Атырау, 18 желтоқсан 14:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібін талқылады

Сурет
1 418 просмотра

Сенаторлар Атырау облысының өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады. Депутаттар Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Атырау облысында өткізді. Кездесудің тақырыбы өңдеу өнеркәсібін дамыту болды.

Отырыс жұмысының ашылу барысында Комитет төрағасы Сүйіндік АЛДАШЕВ инновациялар мен жоғары технологияларды тарта отырып, ішкі нарыққа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажеттігін атап өтті. 

- Бүгін отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңдеуші өнеркәсіптің жүйелі мәселелері қаралып, талқыланды. Бизнес өкілдері тарапынан Комитеттің одан әрі заңнамалық жұмысында қарастыруды және ескеруді, оның ішінде қажет болған жағдайда орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамаларға тиісті түзетулер әзірлеуді қажет деп санайтын нақты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды, - деді сенатор С.Алдашев. 

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі бұл ретте 14,6%-ға өсіп, 231,8 млрд теңгені құрады. ⠀ 

Сондай-ақ жиын барысында Инвестициялар комитетінің өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша баяндама жасады.

Депутаттар облыстағы газ-химия кешенін, аралас циклді газ турбиналық электр станциясын, полимер және кабель өнімдерін шығаратын зауыттарды, мал шаруашылығы кешенін және басқа да бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

21 мамыр 2023, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.