
Атырау облысында шомылуға арнайы белгіленген 11 орын және жазғы демалысқа арналған бір спорттық аймақ бекітілді. Бұл ретте рұқсат етілген жағажайлардың жетеуі тура облыс орталығында орналасады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айтқали Байтүгелов және Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин мәлімдеді.
Бүкіл республика бойынша шомылу маусымы басталып кеткеніне қарамастан, құтқарушылар жергілікті тұрғындарды таңғалдырды: Атырау облысында шомылуға әлі ресми рұқсат берілген жоқ. Қала жағажайлары әлі де қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай жабдықталмаған.
Жағажайлар қашан ашылады және бұған қанша қаражат жұмсалады?
Мереке Зинуллиннің айтуынша, қала аумағындағы жағажайларды абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 91 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
– Қазір жағажайларды шомылу маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес аумақтарды тегістеу, құм төсеу, жарықтандыру жүйесін орнату, киім ауыстыру кабиналарын, санитарлық нысандар мен құтқару мұнараларын орналастыру көзделген. Барлық жұмысты маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді ол.
Суға тусуге өте қауіпті 116 орын бар
Сонымен қатар өңірде «жабайы» демалыс аймақтарын қатаң есепке алу жұмыстары жүріп жатыр. Аймақта шомылуға қауіпті 116 учаске анықталып, тыйым салу белгілері орнатылып жатыр. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірігіп, күн сайын рейд ұйымдастырып, су айдындарын бақылап отырады.
Осыған байланысты ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және басын қатерге тігіп, рұқсат етілмеген орындарда шомылмауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, мұндай аумақтар адам өміріне қауіп төндіреді.
В Атырау +14.3