1 қазанда Атырау облысында папилломавирусты инфекцияға қарсы вакциналау бойынша пилотты науқан іске қосылады. Естеріңізге салсақ, әуел бастан-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің 11-12 жастағы қыздарды жаппай вакциналау туралы шешіміне күдікпен қараған едік. Кейбіреулер таңдалған вакциналар жеткілікті тексерілген деп есептейді. Ал облыстағы қазіргі науқанға 114,5 млн теңге бөлінді.
ПАПИЛЛОМАҒА ҚАРСЫ АМАЛ ЖОҚ
24 қыркүйекте «Жайық Ақпарат» баспасөз клубында өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА қорқынышты статистиканы келтірді. Жыл сайын ел бойынша қатерлік ісік алдындағы күйге және қатерлі ісікке шалдыққан 1 200-ден 1 300-ге дейінгі әйелдер анықталады, олардың 600-ге дейіні бұл өмірмен қош айтысады. Атырау облысында биылғы жылдың 8 айы ішінде қатерлі ісікке шалдыққан 59 әйел анықталды (өткен жылдың 8 айы ішінде - 50). Егер 2012 жылдың 8 айы ішінде қатерлі ісіктен 10 әйел қайтыс болған болса, биылғы жылдың басынан бері 30 әйел көз жұмды. Олардың ішінде жастар өте көп.
Камелованың айтуынша, папилломавирустық инфекциядан емделетін дәрі-дәрмек жоқ екен, ал бұл сырқаттан өзін кепілдендіретін жалғыз әдіс – ұсынылатын вакциналар. Вакциналаудың осы түрі екпелер күнтізбесіне енген елдерде 9-дан 13 жасқа дейінгі қыз балаларға тиесілі. Өйткені, осы жастағы қыздар әлі жыныстық өмірді бастамаған, ал вирус ер адамнан әйелдерге тек жыныстық жолмен беріледі және керісінше. Осыған байланысты, Камелова атап айтқандай, болашақта ұл балаларды да вакциналау жоспарланған. Қазақстанда 11-12 жастағы қыз балаларды вакциналау ұйғарылды. Өйткені бізде қыздар жыныстық өмірді 13 жастан бастайды, ал инфекция бірінші байланыстан кейін жұғады.
Вакциналауды оқытылған мамандардан тұратын 6 бригада облыстағы мектептің медициналық қосындарында үш кезеңде жүргізеді: дәрі бұлшық ет астына жіберіледі. Содан кейін процедураны 2 және 6 айдан кейін қайталайды. Осыдан кейін қыздарда вирусқа қатысты өмірлік иммунитет пайда болады. Атырау облысында жастары бойынша 4600 қыз вакциналауға жатады. Қарсы көрсетілімдер: сырқаттың асқынған кезеңі (вакциналау емделгеннен кейін жүргізіледі), лейкоз сырқаттары, туберкулездің белсенді түрі.
Ал бірінші науқанның қорытындылары тек 15 жылдан кейін ғана айқындалады. Камелова түсіндіргендей, егілген барлық қыздар бөлек тізілімге енеді. Оларға бақылау жасалады, соның ішінде жүктілік кезеңінде де.
Вакцинаға келер болсақ, ата-аналарға таңдауға 2 түрі ұсынылады: екі валентті «Церварикс» (Бельгия) (99,7% жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігін тудыратын B16 және В18 вирустарына қарсы) және 4 валентті «Гардасил» вакцинасы (Нидерланды) (В16, В18, В6 және В11 вирустарына қарсы).
Басқа өңірлердің (Алматы мен Астана қалалары және Павлодар облысының) қатарында біздің облыстың таңдалуы неге байланысты деген сұраққа денсаулық сақтау басқармасының өкілі: нашар экологиялық жағдай деп жауап берді.
АЛУАН ТҮРЛІ МЫСАЛДАР
Облыстық денсаулық сақтау және облыстық білім беру басқармасының өкілдері қыздарын ектірудің мемлекет ұсынған тегін мүмкіндігін (бір дозаның құны – 18 мың теңге) пайдаланып, екі вакцинаның да қауіпсіз екендігіне сендіреді. Алайда, вакцинаны салдыра ма, жоқ па, ол ата-аналардың өз еріктері, олардың бас тартуға құқықтары бар.
Айта кету керек, бұл оңай таңдау емес. Бұрын қазақстандық парламентарий «Ақ жол» партиясынан осы науқанды «балаларға жасырын эксперимент жасау» деп атаған еді. Атап айтқанда, олар «Гардасил» препаратының жеткілікті зерттелмегенін мәлімдеді. Өйткені бар болғаны 5 жыл ғана сыналды. Бұдан басқа, препарат папиллома вирусының төрт түрінен ғана қорғануды қамтамасыз етеді. Ал қатерлі ісік вирустың ондаған басқа түрлерін тудыруы мүмкін. Ақжолдықтар осы вакцинаның АҚШ-та пайдаланылуына байланысты өлімге соқтырған жағдайлардың статистикасын келтірді.
Көптеген асқынулар мен емдік әсерінің дәлелденбеуі салдарынан «Гардасил» вакцинасын әрі қарай пайдаланудан Жапония да бас тартқан. Ол жақта 2009 жылдан бастап жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы тегін вакциналау науқаны шеңберінде 8 млн 290 мың қыз бала вакциналанып, жанама көрсетілімдер ретінде құрысу, жүру кезінде тыныс алу жүйесі бұзылған 1 968 жағдай ресми түрде тіркелген. Іс жүзінде асқынулар анағұрлым көп болды деп есептеледі. Ал қазақстандық дәрігерлер ресейлік әріптестерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, вакцинациядан кейін Ресейде тек жергілікті, қауіпсіз емес реакциялар байқалғанын растап отыр.
Медиктер басқалар секілді жыныстық жолмен берілетін жоғарыда аталған вирустардың және туберкулез секілді аурулардың әр адамның ағзасында өмір сүретінін және иммунитет төмендеген кезде «бас көтеретінін» мәлімдейді. Ендеше бюджет қаржысын қымбат тұратын күмәнді вакцина сатып алудан гөрі, халық денсаулығын нығайтуға жұмсаған орынды болар еді. Шенеуніктердің логикасы орынды емес дейді. Өйткені бұл жағдайда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын көтеру қажет болады. Ал мұның бүгінде батыс стандарттары бойынша салықтар мен тарифтерді көбейту, декреттік төлемдерді азайту және зейнеткерлік жасты көбейту жөніндегі үкімет науқандарына байланысы аз. Мұнда біздегі табыс деңгейі сол Бельгиямен салыстыруға келмейді, олардың вакцинация көмегімен папиллома вирусымен күресудегі позитивті тәжірибесі баспасөз конференциясында мысал ретінде келтірілді.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА