Атырау, 23 қараша 21:07
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Олар да ана болуға лайық

4 184 просмотра

Сіздердің мүгедек арбасына таңылған жүкті әйелді көргеніңіз бар ма? Бұл құбылыстың сиректігі сондай, оларды саусақпен санауға болады. Ал қай әйел болса да сүйікті болғысы келеді, өз отбасы мен балалары болса екен деп армандайды.

 «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы өткізген тренингте осы туралы әңгіме болды. «Шырақ» жаттықтырушылары 12 қалада болып, 24 тамызда Атырауға аяқ басты. Тренингтер мүгедек қыз балалар мен әйелдер үшін және медицина қызметкерлері үшін өткізіледі.

- Мүгедек әйелдер денсаулық, репродукция және сексуалдық құқықтарына қатысты қосымша қиыншылықтармен бетпе-бет келеді, - дейді «Шырақ» ҚБ жетекшісі Ләззат ҚАЛТАЕВА. – Бұл физикалық кедергілер – көліктің қолжетімсіздігі, баспалдақтар, дәрігерлер кабинеттері есіктерінің жіңішкелігі және т.б. Бұдан басқа, мүгедек әйелдерге деген жұртшылықтың жағымсыз көзқарасы да бар. Дәрігерлер осындай әйелдердің жүктілігіне теріс қарап, болашақ сәбидің мүгедек боп дүниеге келуі мүмкін деп қорқытып, жүктілікті үзуге кеңес береді.

Бір қарағанда құлаққа жат естілсе де, мүгедектік ауру емес, - деп растайды «Шырақ» жаттықтырушылары. Мүгедектік адам мүмкіндігін шектесе де, денсаулығы мықты болуын жоққа шығармайды. Дөрекі түрде айтқанда, адам қайғылы жағдай нәтижесінде қолын жоғалтуы мүмкін, бірақ оның ағзасы сау боп қалады. Алайда кейбір медицина қызметкерлері мүгедектік әйел өмірін автоматты түрде құнсыздандырып жібереді деп есептейді. Олар оған құрметпен қарамауы, оны емдеуден бас тартуы немесе басқа ауру белгілерін мүгедектікке таңуы мүмкін. Сондықтан «Шырақ» әлеуметтік және медицина қызметкерлері үшін «Терминология и этика в отношении женщин с инвалидностью» деп аталатын құрал жасап шығарды. Онда мүгедек жандарды қалай атаудан бастап, әдептің жалпы ережелеріне дейін сұрақтар кешені қарастырылған. Бұл жерде әңгіме сыпайы сөйлеудің жағымды бейне қалыптастыруға көмектесетіндігінде ғана емес, көпшілік үшін үйреншікті кейбір сөздердің, түсініктердің негізінен адамның намысына тиетін ұғымдар екендігінде жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ      

5 қыркүйек 2012, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.