Атырау, 29 мамыр 19:33
 дождьВ Атырау +14.3
$ 485.55
€ 563.38
₽ 6.81

Қазақстанда жаздың басында ауа райы қандай болады?

112 рет қаралды

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге — 30, 31 мамыр және 1 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бірқатар өңірлерде ауа райы өте тұрақсыз болады. Елдің солтүстік, оңтүстік және батыс тұрғындарын найзағайлы жаңбыр күтіп тұр, ал кейбір облыстарда дауылдық ескерту жарияланды.

Күшті жаңбыр мен бұршақ жауатын өңірлер

Мамырдың соңы мен жаздың алғашқы күні батыс және Қостанай өңірлеріне қолайсыз ауа райын алып киеді.

«30–31 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болжанады. Республиканың қалған аумағында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», — деп хабарлады «Қазгидрометтен».

Бұдан бөлек, ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, алайда Қазақстанның оңтүстігінде күшті жел екпіні шаңды дауыл тұрғызады.

40 градус ыстық қай өңірде болады?

Мерекелік демалыс күндеріндегі температуралық фон Қазақстанды екі бөлікке бөледі. Елдің батысында аптап ыстық басылады — күндіз термометр бағандары айтарлықтай жайлы +20...+25 градусты көрсетеді.

Дәл осы уақытта қалған өңірлерде нағыз аптап басталады:

  • Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы +23...+38 градусқа дейін көтеріледі;

  • Қазақстанның оңтүстігінде қатты аптап ыстық күтіледі — +30...+40 градусқа дейін.

Бүгін, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.