Атырау, 27 қараша 11:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өз мұнайымыз өзімізді жарылқайды

2 660 просмотра

19-шы қазаннан бастап бір айға Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы  күрделі жөндеуге байланысты тоқтатылды. Ал, бұл Атырау облысының тұтынушыларына әсер етпеуі тиіс қой. Дегенмен, кім біледі? Жазда да  дүрбелең туғызбауды өтінген еді.

Атырау облысының жанар-жағар май стансаларының Шымкент бензиніне тіптен қатысы жоқ. Облыстың ішкі нарығына отынды жеткізуші 4 ірі («Sinooil», «Петролеум Оперейтинг», «Гелиос» және «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ АФ) мекеменің бірде-біреуі Шымкент МӨЗ-мен бірігіп жұмыс жасамайды.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат БАЙТАЗИЕВТІҢ айтуынша, Атырау МӨЗ технологиялық қондырғыларының жөндеуге байланысты тоқтатылуы үстіміздегі жылдың көктемінде жүзеге асырылды. Қыркүйекте катализатордың қасиетін қайта қалпына келтіру үшін каталитикалық риформинг тоқтатылды. Және биылғы жылы бұдан басқа қуатты қондырғыларды тоқтату көзделіп отырған жоқ.

«Гелиостің» барлық жанар-жағар май стансаларын отынмен қамтып отырған  Павлодар МӨЗ-нда да жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланбаған.

Т.Байтазиевтің пікірінше, Шымкент МӨЗ-дағы күрделі жөндеу Атырау облысында жанар-жағар майдың жетіспеушілігін туғызуға тиісті емес.  «Біздің кәсіпорын тәулігіне орташа алғанда 14 мың тонна мұнай өңдеп шығарады, осыған байланысты автобензин 2,2 мың тоннаны құрайды. Шамамен дәл осындай мөлшерде облыстың тұтынуы үшін күн сайын басқа да отын жіберіліп отырады,-дейді Т.Байтазиев. – Бүгінгі күні Атырау облысының тұтынушылары үшін жіберілетін №6 резервуарлы парктегі бензин қоры Аи-80 – 1 439 тонна, Аи-92 – 1 318 тоннаны құрайды».

АМӨЗ-нан бензин алатын «ҚМГ-Өнімдері» АҚ 11 жанар-жағар май стансаларына орташа алғанда тәулігіне 8 мың литрге дейін сатылады (бұл шамамен 7 тонна). Демек, алаңдауға еш негіз жоқ. Аи-92 мәселен, кем дегенде 190 күнге жетуге тиісті. 

Осыдан бір ай бұрын экономикалық сарапшы Пётр СВОИК былай деді: «Біз Шымкент зауытының жоспарлы жөндеу жұмысының мерзімін қажетті отын көлемін жинақтап алу үшін 19-шы қазанға дейін шегерген болатынбыз».

Жинақталған осы «қажетті көлемдердің» арқасында Шымкент МӨЗ нарығының бір бөлігі біздің отынымызға көзін сүзе қоймас деген  үмітіміз бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қазан 2011, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.