Атырау, 24 желтоқсан 22:58
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Сочидегі тұсаукесер Қоғам

Сочидегі тұсаукесер

Олимпиадалық киімнің үздік дизайны байқауында жеңіп шыққан форма 2014 жылдың Олимпиадасына ілікті: оның авторы, атыраулық дизайнер Айжан БОҚАЕВА (суретте) республикалық спорт комитетінің шақыруы бойынша өзі шығарып, өзі әзірлеген спорт жиынтығымен Сочиге барды. 13 наурыз 2014, 00:00 3 359 рет қаралды
«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық» Қоғам

«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық»

Соңғы кездері медициналық қызмет көрсету жүйесі тұрақты өзгерістерге ұшырауда. Мұның бәрі бірдей пациенттерге қолайлы бола бермейді. Стационарға тек портал бойынша, ал емханадағы белгілі бір маманға алдын ала жазылу бойынша ғана қабылданады. Бұрын үнемі дәрігерлерге жүгінетін жағдайлар туындай қалса, бүгінде медиктер шыдамдылық танытып, күтуге кеңес береді. Әсіресе, әйелдерге қатысты жаңа тәсілдер көп: оларды гинекологиялық креслодан шарға отырғызды, олардың нашар болса да, зарарсыздандырылған іш көйлектерін тартып алды, емшектегі баланың кіндігіне күтім жасауға және оларға су беруге тыйым салды. Жаппай зарарсыздандыруға үйренген және үнемі медициналық көмек алатын кеңестік принциппен өскен біздің әйелдер психологиялық тұрғыда медицинаның батыстық стандарттарының енгізілуіне дайын болмай шықты. Тіпті бесінші баласын дүниеге әкелген ана үйреншікті әдетімен учаскелік педиатр үйге келіп қалар деп күтуін қоймайды. Онсыз қалай болмақ? Енді учаскелік дәрігер айына тек бір рет қана келумен шектелуі мүмкін... Осы мәселелер туралы біз облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАМЕН (суретте) сұхбаттасқан едік. 26 қыркүйек 2013, 00:00 10 292 рет қаралды
Күмәнді вакцина Қоғам

Күмәнді вакцина

1 қазанда Атырау облысында папилломавирусты инфекцияға қарсы вакциналау бойынша пилотты науқан іске қосылады. Естеріңізге салсақ, әуел бастан-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің 11-12 жастағы қыздарды жаппай вакциналау туралы шешіміне күдікпен қараған едік. Кейбіреулер таңдалған вакциналар жеткілікті тексерілген деп есептейді. Ал облыстағы қазіргі науқанға 114,5 млн теңге бөлінді. 26 қыркүйек 2013, 00:00 3 179 рет қаралды
Туған жерден бір пұшпақ Қоғам

Туған жерден бір пұшпақ

Мен АБДОЛЛАЕВТАР отбасына келгенде, үйде қонақ бар екен – отағасы  Шыңғысқа кіші қарындасы күйеуі мен екі баласын ертіп келіпті. Мен ойлағандай қонаққа емес, тұрақты тұруға келген екен: бұл жерде ата-анасы, ағасы жанұясымен көптен бері қоныстанады. Қарақалпақстанда тек әпкесі ғана қалды. Ол да қонаққа келген. Алайда Қарақалпақстаннан көшіп келу ойында да жоқ. 1 тамыз 2013, 00:00 6 313 рет қаралды
«Тұлпардағы» жүздесу– 2 Қоғам

«Тұлпардағы» жүздесу– 2

Атырауда жетім балалардың тағдырына қол ұшын тигізгісі келетіндер жеткілікті. Сондықтан да Асырап алушы ата-аналар мектебі туралы жарияланым («АЖ», 11.07.13 күнгі «Тұлпардағы» жүздесу» мақаласын қараңыз) көптеген оқырмандарымыздың қызығушылығын тудырды. 25 шілде 2013, 00:00 6 478 рет қаралды
Лейтенант Смысловтың естелігі Қоғам

Лейтенант Смысловтың естелігі

1943 жылдың сәуір айы. Сол көктемде 18 жасар Александр СМЫСЛОВ вокзал перронында әжесімен қоштасып тұрды. Станциялық радиодан жүрек жыртар ән жүріп жатыр: «Қош, сүйікті қалам...». «Жарайды, әже...», - деп жас жігіт көз жасы көл болған қарт ананың құшағынын сытылып шығып, қозғалып бара жатқан пойызға секіріп мінді. Бұл күні вокзалдан үш құрам жолға шықты, жолаушылардың барлығы Гурьев жаяу әскер училищесінің түлектері болатын. Бұл олардың соғысқа аттанып бара жатқан сәті еді. 2 мамыр 2013, 00:00 3 543 рет қаралды
Зейнеткерлер назарына Қоғам

Зейнеткерлер назарына

Облыстық әкімдікте зейнетақы жүйесін жаңғыртуға арналған дөңгелек үстел өтті. Егер Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры (БЖЗҚ) туралы шешім қабылданып, Парламент Мәжілісіне жолданған болса, әзірге басқа мәселелер, атап айтқанда, зейнетақы жасын көбейту мәселелері әлі де талқылануда. 18 сәуір 2013, 00:00 6 819 рет қаралды
Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба) Қоғам

Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба)

«Нұр Отан» ХДП-ның Атырау қалалық филиалының балық қорғау инспекциясы мен су полициясы бөлімшелеріне партиялық бақылау бекеттерін құру туралы ұсынысы балық қорларын қорғаушылар тарапынан қолдау таппады. Неге облыстық балық инспекциясы браконьерлікпен күресте билеуші партиямен бірігіп әрекет еткісі келмейді? 13 наурыз 2013, 14:49 5 927 рет қаралды
Мөр үшін шекара асады Қоғам

Мөр үшін шекара асады

Өткен жылы, облыстық көші-қон полициясы басқармасының ақпараты бойынша, Атырау облысы аумағына 48 мың ТМД елдері азаматтары кірген. Осы жылдан бастап облыс аумағында уақытша келу туралы 9 мыңдай шетелдік азамат тіркелген, олардың 7 мыңнан астамы - Өзбекстан азаматтары. Ал бізде заңсыз жұмыс істеп жүргендер қаншама? Мұны ешкім білмейді. 7 наурыз 2013, 00:00 2 566 рет қаралды
Тағдыры тарих қос ғұмыр Қоғам

Тағдыры тарих қос ғұмыр

Біз 8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында асыл әжелердің үйлерінде қонақта болып қайттық. Мінезі жарқын, өзі қайсар әрі болмысынан өте қарапайым әжелеріміздің тағдыры қилы болды. Бірақ, олар соған қарамастан еңселерін түсірмеді. Ол туралы ойламады да. 7 наурыз 2013, 00:00 3 191 рет қаралды
Гүл сыйлайық әйелге Қоғам

Гүл сыйлайық әйелге

8 наурыз қарсаңында біз әр түрлі жастағы ер-азаматтар арасында сауалнама жүргіздік. Оларға «өз сүйіктіңізге қандай сыйлық дайындап жатырсыз?» деген сұрақты бөлек бүгінгі әйел затының бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді деген сауал тастадық. 7 наурыз 2013, 00:00 6 526 рет қаралды
Тағы да қамауға алу, немесе Жас қазақ неге лаңкес атанады? Қоғам

Тағы да қамауға алу, немесе Жас қазақ неге лаңкес атанады?

Құрманғазы ауданындағы діни экстремистер тобын қамауға алуға байланысты орын алған соңғы оқиғалар Атырау облысының әлі де шиеленіс ошағы екенін көрсетіп отыр. Экстремистік топтар Қазақстанның жастарын өз қатарларына қалай тартады? Неліктен жастар радикалды ағымдарға еріп, терактілер жасайды? Бұлай жасауға оларды не итермелейді? Діни экстремизммен күресте күш қолдану әдістері тиімді ме? Бұл күрделі сұрақтарға жауапты ұзақ ізденуге тура келеді. 26 ақпан 2013, 14:07 7 234 рет қаралды
Тығырыққа тірелгендер Қоғам

Тығырыққа тірелгендер

Қазір ер жеткен, жастайынан ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды пәтер мәселесі біздің редакциямызға жиі хабарласуға мәжбүрлеп отыр. Олар қызметтік міндеттері бойынша бұл мәселелерді шешуі тиіс мекемелердің табалдырығын тоздыра-тоздыра шаршаған. 7 ақпан 2013, 00:00 3 160 рет қаралды
Қамқоршы Кэрол Қоғам

Қамқоршы Кэрол

– Дәнекерлеуші болғым келеді, - дейді №1 облыстық мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Нұрсұлтан. Оның екі үлкен ағасы бар екен, біреуі отбасын құрған, ал екіншісі студент. Енді Нұрсұлтан да білім алып, өз өмірін өзі құрғысы келеді. Бұл бойшаң жігіт қазір баскетбол секциясына қатысып жүр.  Ол өзі туралы ол көп ашылып айтқысы келмейді.  7 ақпан 2013, 00:00 3 043 рет қаралды
Темірғалиевтардың тарқамаған базары Қоғам

Темірғалиевтардың тарқамаған базары

Жәмила боталарды сыртқа қарай бір-бірлеп алып шықты.  - Олар жылдың басында туылды. Әлі кішкентай,- дейді мейірлене ол. - Мен оларға арасында тәттілер беріп қоятын едім, соны іздеп тұрғаны ғой,- дейді боталардың маңдайынан сипап қойып. Жақында Темірғалиевтер тағы да бірнеше түйелерін төлдету науқанына қатысады. Жұмыс көбейетін болды, бірақ олар үшін бұл - үйреншікті нәрсе. 31 қаңтар 2013, 00:00 2 986 рет қаралды
Қайғыны бөліссең, жеңілдейді Қоғам

Қайғыны бөліссең, жеңілдейді

Кәмелет жасқа толмаған жас балаларымен қалған жесір әйелдер ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы Атырау филиалының арқасында асыраушысынан айырылуына байланысты қосымша материалдық көмек ала алады. «Бұл - біздің ұйым қызметінің көптеген бағыттарының бірі ғана. Алайда бізді көп адамдар біле бермейді», - дейді ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы облыстық филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВА (суретте). 31 қаңтар 2013, 00:00 3 392 рет қаралды
Латынға көшу -заман талабы Қоғам

Латынға көшу -заман талабы

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру мәселесіне байланысты «АЖ» электронды пошта арқылы біздің жерлесіміз, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Алмас ҮДЕРБАЕВҚА (суретте) бірнеше сауал қойған еді. 24 қаңтар 2013, 00:00 31 581 рет қаралды
Атырау шетелдіктер көзімен Қоғам

Атырау шетелдіктер көзімен

Жақында бір танысым ғаламторды қопарып отырып, Атырауда жұмыс істейтін және сонда тұратын экспаттардың осы жердің тіршілігі туралы өз әсерлерімен бөліскен сайтына кез болыпты. Посттардың бірінің авторы (шамасы, жас жігіт болуы керек) өзі сияқтыларға жергілікті тұрғындар тарапынан байқалатын «осынау жас елдегі реніштер мен жек көрушілік» (қаз қалпында) себептерін түсінуге тырысыпты. Біз де осыны ұғынуға тырысып көрелік. 5 қаңтар 2013, 23:46 4 977 рет қаралды
Сағындық ИМЕНОВ: «Ұлымның тағдыры туралы білмейінше, тынышталмаймын» Қоғам

Сағындық ИМЕНОВ: «Ұлымның тағдыры туралы білмейінше, тынышталмаймын»

Із-түзсіз жоғалып кеткен шекарашы Мейірхан ИМЕНОВТІҢ әкесі Сағындық ИМЕНОВ (суретте) Талдықорған қаласынан үйіне оралды. Онда өткен сот Владислав ЧЕЛАХТЫҢ өмір бойы жазаға кесілуімен аяқталған болатын. 27 желтоқсан 2012, 00:00 2 631 рет қаралды
Людмиланың бақыты Қоғам

Людмиланың бақыты

Молдағалиев көшесіндегі 26 үйдің бір бөлмелі пәтерін Людмила ата-анасының Шалқымадағы екі бөлмелі пәтеріне ауыстырып алған еді. Алайда, мекен-жайын ауыстырғанмен ештеңе өзгермеді: айналасындағы ішімдікке салынғандар мен нашақорлар оған сиыр жапасына үймелеген шыбындай ұшып барды: бұрынғыша кездейсоқ көңілдестердің, маскүнемдердің, нашақорлардың тізбегі. Доза үшін ақша іздеу, одан кейін есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін жаза арқалап, темір тордан бір шықты, қысқасы өмір емес, азап болды. 7 қараша 2012, 18:06 2 724 рет қаралды
Азаматтық атыңа лайықсың ба? Қоғам

Азаматтық атыңа лайықсың ба?

Атыраудағы тхеквондоның негізін салушы Қабибек МҰХИТАНОВ, айкидодан Нұрлан ШАЙХИЕВ және каратэ мен муай-тай жекпе-жек өнерінің негізін салушылар Айбат РАХМАН «Қара белдіктер клубына» бірікті. Дәстүрлі шығыс жекпе-жектерінің майталмандары адамзаттың күшті жартысының шынайы өкілі қандай болуы тиіс екенін жұртшылыққа түсіндіруге тырысты. 10 қазан 2012, 20:28 5 099 рет қаралды
Бүгінгінің батыры Қоғам

Бүгінгінің батыры

Ол екі жыл бойы «жедел жәрдемде» ерікті боп жұмыс жасады. Алғыс алып, адамдар өміріне араша болды, адам өлімін тіркеп, сәбидің дүниеге келуіне атсалысты. Алайда «Отан алдындағы қызметі үшін» деген жазуы бар мақтау қағазы салынған қалың конверт келгенде, ол мұның не үшін берілгенін ұға алмады. Тек бірер ай өткеннен кейін ғана түсінді. Бұл жолы оған жалпыұлттық арнадан қоңырау шалып, біздің дәуір қаһармандары туралы деректі фильмге түсуге ұсыныс жасап, өз қалауымен тегін жұмыс істейтін жанның күнделікті өмірі туралы әңгімелеп беруді өтінген еді. 12 қыркүйек 2012, 21:54 9 332 рет қаралды
Олар да ана болуға лайық Қоғам

Олар да ана болуға лайық

Сіздердің мүгедек арбасына таңылған жүкті әйелді көргеніңіз бар ма? Бұл құбылыстың сиректігі сондай, оларды саусақпен санауға болады. Ал қай әйел болса да сүйікті болғысы келеді, өз отбасы мен балалары болса екен деп армандайды. 5 қыркүйек 2012, 22:39 4 444 рет қаралды
Балгерлер бақытқа жеткізе ме? Қоғам

Балгерлер бақытқа жеткізе ме?

Қазақстандық экстрасенстердің өздерінің «Они» деп аталатын реалити-шоуы пайда болды. Ресейлік «Битва экстрасенсов» шоуындағыдай біздің сиқыршылар мен дуагерлер де тылсым күштермен байланысып, беймәлім құпияларды шешетін болады. Ал біз жергілікті көріпкелдерге тексеру жүргізуді ұйғардық. Таңдау мемлекеттік лицензиясы бар кәсіпқойларға түсті. 1 тамыз 2012, 18:54 13 885 рет қаралды
Чтз, Саммитхан және басқалар Қоғам

Чтз, Саммитхан және басқалар

Құрбымның ағасының есімі Коминтерн деп, коммунистік интернационал құрметіне қойылған екен. Бәрі оны еркелетіп Кома деп атайды. Өзі де, достары мен туыстары да осы есімге үйреніп кеткен. Алайда бастапқыда бәрі де үрпиісіп түсінбей қалатын. «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» деген қанатты сөз бар ғой. Бірақ интернационал да, коммунистер де Комаға жақсы адам боп қалыптасуына еш кедергі болған жоқ. 18 шілде 2012, 18:38 12 429 рет қаралды