Биыл өңірде егістіктің жалпы көлемі 10338 гектарды құрады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлім етті.
Өткен жылы өндірілген көкөністер көлемі 99 718 тоннаны құрап, тұрғындар 109,2% қамтылды. 43310 тонна бақша өнімдері өндірілді, қамтылуы – 447,1%. Ал картоп өткен жылы жетпеді: өндірілген 28314 тонна тұрғындардың сұранысының жартысынан азын қамтыды, яғни 40,9%.
- Биыл жоспар бойынша көкөніс 2945,2 га, бақша 1 345 га, картоп 1941 га, мал азықтық дақылдар 4106 га өндіріледі деп күтіліп отыр. Атырау өңірінің климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз екені жасырын емес.
Облыстың жер қоры бүгінде 11863,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 58,7%-і ауыл шаруашылыққа қолайсыз. Дегенмен бұл саланы одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Нәтижесінде биыл жылыжайлар көлемі 30 гектарға дейін (2022 ж. – 26 га), су үнемдеу технологиялар алқабы 4,8 мың гектарға дейін (2022 ж. – 4,5 га) ұлғайды,- деді А.Айтқалиев.
Өкінішке орай, ведомстволық қызметтер сәбізге қатысты жағдайды жарияламады, оның өткір тапшылығы 2021 жылы байқалды: олар оны Өзбекстаннан қымбат импортымен жабуға мәжбүр болды. Дегенмен, елдің батысында ресейлік картоп бар екені белгілі, тіпті 2022 жылы Ресей үшін қуаңшылық жылы да болды. Алайда көкөністердің бағасы қандай болмақ?
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет