Атырау, 27 қараша 01:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді

Бейнежазба
703 просмотра
Сурет: polisia.kz 

БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

10 қазан күні Орал қалалық полиция бөліміне 84 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз келіп түсті. Зейнеткер әйел өзіне белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, немересінің жол апатына түскенін және ол ауруханада жатқанын және сол жол-көлік оқиғасына немересінің кінәлі екенін айтып, шығынды өтеу үшін жәбірленушіге жедел түрде ақша беру қажет болғанын жеткізеді.  

Үрейі ұшқан әжесі бар жиған-терген 1,5 миллион теңге көліміндегі  ақшасын сөмкеге салып,  мекенжайына келген такси жүргізушісіне ұстата салады. Біраз уақыттан кейін әйел немересімен хабарласып, бәрі дұрыс екеніне көзі жетіп, телефон алаяқтарының құрбаны болғанын білді. Тексеру барысында алаяқтар тапсырыс беру қосымшасы арқылы жергілікті такси жүргізушісін ақшаны алып кету үшін қолданғаны анықталып, одан әрі белгіленген келісімшарт бойынша ол Атырау қаласына жеткізу қажет болған. 

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласы Абай ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, Атырау облысы ПД қызметкерлерімен бірлесе такси жүргізушісін ұстау бағытында тиісті шаралар қолданылды. Бірнеше уақыттан кейін такси жүргізушісі бойынша ақпарат белгілі болды.   

Жедел тәртіп сақшылары такси жүргізушісіне хабарласып, сәлемдеменің алаяқтарға тиесілі екенін айтады. Сол уақытта жүргізуші жолдың жарты бөлігіне жетіп үлгереді. Десе де, полиция қызметкерлерінің айтқанына келісіп, Орал қаласына қайта келіп, ақша салынған сөмкені жәбірленушіге қайтару үшін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырады.  

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

10 қазан 2023, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.