Атырау, 27 қараша 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраулық полицейлер құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

1 747 просмотра

7 маусым күні Атырау полициясы басқармасына айырбастау пунктінен шыққан 43 жастағы әйел адамның 45 млн теңгесін тонап кетті деген хабарлама түскен. Тергеу бастаған полицейлер ақшаны өзі иемдену үшін шағымданушының ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Бұл оқиғаға қатысқан оның екі танысы да ұсталды.

Ақша құрбысына айырбастау үшін сеніп тапсырған 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болып шықты. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ҚПБ жолдаған сурет

8 маусым 2023, 22:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.