Атырау, 27 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

1 206 просмотра

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Атырауда аса ірі көлемде есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген әйелдің ұсталғаны туралы хабарлады.

«ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағынан синтетикалық есірткіні таратты деген күдікпен 1993 ж.т. қала тұрғынын анықтады», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Полицейлер одан ақ түсті ұнтақ заты бар 3 дана пакет және 50 дана зип-пакеттер, электронды таразылар, «Telegram» мессенджеріне «закладка» туралы жазылған хаттары бар ұялы телефонды тәркіледі.

Сараптама қорытындысымен алынған заттардың салмағы 173,9 гр кұрайтыны анықталды. ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі заттарды аса ірі көлемде заңсыз сақтау және өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Әйел 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД жолдаған суреттер

23 маусым 2023, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.