Атырау, 26 қараша 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ашулы 22 футболшы және алаңдағы төреші әйел

553 просмотра
Фото: vk.com/fc_atyrau 

«Атырау» командасы Қызылордада жергілікті «Қайсармен» кездесіп, футболдан ел чемпионатының 25-турындағы ойынын өткізді.

Матч қобалжулы өтті – екі команда да мықты болғанымен, алаңда өрескелдік көп болды. Төреші Эльвира НҰРМУСТАФИНА ашулы жігіттерге дер кезінде сары карта көрсетіп, сабырға келтірді. Айтпақшы, Эльвира алаңда бірнеше мәрте жақсы біліктілік танытып отыр.

Бір қызығы, ештеңе шешпеген бұл матчта қонақтар басым түсті, олардың мүмкіндігі көп болды. Бірақ «Қайсардың» қақпашысы, молдовалық легионер Степан СИКАЧ ғажайып қимылдар жасады. Әдеттегідей,сен гол соқпасаң, саған гол салады. 54-минутта «Атыраудың» айып алаңындағы дүрбелеңде африкалық Буркина-Фасо елінің легионері Бен Азиз ЗАГРЕ баспен нәтижелі гол соқты. Алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебі ойын соңына дейін сақталды. Кездесу нәтижесінде командалар доп айырмасы бойынша турнирлік кестенің ортасында орын ауыстырды.

29 қазанда Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында 2023 жылғы маусымның соңғы ойыны өтеді. Бұл кезде бізге «Қайрат» келеді. Ол да ешқандай ойын үшін күреспейді. Сөйтіп маусым қызықсыз аяқталмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қазан 2023, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.