Атырау, 23 қараша 14:16
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ол ауруды жеңуге дайын

2 851 просмотра

38 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Сандуғаш ИСАҚҰЛОВА (суретте) – рухы мықты жандардың бірі. Ол сүт безі қатерлі ісігінің соңғы, 4-сатысымен ауырады. Соған қарамастан, ол ауруымен барынша күресіп келеді.

- Меноблыстық онкология диспансерінде бес рет химиялық терапия алдым, бірақ, жағдайым тіпті қиындап кетті, - дейді Сандуғаш. –Шынымды айтсам, мен халім мүшкілденіп бара жатқасын, еңсем түсіп, ана дүниеге аттануға дайындалып жүрдім. Бірақ Ресейде авторлық методикасы бойынша қатерлі ісікті сәтті емдеп жүрген профессор Борисов деген дәрігердің бар екенін естідім. Интернеттен ол туралы мәлімет іздеп тауып, оның көп жыл Германияда жұмыс істеп, кейін еліне оралып, Биохронотерапия Орталығын ашқанын білдім. Бұл орталықты көбіне-көп «доктор В.А Борисовтың оңалту Орталығы» деп атайды (Орталық туралы мына сайт арқылы танысуға болады: www.doctor-borisov.ru).

Сандуғаш осы жылдың жазынан бері Орталықтан биохронотерапия және фотодинамикалық терапия бойынша төрт рет емдік курс алып үлгерді. Қазір өзінің кішкене болса да жақсара түскенін сезінеді. Жанына батып, шыдатпаған ұстама ауруы кетіп, балдақпен жүріп-тұра алатын жағдайға жеткен. Әзірге қанша курстың қажет болатыны белгісіз. Бірақ қазір ең бастысы – жаман ауруды жеңуге деген пайда болған үміт сәулесі. Қазір ол емнің 5-курсын алуға Мәскеуге қайта ұшып кетті. Сонда 9 күн жатып емделеді. Ал үш аптадан соң қайтадан Борисовтың кезекті емдік курсына баруы тиіс. Осы жолғы емдік курсына оған қаржының қомақты бөлігін – 500 мың теңгені (бару-келу жолақысын қосқанда бір курсы – 700 мың теңге тұрады) Атырау мұнай өндіру зауыты бөлген. Өзі мамандығы бойынша бухгалтер. Үйде отырып та қосымша есеп-қисап жүргізіп, шамалы табыс табады.

2006 жылы дәл сол сүт безі қатерлі ісігінің  4-сатысы деген диагноз бойынша Борисовтың Орталығына түскен сербиялық 56 жасар әйел 10 курстан соң ауруынан жазылып шыққан. Мұндай мысалдар бірнешеу. Бұл Сандуғаштың көңіліне үміт отын жағып отыр. 

Сандуғашқа қаржылай көмектесем дейтін жандар үшін төменде реквизиттерді келтіріп отырмыз: Исакулова Сандугаш Аманкелдиевна

Ұялы тел: +7 702 214 5818

KZ05319C010002809254

«БТА Банкі» АҚ Атырау филиалы, ABKZKZKX

БИН 90070140000241

(Жарияланым медициналық және басқа да құжаттармен расталған).

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.