қашаған кен орынын игерумен басталған қосымша мұнай көздерінің пайда болуын жоққа шығармас едім».

 «ЕШҚАНДАЙ САЯСАТ ЖОҚ»

Ресми бөлім аяқталғаннан соң журналистерге Платонов мырзаға сұрақтар қоюға (айта кету керек, біздің журналистерге қарағанда ресейліктер байланысқа жиі шықты) мүмкіндік туды. 

-КТК мұнай құбыры арқылы жеткізілген мұнай қай нарыққа жіберіледі?

- Бірінші кезекте еуропалық және азиялық нарыққа жеткізіледі.Мұнай бізге түрлі кен орындарынан келгенімен құбырдан КТК мүнайы болып шығады. Біз мұнайды тасымалдаумен айналысамыз. Бізде мұнай сапалылығының банкі бар. Сіздердің облысыңызда біздер үш кен орынына: Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанға үміт артып отырмыз және осы соңғы аталған үлкен кен орынын  белсенді игеріп,  оның мұнайынан бізге үлес тиер деген үмітіміз бар.

Біз өз мұнай құбырымызды осы құбырлар өтетін маңға жақын жердегі кен орындарынан шығатын ресейлік мұнаймен де қамтимыз. Бұл тұрғыда біз «Лукойл» компаниясымен ерекше байланыстамыз.

Жылына 67 млн тонна деген цифр қайдан алынған?

- Бұл біздің болжамымыз, жобаны жүзеге асырмас бұрын акционерлер біздің құбырларымыздың өткізу қабілеттілігін қаншылықты көтеруге болатындығын есептеп, оны жылына 67 млн тоннаға дейін арттыруға болады деген шешімге келді. Бұл таяу болашақта біз үшін мұнай құбырларын толтыруға жеткілікті болады.

- КТК кеңейту жобасын талқылау баяғыда-ақ басталған еді. Келіссөздердің осыншама уақытқа созылуы немен байланысты? 

– Бұл біздегі акционерлер құрамының біртекті болмауына байланысты. Бірақ барлығының мақсаты бір – қалай болғанда да жобаның пайда әкелуіне қол жеткізу. Бірақ іс барысында  оның соңын әркім өзінше бағамдай бастады, дегенмен желтоқсан айында жоба жүзеге асыуы керек деген ортақ шешім қабылданды. Ол шешім ақыры желтоқсан айында қабылданды. Көпшілік кеңейту жобасы бойынша дауларды саяси арнаға бұруға тырысады. Алайда, әлдебір өзекті сәттер болған жоқ, дау-дамайлар тек техникалық мәселелерге қатысты өрбіді.

БОСФОРҒА АУЫРЛЫҚ ТҮСПЕЙДІ

РФ Энергетика министрі Шматкоға  да сұрақтар қойылды.

Жобадан не күтуге болады?

– Көп нәрсені күтуге болады. Олар жобаның бірінші бөлімінің табысты түрде жүзеге асқандығын негізге алады, ал, бұл осы шешімді қабылдаған акционерлердің нарық жағдаятын білетіндігін білдіреді. Жобаның уақытында жүзеге асырылатындығына еш күдік жоқ, біз қазақстандағы мұнайды өндірудің қарқыны ұзақ мерзімді ресурсты базаны тиісінше қамтамасыз ете алады деп есептейміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен жұмыс қосымша күш алмақшы.

-Каспий мұнайы Қара теңіз акваториясынан шыққаннан кейін қай маршрут бойынша жүреді?

- Мұны нарық көрсетеді, бастысы – біз қазақстандық Каспий мұнайына әлемдік нарыққа шығуға жол аштық. Бәрінен бұрын танкерлер Босфор арқылы шығатын болады. 

Артынша КТК бас директоры Платонов кеңейту жобасынан кейінгі КТК бойынша өтетін мұнайды айдаудың болжамды көлемі түріктің Босфор және Дарданеллы бұғаздарының есептік өткізу қабілеттілігіне жазылатындығын айтты. «Сондықтан да біз жобамызды Бургас-Александруполис жобасымен не болып жатқандығы немесе қара теңіз бассейнінен көмірсутектерді жеткізу жөніндегі әлдебір баламалы идеялармен байланыстыра қоямыз».

 (Болгария және Греция аумағынан өтетін Бургас-Александруполис трансбалкандық мұнай құбырының құрылысы өз кезіндеРесейді бастамасымен құрылып, КТК-ның кеңейту мүмкіндігімен ұштастырылған еді. Алғашқыда Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының мұнайыБургас-Александруполис құбырына жіберіледі деп жоспарланған еді, өйткені,   Босфор және  Дарданеллы көбейген мұнай тасымалын көтермейді делінген болатын).  

МЫҢБАЕВҚА МАҢАЙЛАУ МҮМКІН БОЛМАДЫ

Өкінішке қарай, біздің Мұнай және газ министріне кездесуде сауал беруге мүмкіндігіміз болмады.

Бүгінгі күні КТК бойынша Қазақстан 27 млн. тонна мұнайды жіберуде. Кеңейту аяқталғаннан кейін 50 млн. тоннадан аса жіберу жоспарланып отыр. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 30 млн. тонна мұнай өндірілді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

7 шілде 2011, 20:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.