Атырау, 4 қазан 06:48
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Бірге оқиық!»

6 462 просмотра

Өткен сенбіде «Читаем вместе» Атырау кітапқұмарлар клубы алғашқы туған күнін тойлады. Клуб құру идеясы бізге Астанадан келді, ал қаламызда оны «ААА» ұйымының еріктісі Салтанат ЖҰМАДІЛДӘ (суретте) жүзеге асырды.

«КІТАП – БҰЛ МӘҢГІЛІК»

Клуб, бірінші кезекте, балалық және жеткіншек шақтары жаңа ақпараттық технологиялар заманына тап келсе де, баспадан шыққан қарапайым кітап оқуды қалайтын жастардан құралған екен.

- 21-ғасырда кітапқұмарлар клубы алғашқыда тосын естілгенімен, шын мәнінде уақыт таңдамайтын үдеріс болды. Қандай заман өтсе де, кітап оқу – бұл мәңгілік, - дейді журналист, жазушы, соңғы 20 жылда бизнес үдерістерін автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз ету саласында жұмыс жасайтын Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН сеніммен. Ол, бір жағынан, Салтанаттың әкесі. Қызын жастайынан кітап оқуға баулыған, сонысымен ерекше ықпал еткен адам.

Кітапқұмарлар кездесулері келесі форматта өтеді: шығарма алдын ала оқырмандарға ұсынылады, кітапты көпшілікке таныстырғысы келген және оны оқыған кез келген адам өз пікірлерін білдіреді. Кітапты оқымаған адамдар үшін бұл авторымен және мазмұнымен танысуға мүмкіндік береді. Клуб мүшелерінің талғамдары әр түрлі, өткен жылдары олар түрлі жанрлардағы шығармаларды: классиканы, «ынталандыру» әдебиеті деп аталатын фантастиканы, қазіргі заманғы жазушылар шығармаларын, мәселен, отандасымыз Әсел ҚҰРМАНБАЕВАНЫҢ төл туындыларын оқыған. Әсел стоматолог-дәрігер, оның медицина әлемімен таныстығы «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауында жеңіс әкелген «Больничные койки» әңгімесінде көрініс тапқан. «Больничные койки»  - бұл лейкозбен ауыратын он жеті жасар Скарлеттің бастан кешкен оқиғасы. Қыз мойындамау, ыза, торығу сияқты сезімдерді басынан кешіріп, соңында сабыр етеді. Өмір үшін арпалысқан қыз гитарада ойнауды үйреніп, музыкалық ұжымның мүшесі болады. Алайда ажалдан қашып құтылмақ жоқ. Әсел Құрманбаева медицинада халыққа жеткізуге болатын оқиғалар жетіп артылатынын және ол осыларды қарапайым халыққа түсінікті тілмен жеткізгісі келгенін айтады.

 

АУҒАНДАҒЫ БАТПЫРАУЫҚТАР

Салтанат ЖҰМАДІЛДӘСалтанат ЖҰМАДІЛДӘЖастар поэзиялық кештер де өткізді. Клуб мүшесі Айгүл ҚАЛЫБАЕВА өз достарын өмірінің қиындығына қарамастан (Ұлы Отан соғысы кезінде ол жарақат алып, нәтижесінде соқыр болып қалған) ерекше ақжүректілікке, өткірлікке, сезімге, лирикаға толы өлеңдер жазған Эдуард Асадовтың шығармашылығымен таныстырды. Ол махаббат, айнымас достық, ақжүректілік туралы жазады. Асадовтың үмітке толы өлеңдерін «ААА» ұйымының жастары қарттар үйіне және өз қамқорлықтарындағы жандарға көмектесуге барғанда үнемі оқып береді.

Жастар арасында заманауи ауған жазушы Халед Хоссейннің «Бегущий за ветром» романы үлкен пікірталас тудырды. Бұл достық пен сенімділік, сатқындық пен күнәдан арылу жөнінде шебер жеткізілген оқиға. Клуб қатысушыларының бірі ең үздік досын талай мәрте сатып кеткен романның бас кейіпкері еш жазаға ұшырамай, керісінше жақсы әйел, бауыр сияқты өмірдің сыйлықтарына ие болғанын қатты сынға алды. Келесі бір топ ол өмір бойы басынан кешірген жан азабы күнәларының өтемі болды деп есептейді. Баршамыз да еріксіз танылған стереотиптер әлемінде өмір сүреміз. Ал бұл роман бізге шекараларды кеңейтіп, қарапайым өмір сүріп жатқан, ғашық болатын, жоспарлар құрып, батпырауықтар ұшыратын бейбіт Ауғанстанмен танысуымызға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар клубта Ремарктің «Три товарища», Харпер Лидің «Убить пересмешника», Стефан Цвейгтің «Письмо незнакомки» шығармаларын қызу талқылап жатты. Соңғы шығарма клубтағы нәзік жандылардың наразылығын тудырды. Қыздар өзінің кім екенін есіне де түсіре алмаған адамға деген жауапсыз махаббаты үшін өз өмірін құртқан жас әйелдің құрбандығын түсіне алмады. Бірақ Бақтыбай Жұмаділдин әдеби шығарма мен Стефан Цвейгтің өмірін салыстырып өтті. «Письмо незнакомки» шығармасының пайда болуы француз әдебиетінде әбден орынды болған, бірақ неміс әдебиетінде емес. Сондықтан да ол, шын мәнінде, Цвейгтің өзінің жазушыны байқамаған қоғамға жазған осы хатын елемеді.

– Сол дәуірде өмір сүрген жазушының өмірбаянын білу оның шығармашылығын түсінуге көмектеседі, - дейді клубқа қатысушы Меруерт БҰХАРБАЕВА.

 

АТАУЛЫ КҮН

Ал кітапқұмарлар бүгінде қызықты адамдармен сұхбаттасу алаңы және кездесу орны боп табылатын «Просто Хобби» кітап дүкеніне жиналады. Осы істі бастағанда Әнуар ЖҰМАБАЙ дүние жүзіндегі ең көп кітап оқитын елде өскен ересек жандарға үміт артқан. Алайда жастар да, өз құрдастары да оның клиентіне айналды. Дүкенге олар қандай шығармалар үшін келгенін жақсы біледі. Көбінесе классиканы оқығанды жөн көреді.

– Өкінішке орай, біз оқырмандар сұранысы болмағандықтан классикалық шығармаларды басып шығаруды қысқартуға мәжбүр боп отырған ресейлік баспаларға кіріптармыз. Сондықтан оқырмандарымыздың сұраныстарын қанағаттан-дыра алмай жатамыз. Бірақ тырысып бағамыз. Біздің сайтымызға электронды өтінімдер қалдыруға болады. Сол жерден бүгінгі күні ең әйгілі боп отырған шығармалар тізімін жариялаймыз. Қазір «50 оттенков серого» деген кітап көш бастап келеді, бұл кітап тез өтіп кетеді, - дейді Әнуар Жұманбай.

Клубқа қатысушылар туған күн дәстүрден бас тартуға себеп емес деп ұйғарып, жаңа кітаптардың тұсаукесерін өткізді.

Салтанат Дантенің «Божественная комедиясын», ал Тимур БИСЕКЕНОВ – польшалық фантаст Анджей Сапковскийдің фантастикалық шығармалар циклі туралы әңгімеледі. Кеш қонағы Бақтыбай Жұмаділдин «қазақ жанды орыс ақыны» Павел Васильевтің шығармашылығы туралы дәріс оқыды. Ол Қазақстанда туып-өскен. Ақын өзі туралы: «мен қысық көзді қырғызбын» деген екен (1925 жылға дейін Қазақстан Қырғыз АССР-і деп аталды). Павел Васильев қысқа да жарқын ғұмыр кешті. Еркіндікті сүйетін ақын сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған.

Егер сіз кітап оқығанды ұнататын болсаңыз және сүйікті шығармаларыңызды талқыға салғыңыз келсе, сіз үшін «Читаем вместе» клубының есігі әрдайым ашық.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.