Атырау, 22 желтоқсан 20:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген Оқиға

Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген

«Әйелін зорлады деген не сандырақ?» - деп ойлап, мүмкін Атырау полицейлері мен прокурорлары қызымның күйеуіне шағымданған арызына мән бермеген шығар. Ал үш айдан кейін күйеуі оны айуандықпен зорлап, содан кейін өлтіріп тастады. Егер құқыққорғау органдары өз жұмыстарын дұрыс жасағанда, қызым тірі жүрер ме еді!» - дейді көз жанары жасқа толған Атырау облысының тұрғыны Надежда АНТОХИНА. 6 қыркүйек 2019, 11:30 7 974 рет қаралды
Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды Оқиға

Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды

5 қыркүйекте күндіз Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде (қала маңындағы Дамба ауылы жағында) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері екі Атырау тұрғыны мінген аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын ұстады. Қайықты тексеру барысында жалпы салмағы 264 кг болатын 92 бекіре тұқымдас балық еті, жалпы салмағы 34 кг 39 бекіре тұқымдас балық басы және жалпы салмағы 22 кг болатын 2 сазан, сондай-ақ, ұзындығы 300 метрге жуық торлар мен «Гармин» спутниктік навигаторы табылып, тәркіленіп алынды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 6 қыркүйек 2019, 11:43 8 626 рет қаралды
Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда азаматтық белсенді Дианара Мұқатоваға қатысты сот басталды

3 қыркүйекте Атырау қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағына (Қоғамдық бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) сәйкес айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ ісі бойынша сот процесі басталды. Бір жарым жыл бұрын оны 174-бап бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысты, бірақ қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылған еді. Алайда Мұқатова қазір тағы да жауапкершілікке тартылуда. Сурет 5 қыркүйек 2019, 15:06 5 118 рет қаралды
Қамаудағы Макс Боқаевпен кездескен Талғат Аян тұтқынның мойымағанын айтады Басқа жаңалықтар

Қамаудағы Макс Боқаевпен кездескен Талғат Аян тұтқынның мойымағанын айтады

Үкіметтің жер реформасына қарсы шеруге қатысқаннан кейін "алауыздық қоздырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу тәртібін бұзды" деген айыптар бойынша сотталып, түрмеде отырғанына үш жылдан асқан атыраулық белсенді Макс Боқаев қамаудағы жағдайына мойымаған, ол жазықсыз сотталдым деп санайды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбедегі қауіпсіздігі орта деңгейдегі КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Боқаевпен кездескен тағы бір атыраулық белсенді Талғат Аян хабарлады. 29 тамыз 2019, 09:57 3 581 рет қаралды
Сот әрбір екінші некені сақтап қалуға көмектесті Басқа жаңалықтар

Сот әрбір екінші некені сақтап қалуға көмектесті

Жыл басынан бері Атырау қалалық сотына ажырасу бойынша 749 арыз келіп түсіп, оның нәтижесінде 382 жұп ажырасқан. Ажырасқандардың ең жасы - 21 жаста болса, ең үлкені -63 жаста. Бұдан басқа, Сириядан қайтып келген әйелдер де соғыс алаңында қалып қойған күйеулерінен ажырасуға өтініш бере бастаған. Отбасының бұзылуы және ажырасу процесінің заңды мәселелері туралы Атырау қалалық соты төрағасының м.а. Нағима ИСКАКОВАМЕН талқылайтын боламыз.  10 тамыз 2019, 09:25 4 843 рет қаралды
«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді» Басқа жаңалықтар

«Картоп пен жұмыртқа ғана сырттан келеді»

Өткен жылы жергілікті бюджетте субсидияларды төлеуге 1,2 миллиард теңге бөлінгені, алайда, оның 800 миллион теңгесі жыл соңында республикалық бюджетке игерілмеген қаржы ретінде қайтарылғаны естеріңізде болар. Осы мәселе Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ қатысумен өткен брифингте  тағы да айтылды.  9 тамыз 2019, 14:51 3 436 рет қаралды
"Өзен суы таза, бөшке тұрған жер ластанған" Басқа жаңалықтар

"Өзен суы таза, бөшке тұрған жер ластанған"

Облыстық экология департаменті осы жылдың 24 шілдесінде жарық көрген «Жайық жағасындағы бөшкелер адамдарды алаңдатты» деп аталатын жарияланымымызға жауап жолдады. Біз ашық аспан астында, дәл өзен жағасында, аумағында мұнай қалдықтары мен бұрғылау шламдарын тазартуға арналған болуы керек, түрлі заттар салынған бөшкелер мен қапшықтар сақталған, атауы жазылған маңдайшасы мен күзеті жоқ өндірістік база туралы жазған едік. Береке (бұрынғы Память Ильича) ауылында орналасқан бұл базаның «Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не (Ақтөбеде тіркелген, 30-ға дейін қызметкері бар шағын кәсіпорын, басшысы Р.Ф. Шакиров) тиесілі екені анықталды. 8 тамыз 2019, 09:35 5 317 рет қаралды
Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім? Қоғам

Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім?

Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды қылмыс деп танымау Ресей заңнамасындағы осыған сәйкес өзгерістерден кейін орын алды. Енді ол үшін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Заңға жүгіне отырып, осындан кейін кодекстерде қандай өзгерістер болғанын салыстырайық. 8 тамыз 2019, 15:55 5 077 рет қаралды
Балықтың қырылуы туралы іс: Тағы да химия сабағы өтті Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: Тағы да химия сабағы өтті

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Отырыста Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАДАН тағы да жауап алынды. «Химия сабағы» жалғасын тапты. Сурет Бейнежазба 7 тамыз 2019, 11:41 3 790 рет қаралды
Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған Оқиға

Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған

Атырау облысы прокурорларымен жүргізілген тексеру нәтижесінде Мақат ауданының мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, екі мұғалімнің «жалған» дипломмен мектепте жұмыс жасағаны белгілі болды.  6 тамыз 2019, 15:36 3 778 рет қаралды
​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​ Басқа жаңалықтар

​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​

№2 қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы бойынша сот ісі жалғасуда. Соңғы отырыста куәгерлер ретінде «АтырауСуАрнасы» (АСА) КМК ауысымының шебері Геннадий АСТАХОВ пен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАНЫ тыңдады. Сурет Бейнежазба 1 тамыз 2019, 11:53 3 551 рет қаралды
«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды Оқиға

«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды

25 шілдеде Атырау қалалық №2 сотында «BNB Construction» ЖШС директоры Бауыржан ТЕМІРАЛИНГЕ қатысты сот отырысы аяқталды. Тергеу жорамалы бойынша, Теміралин Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ сыбайласы бола отырып, 2008 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың тамызы аралығында облыстық және республикалық бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге қаржы ұрлаған. Соңғы сот отырысы туралы толығырақ «АЖ» мақаласынан оқыңыздар. 30 шілде 2019, 18:52 4 189 рет қаралды
Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін Басқа жаңалықтар

Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін

Осы жылдың ақпанында «Нотариат туралы» ҚР Заңына едәуір өзгерістер енгізілді. Соның арқасында азаматтық істердің бір бөлігі судьялардың құзырынан нотариустарға - атап айтқанда, қарызды қайтару бойынша іс қарау блогы ауысты. Енді қарызды кез-келген нотариустың қарарымен туыстарынан, жұмыс берушіден немесе коммуналдық қызметтердің тұтынушысынан өндіріп алуға болады. 29 шілде 2019, 09:56 4 504 рет қаралды
Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды Басқа жаңалықтар

Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды

19 шілдеде №2 Атырау қалалық соты Атыраудағы «жер митингілері» бойынша сотталған азаматтық белсенді Талғат АЯНДЫ толық жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатты. 29 шілде 2019, 10:19 3 411 рет қаралды
Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп Басқа жаңалықтар

Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп

«Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР-да болу ережелерін бұзған 500-ден астам шетелдік азаматты анықтады. Олардың 14-і сот шешімімен елден шығарылды. 29 шілде 2019, 16:29 2 456 рет қаралды
Оң жағалауға арналған құбыр және философия Атырауда

Оң жағалауға арналған құбыр және философия

Атыраудың оң жақ жағалауын жылумен қамтамасыз етуге қауіп төніп  тұр. Бұған дәлелді себебі де бар. Әңгіме ҚР Конституциясында бекітілген жеке меншік құқығы туралы болып отыр.  Жеке және қоғамдық мүдделерді қалай арашалауға болады – осындай философиялық деуге келетін мәселе бойынша күрмеуі бұдан да қиын мәселелерді шешуді үйренген Атыраудың жылу беру мамандары бас қатырып отыр. 26 шілде 2019, 12:04 3 423 рет қаралды
Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды Оқиға

Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды

Атырау қалалық №2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы (есірткілік заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған ерлер түзету колониясы (УГ-157/9 мекемесі) жасағының бастығына қатысты үкім шығарды. 25 шілде 2019, 10:43 3 382 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті? Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті?

№2 қалалық сотында Жайықта балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша кезекті отырыс өтті. Куәгерлерден жауап алу жалғастырылды - бұл жолы «Атырау Су Арнасы» КМК және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерінен (атауын төртінші немесе бесінші рет өзгергеннен кейінгі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қазір осылай аталады) жауап алынды.  Сурет 23 шілде 2019, 10:52 3 952 рет қаралды
Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой Басқа жаңалықтар

Жарты ғасырлық үйлердегі қоныстой

Махамбет ауданы бойынша 853 адам баспана кезегінде тұрса, оның 353-і халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, 150-і көп балалы отбасылар, 37-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 294-і бюджеттік қызметкерлер, ал 19-ы үйлері апатты деп танылғандар. Жергілікті билік осы мәселені шешу үшін жаңа үйлер салумен бірге бюджет қаржысына бұрын пайдаланылған, ескі үйлерді сатып алып, тұрғындарға кейін сатып алу құқығымен жалға беруді қолға алған. Сурет 16 шілде 2019, 09:48 4 664 рет қаралды
«Жаңа» паспорт та көмектеспеді Басқа жаңалықтар

«Жаңа» паспорт та көмектеспеді

2018 жылы Атырау облысында 56 мың 864 шетелдік тіркелген, оның 7 мыңнан астамы алыс шетелдерден, қалғандары ТМД елдерінен келген. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат ДОСҚАЛИЕВ хабарлады. 16 шілде 2019, 10:39 2 711 рет қаралды
Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды Басқа жаңалықтар

Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды

Маусым айының соңында әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тас жол салып жатқан «Howo» ауыр жүк көлігі мен жүк тиегіш көрсетілген бейнежазба тарады. «Жүк көлігінде де, тиегіш машинада да қытайлықтар, ал жергілікті халық жұмыссыз отыр» деген кадр сыртында дауыс естіледі. Қазіргі интернеттің күштілігі сол бұл ролик сот шешімін қабылдауға себеп болды. Бұған дәл сол уақытта Теңіздегі қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы қақтығыстың да әсері болғанын жоққа шығаруға болмайтын шығар. Бейнежазба 15 шілде 2019, 17:42 5 147 рет қаралды
Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан Басқа жаңалықтар

Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан

Жұмысының рұқсат құжатын жоғалтып алған Жанар АБЛАЕВА мұның әлеуметтік желілерде сұмдық жағдайға ұласатынын білмеген еді.  Енді ол прокуратураның, полицияның және соттың көмегімен өзі туралы жалған өсек-аяң таратып жіберген интернет пайдаланушыларды жауапқа тартуға әзір. Сурет 12 шілде 2019, 12:06 8 967 рет қаралды
«Арайдан» шырай кетті Басқа жаңалықтар

«Арайдан» шырай кетті

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 40 жыл бұрын салынған 120 орындық «Арай» жазғы лагері өткен жылдан бері жабық тұр. Бұрын «Ембімұнайгаз» АҚ-тың балансында болған аудан балаларына арналған демалыс орны 2003 жылы қасындағы алма бағымен бірге ауылдағы Қ. Қалыбеков атындағы мектепке беріледі. Алайда мектеп барынша күш салғанымен, лагерьді күтіп ұстау оңайға соқпады. Сурет Бейнежазба 10 шілде 2019, 11:00 5 204 рет қаралды
Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады Басқа жаңалықтар

Қырылған балықтарға қатысты сот ісі: айыпталушылар кінәларын еш мойындамады

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша негізгі сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында – «АСА» КМК бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту станциясының бастығы Михаил ЧУРСИН. Олар әйнек қоршаудың ішінде емес, адвокаттардың жанында отырды (оларға тергеу және сот отырысы кезінде басқа жаққа шықпау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған). Сурет Бейнежазба 8 шілде 2019, 14:55 4 109 рет қаралды
Әкімнің орнына тілші келді Басқа жаңалықтар

Әкімнің орнына тілші келді

Ауыл сыртындағы 20 жылға жуық уақыт көмілмей ор,  қоршаусыз қоқыс полигоны және ауыл ішіндегі қоқыс алаңдары...  Мақат ауданы Доссор кентінің жиырмаға тарта тұрғыны 27 маусымда бірнеше жыл шешімін таба алмай жүрген осы мәселелерді талқылауға аудан әкімін қоқыс полигонынан күтті, алайда әкім кездесуге әкімдік залына шақырды. «АЖ» тілшісі келмеген әкімнің орнына тұрғындардың шағымын тыңдады. Сурет Бейнежазба 3 шілде 2019, 10:09 3 933 рет қаралды
«Үздік маман-2019»: ембіліктер арасында шеберлік байқауының 2-кезеңі қорытындыланды Басқа жаңалықтар

«Үздік маман-2019»: ембіліктер арасында шеберлік байқауының 2-кезеңі қорытындыланды

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты С.Балғымбаев кен алаңының оқу-жаттығу полигоны аумағында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның  «Үздік маман-2019» сайысының 2-тур іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.  Екі күн бойы Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 70-тен астам ембілік мұнайшы мұнай-газ саласы бойынша мамандықтың 13 түрінен өзара сынға түсті. PR 21 маусым 2019, 10:00 4 729 рет қаралды
Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ Экономика

Субсидия: талап көп, нақтылық жоқ

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. «АЖ» тілшісі үш нәрсені анықтады: біріншіден, өңіріміздегі екі ірі құс фабрикасының (кеңес осы кәсіпорындар басшыларының өтінішімен жиналған еді) қаржылық жағдайы қиын; екіншіден, ауылшаруашылық субсидияларын алу бала күтіміне байланысты демалысқа шығу сияқты қағазы бітпейтін нәрсе екен. Үшіншіден... мұның бәрі өлмес Кощейдің ертегісін еске түсіреді. Мұнда да жұмыртқа туралы мәселе қозғалады. 18 маусым 2019, 16:17 3 996 рет қаралды
Апатты ғимаратқа жалғама неге салған? Басқа жаңалықтар

Апатты ғимаратқа жалғама неге салған?

Екі жыл бұрын Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы №1 мектеп ғимараты апатты жағдайына байланысты жабылған еді. Осы жерден жаңа ғимарат салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Алайда балаларымыз кең жаңа мектепте оқиды-ау деген ата-аналардың үміті ақталмаған секілді. Сурет 14 маусым 2019, 15:17 4 604 рет қаралды
Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған Оқиға

Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған

11 маусымда Ақтауда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе отырып, алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан ҚАРАТАУДЫ ұстады. Ол «қызмет бабын пайдаланып, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.   14 маусым 2019, 16:23 4 696 рет қаралды
Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме? Басқа жаңалықтар

Серуендеп жүрген жас отбасы мемлекетке қауіп төндіре ме?

12 маусымда кешкі жетілер шамасында Атыраудағы Авангард ықшамауданында серуендеп жүрген ерлі-зайыпты Венера мен Асылан СҮЙІНОВТЕРДІ полиция ұстап, күштеп көлікпен алып кеткен. Кейін белгілі болғандай бұлар өткен түнде облыстық әкімдік алдындағы алаңда полиция мен әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген жастар екен. Сол кезде Асылан мен Венера тәртіп сақшыларына негізсіз тексеру деп құжаттарын көрсетпеген болатын. 14 маусым 2019, 23:51 5 220 рет қаралды