Атырау облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Раиса АЙТЖАНОВА тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесіне, яғни дағдарыс орталығына барды. Ол сондағы әйелдермен кездесіп, олардың қандай заңды құқықтары бар екенін түсіндіріп айтып берді.
Қазір дағдарыс орталығында 8 әйел, 21 бала уақытша паналап отыр.
* * * * *
Атырауда Құрманғазы-Жастар көше қиылысында Toyota Prado және ассенизатор автокөлігі соқтығысып қалды. Зардап шекендер жоқ. Аталған факті бойынша, автокөлік жүргізушілеріне қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
* * * * *
Атырау қалалық полиция басқармасы 30 маусым сағат 13:00 де Нұрсая мөлтек ауданы 11 және 10 көше қиылысы тұсында маркасы Toyota Land Cruiser және Opel автокөліктері соқтығысты деп хабарлады.
Салдарынан екі адам әр түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
* * * * *
28 маусым шамамен сағат 17:40-та Құттығұлов және Еркінов көшелерінің қиылысында Ехсееd маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, электр бағанына соқтығысып қалды. Өзі мас күйде болды.
ӘҚБтК-нің 608 бабы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы") бойынша хаттама толтырылды.
* * * * *
Атырау облысы Махамбет аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша К-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сот 36 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны Сарайшық ауылында мас күйде көлік құралын басқарғанын анықтады.
К-нің 14 жасқа толмаған баласын ескерген сот оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
* * * * *
Қызылқоға аудандық соты Қырғыз Республикасының азаматы М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабымен («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») көтерілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сотта анықталғандай, Атырау-Астрахань тас жолында Toyota Rav4 маркалы автокөлігін басқарып келе жатқан М. алдында тұрған RENAULT DUSTER көлігіне соғып, нәтижесінде материалды шығын келтірді.
Сот отырысында М., өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, абайсызда жол-көлік оқиғасына жол бергенін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады. Келтірілген зиянды өтеуге уәде беріп, соттан оған жеңіл жаза тағайындауды өтінді.
Сот оның кінәсін толық мойындап, шын өкінгенін ескере отырып, оған 48 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
* * * * *
Махамбет аудандық сотында М.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен («Ірі мөлшерде жасалған ұрлық») көтерілген қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы М. Махамбет ауылындағы үйдің алдында жәбірленуші К.-ның бос тұрған автокөлігін көріп, ішіне еніп, жүргізушінің қобдишасынан 230 мың теңгені алып кеткен.
Сот үкімімен сотталушы М. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет Атырау облысы полиция департаментінен