Атырау, 25 желтоқсан 00:41
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

Сабина Мастерстің 50 күйі Атырауда

Сабина Мастерстің 50 күйі

57 жастағы Сабина Мастерс Атырау қаласына 4 жыл бұрын жолдасының жұмыс бабымен (NCOC-та жұмыс істейді) көшіп келген. Ұлты неміс. Қазақтың өнері мен мәдениетіне қызыққан әйел домбыра үйреніп, бүгінде 50 күйді жатқа біледі. Сурет 3 қараша 2023, 12:43 1 295 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы партиялық жауапкершілікке тартылды Атырауда

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы партиялық жауапкершілікке тартылды

2027 жылға қарай елімізде кемінде 1,2 млн оқушы орны ашылуы тиіс. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында осындай міндет қойылып отыр.  Мектептерді салу, жөндеу және жабдықтауға қатысты осы және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды. 27 қазан 2023, 13:46 1 159 рет қаралды
Атырауда 30-ға жуық әйел әкімдікке барып, әлеуметтік талаптар қойды Атырауда

Атырауда 30-ға жуық әйел әкімдікке барып, әлеуметтік талаптар қойды

27 қазанда Атырауда 30-ға жуық әйел облыс әкімдігіне барып, әлеуметтік талаптар қойды. Арасында көп балалы әйелдер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелдер бар топ әкімдік ішінде облыс әкімінің шығуын да талап етті. 27 қазан 2023, 14:36 1 166 рет қаралды
Құрманғазыдағы мектеп-интернат: көгерген қолдан күрделі жөндеуге дейін Атырауда

Құрманғазыдағы мектеп-интернат: көгерген қолдан күрделі жөндеуге дейін

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Құрманғазы ауданындағы Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектепке интернатына қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру жұмыстарының нәтижесі белгілі болды.«АЖ» тілшісінің сауалына департамент басшысы Бердібек ТАИШЕВ білім беру ұйымында бірқатар кемшіліктер анықталып, басшысына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 51 750 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. 26 қазан 2023, 15:21 1 005 рет қаралды
Жұмыскер емханасының қызметкерлері жұмыстың көптігі мен жалақының аздығына шағымданды Атырауда

Жұмыскер емханасының қызметкерлері жұмыстың көптігі мен жалақының аздығына шағымданды

Әлеуметтік желілерде Жұмыскер ауылында орналасқан №4 қалалық емхана қызметкерлерінің өздерінің бас дәрігеріне қатысты шағымдарын айтқан видео таралды. Қызметкерлер басшыларының жұмыс көлеміне, мамандардың жетіспеушілігіне, жалақының аздығына және қосымша ақылардың төленбейтініне наразы. 19 қазан 2023, 01:31 938 рет қаралды
Атыраулық 28 жасар әйелден көлемді ісік алынды Атырауда

Атыраулық 28 жасар әйелден көлемді ісік алынды

Онкодиспансер дәрігерлеріне қала тұрғыны, 1995 жылғы әйел адам ішінің ауырсынып және көлемінің өскенін айтып, шағымданып келді. Дәрігерлер оның сол жақ аналық безінің іскенін анықтады. Ота сәтті шыққан, қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 17 қазан 2023, 09:05 657 рет қаралды
Қарабау құмынан құнды жәдігерлер табылды Атырауда

Қарабау құмынан құнды жәдігерлер табылды

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін, талай сырларды ішіне бүккен қасиетті Қызылқоға өңірінде әлі де болса ашылмаған талай құпия мен құнды жәдігерлер жатқаны сөзсіз. Оған облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған археологиялық қазбалар нәтижесі дәлел. Археологтар тамыз айынан бастап Қарабау ауылынан 8 шақырым жердегі «Қарақұдық» деген жерге қазба жұмыстарын жүргізіп, құнды жәдігерлерге тап болды. 10 қазан 2023, 11:53 1 203 рет қаралды
Сауда министрі Атырауда – нашар болса да қажет ӘКК және Кіші жүздің күші туралы Атырауда

Сауда министрі Атырауда – нашар болса да қажет ӘКК және Кіші жүздің күші туралы

Атырауға жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция министрі Арман ШАҚҚАЛИЕВ бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап, одан соң жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу қызу өтті, сөзтартыс болып, бизнес өкілдері тарапынан монополистер, Атырау ӘКК, жергілікті атқарушы органдарға сындар айтылды. Сурет Бейнежазба 3 қазан 2023, 20:49 1 027 рет қаралды
Тимур Бекмамбетов: «Мен осы қаланың кейіпкерімін» Атырауда

Тимур Бекмамбетов: «Мен осы қаланың кейіпкерімін»

Әйгілі кинорежиссер Тимур БЕКМАМБЕТОВ туған жері Атырауға, атап айтқанда, бала кезінде өзін алғаш рет «өнердің ең маңызды» саласына тәнті еткен «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіру үшін келді. 27 қыркүйек 2023, 12:41 1 448 рет қаралды
Астарлы қойылым Мәдениет

Астарлы қойылым

Алматыдан гастрольдік сапармен келген «Шам» театры Атырауда бір жылдығын атап өтті. Былтыр дәл 4 қыркүйек күні алғашқы «№37» атты спектаклін сахналанған. Дәл сол күні биыл Атырауда осы спектакльдің 37-ші қойылымы өтті. 8 қыркүйек 2023, 18:32 2 186 рет қаралды
«Жүргізушілер ажалына асығып жүреді» Атырауда

«Жүргізушілер ажалына асығып жүреді»

Соңғы апталарда Атырау облысында бірінен соң бірі болған көлік апаттары жан түршіктірді. Бір отбасының өмірін қиған қайғылы көлік апаттарына кім кінәлі? Бұған жолдың нашарлығы да себеп пе? «АЖ» тілшісі бұл сауалдарды Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани СЕЙДУАЛИЕВКЕ қойған еді. 27 шілде 2023, 14:31 1 440 рет қаралды
«Бізден ақша алғандар жауап берсін» Атырауда

«Бізден ақша алғандар жауап берсін»

Атырауда «Мегамозг» оқу орталығындағы балалардың алданған ата-аналары алаяқтық дерегі бойынша істің тергеу барысына шағымданды. Тергеу ісі былтыр жыл соңынан бері жүріп жатыр. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық») бойынша іс қозғалды. Айыпталушы бес әйел, сондай-ақ басты күдікті - 29 жастағы Аида Мақсотова болған. Жақында бес әйелге қатысты істің тоқтатылғаны белгілі болды. 25 шілде 2023, 16:46 900 рет қаралды
«Кейінгі» өмір: отставкаға кеткен соң Атыраудың экс-әкімдерінің мансабы қалай өрбіді Атырауда

«Кейінгі» өмір: отставкаға кеткен соң Атыраудың экс-әкімдерінің мансабы қалай өрбіді

10 шілдеде Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қызметінен кетті: экс-әкімнің ендігі қызметі қандай екені әзірге белгісіз. Әйтсе де, тарихи тұрғыда, әкімдер қала басшылығынан кейін тікелей кәсіпорын директоры қызметіне ауысады немесе облыс әкімі аппаратында қызметін жалғастырады. Жалпы, әртүрлі. Қала басшыларының «кейінгі» өмірлері қалай өрбігенін шолып өтейік. 17 шілде 2023, 14:28 4 005 рет қаралды
«Адамдардың өмірін қиюға ешкімнің құқы жоқ»: «авангардтық атқышты» өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалдырылды Атырауда

«Адамдардың өмірін қиюға ешкімнің құқы жоқ»: «авангардтық атқышты» өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалдырылды

11-12 шілдеде Атырау облыстық соты 30 жастағы Бауыржан ҚАРАНЫҢ үкіміне қатысты апелляциялық шағымды қарады. Еске салсақ, бұған дейін ол өткен жылдың 15 наурызында Авангардтың соңғы аялдамасында үш адамды атып, төртіншісін ауыр жаралағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын. Сурет Бейнежазба 13 шілде 2023, 16:54 1 956 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

Атырау облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Раиса АЙТЖАНОВА тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесіне, яғни дағдарыс орталығына барды. Ол сондағы әйелдермен кездесіп, олардың қандай заңды құқықтары бар екенін түсіндіріп айтып берді.  3 шілде 2023, 16:41 1 109 рет қаралды
«Мерейдегі» бомждың тәубесі Қоғам

«Мерейдегі» бомждың тәубесі

Шашы бурыл тартқан, киімі жыртық-тесік, әжімдері терең, үнемі темекісінің түтіні будақтап, дал-дұлы шыққан кітабы қолында жүретін оны «Мерей» базарынан қосалқы бөлшектер алуға келетін Авангард тұрғындары мен жүргізушілері біледі. Ешкімге зияны жоқ, ақсүйектер сияқты сыпайы әрі ұстамды жан. Жергілікті тұрғындар оған керексіз кітаптарын беріп тұрады. Мейлі ол КПСС XXVI съезінің материалдары болсын, мейлі «Граф Монте-Кристо» болсын, ол сыйлық алғанда ұйпалақтанған сақалының астындағы жалғыз тісін көрсетіп, үнемі ризашылықпен күлімсірейді. Ол әсіресе тарихи романдарды жақсы көреді. Қасынан өтіп бара жатып, осы жолы не оқып жатқанын сұрадым. Бұл жолы Марининді екен. 3 шілде 2023, 18:54 2 559 рет қаралды
Атырау мен Нью-Йорк аспаны және т.б.: министрмен кездесуде не талқыланды Атырауда

Атырау мен Нью-Йорк аспаны және т.б.: министрмен кездесуде не талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат ҚАРАБАЕВ Атырау облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде көптеген түрлі өзекті мәселе көтерілді. Мәселен, проблемасы бар құрылыс салушылар, жалға берілетін баспана, мүгедектер мұқтажы, жол құрылысы, т.б. Сөз алушылар легі көп болып, кездесу үш сағатқа созылды. Сурет Бейнежазба 2 шілде 2023, 15:38 1 391 рет қаралды
Атырау өңірі инвестиция тарту жағынан елімізде көш бастап тұр   Атырауда

Атырау өңірі инвестиция тарту жағынан елімізде көш бастап тұр

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,7%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. Елімізге тартылған инвестицияның 22,5%-ы – өңірімізге тиесілі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз брифингінде хабарлады.    Сурет 16 маусым 2023, 22:32 1 267 рет қаралды
Атырауда І республикалық режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы басталды Мәдениет

Атырауда І республикалық режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы басталды

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Атырау облысының құрметті азаматы, көрнекті режиссер Чапай Зұлхаштың құрметіне ұйымдастырылып отыр. Сурет 9 маусым 2023, 14:26 1 492 рет қаралды
Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады Оқиға

Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

7 маусым күні Атырау полициясы басқармасына айырбастау пунктінен шыққан 43 жастағы әйел адамның 45 млн теңгесін тонап кетті деген хабарлама түскен. Тергеу бастаған полицейлер ақшаны өзі иемдену үшін шағымданушының ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Бұл оқиғаға қатысқан оның екі танысы да ұсталды. 8 маусым 2023, 22:15 2 100 рет қаралды
Сенаторлар өңдеу өнеркәсібін талқылады Экономика

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібін талқылады

Сенаторлар Атырау облысының өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады. Депутаттар Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Атырау облысында өткізді. Кездесудің тақырыбы өңдеу өнеркәсібін дамыту болды Сурет 21 мамыр 2023, 22:33 1 620 рет қаралды
Жақында электр энергиясы жеке және заңды тұлғалар үшін қымбаттауы мүмкін Атырауда

Жақында электр энергиясы жеке және заңды тұлғалар үшін қымбаттауы мүмкін

Бүгін, 15 мамырда «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өтініші бойынша «Атырау Жарық» АҚ-да электр энергиясы тарифін көтеру мәселесі талқыланды. Жиынға жергілікті депутаттар мен «Атамекен» РКП өкілдері қатысты. Сурет Бейнежазба 16 мамыр 2023, 00:34 1 474 рет қаралды
Іскер әйелдер тегін білім алады Атырауда

Іскер әйелдер тегін білім алады

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының «Мен кәсіпкер» ұлттық жобасы шеңберіндегі биыл 100-ге жуық іскер әйел өз кәсібін жандандыру үшін тегін білім алады. Бұл туралы Палата директоры Нұрлан СҮЙІНБАЕВ баспасөз брифингінде мәлім етті.   Сурет 14 мамыр 2023, 19:15 1 172 рет қаралды