Атырау, 25 қараша 07:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Көке ауыртты»

Сурет Бейнежазба
1 647 просмотра

Атырау тұрғыны екі баласына ата-аналық құқығы үшін күресуде. Екі баласының бірін өз растауынша күйеуінің бауыры зорлаған.

Атырауда 7 жасар баланы зорлау оқиғасы былтыр жаңалықтарда айтылған болатын. Зорлық-зомбылық құрбандарын қолдайтын «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Дина ТӘҢСӘРІ бұл туралы Facebook парақшасында айтты. Бұл жаңалықпен жергілікті атыраулық БАҚ пен блогерлер де егжей-тегжейсіз бөлісті. Алайда, бірнеше ай қаралған  соң қылмыстық іс жабылды. Полиция департаменті нақтылағандай, «жәбірленушінің уәждері расталмаған». Оның үстіне, анасы енді зорлаушының жазалануы үшін емес, балаларына қамқорлық жасау үшін күресуге мәжбүр.

Бір әйел, оны Ләйлә деп атайық, көмек сұрап «АЖ»-ға жүгінді. Төрт сағатқа созылған әңгімесі біткен кезде ол қатты жылады. Ол айтқан ауыр хикая төмендегідей.

«ТҮСІМ ЕМЕС ЕКЕН»

«Азаматтық некедегі күйеуіммен заңды түрде тіркелместен бірге тұра бастадық. Жүкті едім, оның үйіне бұрынғы некеден туған баламмен келдім. Күйеуім анасымен және бауырымен бірге тұратын. Үлкен ұлым зорланғанда бес жарым жаста еді. Бірде ол көкесінің (күйеуімнің бауырын солай атайтын) сүйетінін айтты. Мен сүп-cүйкімді сәбиді сүйгенде тұрған ештеңе жоқ қой деп, көп мән бермедім. Өзімді де, баламды да қорғай алмаған әлсіз кезімде зорлық жасалды: нәрестем салмақты болып, кесарь тілігі арқылы босанған едім, өзім де гестациялық қант диабеті болдым. Босанып келгеннен кейін әлсіздіктен ұйықтай беретін едім. Балам менің бөлмеме кіріп, "көке ауыртты, қан ағып жатыр" деп сыбырлап айтты. Айтқанын естідім, бірақ дәрігер жазып берген дәрілердің әсерінен кері ұйықтап қалдым, мұның бәрі маған жаман түс секілді көрінді.

Жас отбасы болғандықтан сәбиімізбен бөлек жаттық. Үлкен ұлым залда көкесімен ұйықтайтын, енемнің өз бөлмесі болды. Бірте-бірте өзіме келе бастадым, баламның маған сирек жақындап, тұйықталып кеткенін байқадым. Кішісінен қызғанатын шығар деп ойладым. Бір күні, 2022 жылдың наурызы еді, оның айқайлаған дауысын естідім. Залға жүгіріп бардым: балам аяғына кезекпен салмақ салып, құйрығын қолымен жауып еңіреп тұр екен.

Шамасы, әжетханаға барғысы келіп, бірақ үлгермеген. Әр жерде қанды нәжіс жатты. Баламның тоқ ішегі анусынан шығып кеткен, оны дұрыстап орнына қойғанымда, ол ыңырсып тынышталып, ұйықтап кетті. Есеңгіреп қалдым, мұндайды өмірімде көрген емеспін. Дәліздегі және дәретханадағы қанды сүртіп, қай дәрігерге қаралған дұрыс екен деп ойлап жүргенде, унитаздың артында қаны кепкен ескі шүберекті тауып алдым. Ол да нәжіске былғанған екен.

Сол кезде ғана баламның ауырсынғаны және қан туралы айтқаны қорқынышты түс емес екенін түсіндім; баланың тұйықталғанын да басқаша бағаладым. Әрине, күдігімді бірден айттым. Күйеуім деп айтуға аузым бармайды, жолдасым сол күні мені қатты ұрып-соқты. Менің сөздерімді бүкіл отбасына көрсеткен қорлық деп санады. Содан бері күнде жанжал, күнде ұрып-соғатын болды, үнемі көгала болып жүрдім. Үйдегілердің бәрі ренжулі болды, тіпті жақсы қарым-қатынаста болған қайын енем де маған тіл тигізе бастады.

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРҒА СӨГІС БЕРІЛДІ 

Балама да зорлық жалғаса берді. Ол бұрынғыдай күйеуімнің талабымен көкесімен бір бөлмеде ұйықтауын жалғастыра берді. Осы тақырыпты қозғасақ, соңы жанжалға ұласып, ұрып-соғуға әкелетін. Қатты қорықтым. Бір күні кешкісін тағы да осы жағдай қайталанды, мен баламның айғайлаған дауысынан бөлмеден жүгіріп шығып, көкесімен жатқан залға кіріп бардым. Баламның киімсіз екенін көрдім, бірақ жатар алдында оған пижамасын кигізген едім. Күйеуімнің бауыры да жыныс мүшесін жастықпен жауып, жалаңаш отыр екен.

Мен не болғанын сабырмен анықтауға тырыстым. Балам үрейлене көкесіне бақшия қарады. Ал ол ашуланып: «Шыныңды айт! Шыныңды айт! Шыныңды айт!» деп бастырмалата айқайлады. Ал ұлым есеңгіреп қалғандай болды. Мен одан «көкең не істеді?» деп сұрағанда, жолдасыма жын кіріп кеткендей, баламның көзінше ұра бастады. Мен полиция шақырдым, мені балаларыммен дағдарыс орталығына орналастырды. Егер сол кезде шақыртуға келген учаскелік полиция инспекторы бізді сот-медициналық сараптамаға жіберсе, шындық ашылар еді. Бірақ олай жасамады. Кейін мен оның үстінен арыз жаздым, оған қатаң сөгіс жарияланды».

Айтпақшы, учаскелік полиция қызметкеріне қатысты тәртіптік шара қолданылғаны рас па, жоқ па деп, ПД-нен нақтыладық. ПД баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, мұндай жағдай орын алған: Ләйләнің ісі бойынша учаскелік полиция қызметкеріне «қажетті құжаттарды уақтылы жинамағаны үшін» қатаң сөгіс жарияланған.

«...Учаскелік полиция қызметкері өзінің тікелей міндетін орындамай, менің арыздарымды және баламның шағымдарын елемей, сол арқылы зорлаушыны жазадан аман алып қалды. Баланы дер кезінде тексеріп, биоматериалдарды жинамады, бұл дегеніміз қылмыс болмады дегенді білдіреді. Ал ол бұл үшін жай ғана сөгіспен құтылды», – дейді Лейла.

«...Дағдарыс орталығына келгеннен кейін кіші балам ауыра бастады. Ол жерде, өкінішке орай, кішкентай сәбилер үшін жағдай жоқ. Туыстарым келіп, маған «босанғаннан кейінгі күйзелісте жүрсің, балаң бәрін қиялдан шығарып жүр, балаларыңды әкесінен, үйінен айырған жаман анасың» дей бастады. Менің сүтім шықпай қалды, кішкентайым үнемі жылайтын болды. Күйеуім екінші күні келіп, бөлек тұрамыз деген шартпен мені сол жерден алып кетті. Тек заттарымызды алып кету үшін үйге соғып кету керек деді. Сөйтіп, біз қайтадан сол үйге тап болдық. Сол күні ол мені тағы ұрды. Мен балаларымды алып, анама жалаң аяқ қашып кеттім.

«БАЛАМ МЕНІ ҚОРҒАУ ҮШІН ҮНСІЗ ҚАЛДЫ»

2022 жылдың 13 қазанында полиция департаментінде менің зорлау туралы арызым бойынша алғашқы жауап алынды. Сол кезде полицейлер менің айыптауларымды жолдасымнан жанжал үшін кек алу деп есептеді. Содан бері мен кейде түнге дейін созылатын көп тергеуді бастан өткердім. Менің ұлым одан да көп тергеуге алынды. Тергеу барысында ол барлық мәліметті - қалай, қашан, қаншалықты жиі және қандай позада көкесінің оны зорлағанын айтты. 6 сағатқа созылған тергеудің бірінде ол талып қалды. Балам мен білмейтін нәрселерді де айтқан. Мысалы, зорлық жасалғаны туралы бірінші болып жолдасым мен қайын енем білген екен. Әжесі, ұлым айтқандай, бірде баласы немересін зорлап жатқанда, бөлмедегі баланың айғайына жүгіріп келіп, «ой-бай» деп шошып, сол күйде қалдырып, кетіп қалған. Балам өгей әкесіне де айтқан, бірақ ол ұрысып, жала жаптың деп, ұрып-соққан. Ал балам бұл туралы маған айтқысы келген сәттен бастап, оны көгергенше шымшып немесе ұлыммен сөйлесуге мүмкіндік бермеу үшін менімен жанжалдасатын болған. Балам анасымен сөйлесуге жасаған әрбір әрекетінің жанжалмен аяқталатынын түсініп, ештеңе айтпауды ұйғарған. Мені қорғау үшін ұлым үнсіз қалды.

Осы жанжалдар кезінде мен полицияны әлденеше рет шақырдым, бірақ осы учаскелік полицейлердің ешқайсысы ұрып-соққанын суретке түсіріп алып, өзімді және баламды қорғауға мүмкіндік болатындай, бір жапырақ қағаз бермеді.

Балаларыммен анамның ипотекаға алған пәтеріне көштік. Бәрі менен теріс айналды, маған ешкім сенбеді.  Сәбиім кішкентай болғандықтан жұмыс істемедім. Ай сайынғы 27 мың теңге декреттік жәрдемақы бізге жетпеді. Оларға беретін тамақ болмай қалған кездер де болды. Балам көршілерден сұрап алған қантты қосып, су беретінмін. Қарнымыз қатты ашқан күндері балаларымды тамақтандыру үшін құрбыларыма қонаққа баратынбыз. Күйеуімнен сүт пен памперске ақша сұрадым. Ол жыныстық қатынас жасасақ қана беретін. Осы үшін қатты ұяламын. Ол бізбен бір апта тұрды. Кейін оның маған компромат жинап жүргенін білдім. Үнемі ұрысып қалатынбыз, қатты ашуланған кездерімді видеоға түсіріп алатын болды. Баламмен ұрысқан кездерімді де түсіріп алған шығар: иә, кейде оған да ұрысамын, балам ғой, тәрбиелеуім керек. Жасырмаймын, шапалақтап жіберетінім бар. Бұл жаман шығар. Шынымен де, менің психикам бұзылған, бірақ мені сөкпес бұрын, өзіңізді менің орныма қойып көріңіз! Күндердің күнінде балаларымның сүтіне айырбастап некелік парызымды өтегеннен кейні, ол есікті ашып, ұлымды шақрды. Енді оның қолында менің жалаңаш күйде, ал баламның менің қасымда тұрған видеосы бар. Бұл компромат емей немене. Егер зорлық болғаны туралы айтуымды тоқтатпасам, бұл суреттерді әлеуметтік желіге саламын деп қорқытып жүр. Ең қорқыныштысы - балаларымды алып қоямын дейді. Маған бəрін сол қалпында қалдырып, жаман түс сияқты ұмытып кетейін деген ой бірнеше рет келді, бірақ «көкесі», әлгі педофил менің ұлыммен кездесу іздеп жүр. Қай жерде тұратынымызды, ұлымның қайда оқитынын біледі. Оны екі рет мектептен алып кеткен. Сондай күндердің бірінде ол тағы да зорлаған. Бірақ балам қорқып қалып, көп күннен кейін айтып бергендіктен, сот-медициналық сараптама жасатуға уақыт жоғалтып алдық. Тағы бірде баламды дамыту орталығынан ұрлап әкетіп зорлаған. Ол орталыққа Құдайдың көмегімен омыраудағы баламды тастамастан жұмысқа орналасқан едім. Осы уақыт бойы тозақта жүргендеймін, үнемі қорқынышпен өмір сүріп жүрмін. Іс жүзінде менің сөздеріме ешқандай дәлел жоқ, іс бойынша құжаттар жоқ. Бәріне қарсы үрейленген ұлым екеуміз ғана қалдық.

«БАЛАЛАРЫМДЫ АЛЫП КЕТЕ МЕ ДЕП ҚОРҚАМЫН»

Ендігі жабылған қылмыстық істе менің 7 қазандағы арызым жоқ. Ол арызда ұлым екеумізді үш күн бойы ас-сусыз, ешкіммен байланыссыз бөлек бөлмелерде қамауда ұстағанымды сипаттап жазған едім. Жолдасым да, оның бауыры да мені ұрып-соқты, ал ұлым үш күн бойы көкесінің оны ауыртқанын айтты. Сол кезде учаскелік инспектор мұның бәрін кәдімгі тұрмыстық жанжал деп санап, баланың зорлау туралы айтқанын көрсетпеуді жөн көрген. Ол кезде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қазір дәлел ретінде пайдаланып жатқан істегі видеолар пайда болған шығар. Онда қолыма әйнек сынығын алып, өзімді және баламды қамаудан босатпаса, үйдегілерді өлтіремін деп қорқытқанымды түсіріп алған. Видеода жолдасымның мені мүгедек етіп тастаймын деп қорқытқаны жоқ. Бірақ маған 140-бап («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жерде мені, ұлдарымды ұрып-соққаны тіркелген бірде-бір құжат жоқ. Иә, ол оларды да ұрды. Баламды менсіз және психологсыз әлдебір бөтен тергеуші апаймен сөйлесу үшін бөлмеге алып кетіп, балаға қатысты сақталуы керек барлық процессуалдық нормаларды бұза отырып, ұлымнан алғаш алған жауабының дәлелі жоқ.

...Мен сізге әлі көбін айтқан жоқпын, өйткені бұл әр қадам сайын менің және баламның құқықтары бұзылып жатқан өте ұзақ хикая, әрі кейбір қорқынышты егжей-тегжейге сенбейсіз бе деп қорқамын.

Процесс жүріп жатқанда, Дина Таңсәрі мені басқа өңірдегі балалары осындай жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған алты анамен таныстырды. Біз бір-бірімізге қолдау көрсеттік, оларда да тергеу жүріп жатты, беттестіру процестері де болды. Содан кейін олар үнсіз бірінен соң бірі чаттан шығып кетті, жалғыз мен ғана қалдым. Бұл олардың істері жабылып, қылмыс жазасыз қалды деген сөз. Бұлар «жәбірленушінің уәждері расталмады» деген тұжырыммен жеңілген аналар еді.

Иә, мен шарасыз күйдемін. Өз-өзіме қол жұмсауға әрекеттендім, мені осымен де бопсалап отыр. Балаларымды алып қоя ма деп қорқамын. Бәлкім, мен ақылымнан адасқан шығармын. Кім біледі, бәлен уақыт бойы осындай үрей мен қорқынышта өмір сүрдім ... Бірақ  баламды зорлағанын анық білемін. Бірнеше рет. Егер маған көмектеспесеңіздер бұл тағы да қайталанады. Бәлкім, үндемес үшін мені өлтіретін шығар. Солай болсын. Бірақ мен үнсіз қалмағанымды білетін боламын».

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Лейла ұсынған суреттер және автор түсірген бейнежазба

«АЖ» анықтамасы:

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың 800-ге жуық оқиғасы тіркеледі. Әңгіме тек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген істер туралы болып отыр. Ranking.kz сайтының 2022 жылға арналған мәліметі бойынша, көбінесе сексуалдық қылмыстарды жасайтындар - баланың дәрменсіз әрі қорғансыз жағдайын пайдаланып, ұзақ уақыт бойы зорлық жасайтын ата-анасы, қамқоршылары немесе жақын адамдары. 45% жағдайда зорлаушы туысы, 30% -ында алыс танысы (мысалы, ағасының досы, анасының сүйіктісі және т.б.). Туысқандар арасында зорлық-зомбылықты көбінесе әкелер, өгей әкелер немесе қамқоршылар жасайды, ал сирек ағалары немесе көке-нағашылары. 2020 жылғы мәліметтер бойынша (одан бұрынғы статистиканы таппадық ), зорлаушылардың 39%-ына ғана айыптау үкімі шығарылған.

21 қыркүйек 2023, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.