Атырау, 23 желтоқсан 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды Басқа жаңалықтар

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды

Атырау облысының перинаталдық орталығында 26 жастағы жүкті әйел көз жұмғаннан кейін қозғалған қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада хабарлады. Естеріңізге салсақ, 26 мамырда облыстық перинаталдық орталықта кесар тілігінен кейін Исатай ауданынан келген әйел қайтыс болған еді. Кейінірек ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 7 тамыз 2019, 14:02 3 475 рет қаралды
«Мұнай көлі -2»: қылмыстық іс қозғалды Басқа жаңалықтар

«Мұнай көлі -2»: қылмыстық іс қозғалды

Құлсары қаласы тұрғындарының талабымен біз қаладан  үш шақырым жердегі иесіз қалған мұнай қалдықтарының полигонына қатысты тақырыпқа қайта ораламыз. Бізге жауап берген Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қахарман БАҒЫНОВТЫҢ айтуынша, осы полигонның табиғатқа келтірген залалы және экологиялық қауіпсіздікті бұзу фактілері  бойынша қылмыстық іс қозғалған.  Сурет 6 тамыз 2019, 15:30 5 228 рет қаралды
Жайықтың жайы жанға батып тұр Басқа жаңалықтар

Жайықтың жайы жанға батып тұр

Ақ Жайығымыз үшін алаңдаушылық туып отыр – балығымыз қырылып, жойылып жатыр, арна лайланып, тайызданып барады. Әлеуметтік желілерде бір адамның Махамбеттегі көпір жанында өзеннің тайызданған қақ ортасын кешіп жүргені түсірілген бейнежазба пайда болды... Сурет 6 тамыз 2019, 17:31 8 109 рет қаралды
Тексеру үшін азғана ет жетеді Басқа жаңалықтар

Тексеру үшін азғана ет жетеді

«Дина» базарында ет сатушымын. Ғимараттағы зертхана мамандары күнде таңертең сатуға әкелген етімізден жарты келіге жуық ет кесіп алып кетеді. Базарда 50-ден астам ет сатушы бар. Тексеру үшін азғантай түйір ет жетпей ме?  5 тамыз 2019, 19:18 5 224 рет қаралды
Бекеттердің бағы жанбады Басқа жаңалықтар

Бекеттердің бағы жанбады

ҚР Ішкі істер министрі  Ерлан Тұрғымбаев 1 шілдеден бастап ішкі, әсіресе қалаға кіретін жолдағы бекеттерді қысқарату жөнінде тапсырма берген болатын. Оның орнына бейнебақылаулар орнатылып, ол нысандарды жылыну және дағдарыс жағдайлары үшін пайдаланатын қонақүйлерге айналдыру көзделген еді. Біз сондай бюджет қаржысына салынған - Доссордағы және Индер ауданы Елтай селосында екі бекетті тексеріп көрдік. Қазір олар иесіз қалған. Сурет 5 тамыз 2019, 20:05 3 765 рет қаралды
«PromGazBP» ЖШС: «Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында» Басқа жаңалықтар

«PromGazBP» ЖШС: «Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында»

1 тамызда, Мақат ауданы Доссор кентінде тағы да бір газ құю бекеті ашылды. Бұл жолы аудандағы және Доссор кенті арқылы өтетін транзиттік көліктерді газбен қамтуды – «PromGazBP» ЖШС қолға алды. Атап өту керек, жаңадан ашылған газ құю бекетінде газ бағасы өзгелерге қарағанда едәуір төмен. PR Сурет 4 тамыз 2019, 10:26 3 806 рет қаралды
Ауруханаларды біріктірудің пайдасы Басқа жаңалықтар

Ауруханаларды біріктірудің пайдасы

11 шілдеде "АЖ" сайтында облыстағы екі негізгі медициналық - перинаталды және кардиология орталықтарының басшылары ауруханаларды біріктіру бағдарламасы туралы өз пікірлерін білдірген мақала жарық көрген еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына да осыған қатысты пікір білдіретін уақыт келді. Басқарма басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН Талқайраңдағы көпбейінді аурухана құрылысы мен басқа да проблемалар туралы өрбіген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. Сурет 3 тамыз 2019, 00:00 4 404 рет қаралды
Мал дәрігерлері түйелердің өлу себебін анықтай алмай отыр Басқа жаңалықтар

Мал дәрігерлері түйелердің өлу себебін анықтай алмай отыр

Жылыой ауданында белгісіз жағдайда түйелер өліп жатыр. Шілде айының ішінде Ақкиізтоғай ауылынан 11 бас түйе өлсе, ал Құлсары қаласының "Жадырасын" ықшам ауданында 6 бас мал өлген. Жалпы саны 17-ге жеткен түйенің неден өліп жатқаны әлі толық анықталған жоқ.  2 тамыз 2019, 10:35 5 120 рет қаралды
​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​ Басқа жаңалықтар

​Қырылған балық туралы сот ісі: Хлорлауды кім тексерді?​

№2 қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы бойынша сот ісі жалғасуда. Соңғы отырыста куәгерлер ретінде «АтырауСуАрнасы» (АСА) КМК ауысымының шебері Геннадий АСТАХОВ пен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі Гүлжамал ЕЛЕМЕСОВАНЫ тыңдады. Сурет Бейнежазба 1 тамыз 2019, 11:53 3 552 рет қаралды
Бала екені көрініп тұр ғой Басқа жаңалықтар

Бала екені көрініп тұр ғой

- Атырау жолдарында жаңа автобустар пайда болған кезде жолаушылар тасымалы жанға жайлы болып, дөрекі кондукторлар уақыт өте келе жөнге салынатындай көрінген. Бірақ әр кез балаларды тасымалдаудың жаңа ережелері пайда болады. Мәселен, жақында ұлым екеуміз қосымша сабақтан автобуспен келдік. Мен өзім үшін жол жүру ақысын толықтай, ал ұлым үшін - 50% жеңілдікпен төледім: ереже бойынша, жазғы уақытта 16 жасқа дейінгі балалар ақы төлемейді. 31 шілде 2019, 00:00 2 994 рет қаралды
Ескі Атыраудың орнына Тұңғыш президент саябағы салынады Басқа жаңалықтар

Ескі Атыраудың орнына Тұңғыш президент саябағы салынады

Атырау қаласында сүріліп жатқан ескі қаланың орнына  Тұңғыш президент саябағы, ту тұғыры, достық үйі, ХҚКО, музей және мектеп салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДИНОВ мәлімдеді. 30 шілде 2019, 09:52 4 582 рет қаралды
Бесіктідегі белгісіз бала Басқа жаңалықтар

Бесіктідегі белгісіз бала

Жыл басынан бері Атырау полициясының іздестіру бөлімі хабар-ошарсыз жоғалған 27 адамды іздеп тапты. Осы фактілердің әрқайсысының өз хикаясы бар. Бірден табыла қоятын, ал кейде бірнеше жылға созылатын сәтсіз іздестірулер де болып жатады... 30 шілде 2019, 10:28 4 348 рет қаралды
Сүйіндіктегі қой қырғыннан кейін қойшешекті де аса қауіпті аурулар қатарына қосады Басқа жаңалықтар

Сүйіндіктегі қой қырғыннан кейін қойшешекті де аса қауіпті аурулар қатарына қосады

Атырау облысында биыл жануарлардың 9 түрлі аса қауіпті аурларының алдын алу үшін 1 млн 658 мың доза вакцина сатып алынып, тегін екпе жүргізілуде. Алдын алуға жататын қауіпті аурулардың тізіміне (құтыру, сібір жарасы, иттің эхинококкозы, сиырдың қарасан, пастереллез, нодулярлы дерматит ауруы және т.б.) келесі жылдан бастап Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында қой мен қозыларды қырған қой шешекті де қосады.  Бұл туралы брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлімдеді. 30 шілде 2019, 12:24 4 662 рет қаралды
Сенатордың қайығы Жайыққа қайырлап қалды Басқа жаңалықтар

Сенатордың қайығы Жайыққа қайырлап қалды

Бұл күндері ҚР Сенатының депутаттары өз аймақтарына жұмыс сапарымен баруда. Атырау облысының сенаторы Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қайықпен Жайық өзенімен жүріп, оның қазіргі хал-ахуалын көріп қайтты. 30 шілде 2019, 19:40 3 244 рет қаралды
Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін Басқа жаңалықтар

Алажағыңды қайтармаса, нотариусқа жүгін

Осы жылдың ақпанында «Нотариат туралы» ҚР Заңына едәуір өзгерістер енгізілді. Соның арқасында азаматтық істердің бір бөлігі судьялардың құзырынан нотариустарға - атап айтқанда, қарызды қайтару бойынша іс қарау блогы ауысты. Енді қарызды кез-келген нотариустың қарарымен туыстарынан, жұмыс берушіден немесе коммуналдық қызметтердің тұтынушысынан өндіріп алуға болады. 29 шілде 2019, 09:56 4 504 рет қаралды
Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды Басқа жаңалықтар

Сот Талғат Аянның бостандығын шектеу жазасының күшін мерзімінен бұрын жойды

19 шілдеде №2 Атырау қалалық соты Атыраудағы «жер митингілері» бойынша сотталған азаматтық белсенді Талғат АЯНДЫ толық жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатты. 29 шілде 2019, 10:19 3 413 рет қаралды
Қорықтан 3 тонна қоқыс жиналды Басқа жаңалықтар

Қорықтан 3 тонна қоқыс жиналды

Атырау облысында Жайық жағалауын қоқыстан тазарту мақсатында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтті. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өткен сенбілікке банктердің бірінің қызметкерлері, балық аулау кооперативтерінің мүшелері және резерват инспекторларымен бірге «АЖ» тілшісі де қатысты. Сурет Бейнежазба 29 шілде 2019, 15:41 3 930 рет қаралды
Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп Басқа жаңалықтар

Олар құрылыс пен егіс алқаптарында көп

«Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР-да болу ережелерін бұзған 500-ден астам шетелдік азаматты анықтады. Олардың 14-і сот шешімімен елден шығарылды. 29 шілде 2019, 16:29 2 456 рет қаралды
Арыстық балалар «Тұлпар» жазғы лагерінде демалады Басқа жаңалықтар

Арыстық балалар «Тұлпар» жазғы лагерінде демалады

Бір ай бұрын әскери қоймалар жарылған Арыс қаласының 90 баласы қала шетіндегі Бесікті ауылында орналасқан «Тұлпар» жазғы лагерінде демалып жатыр. Олардың алғашқы легі – 41 бала 14 шілдеде келсе, қалғаны 28 шілдеде Атырау жеріне аяқ басты. Екі топ та осында бір ай болады.   Сурет Бейнежазба 29 шілде 2019, 16:48 4 545 рет қаралды
Жуырда Сасықсайдың жыры бітпек Басқа жаңалықтар

Жуырда Сасықсайдың жыры бітпек

Биыл қараша айында Атыраудың сол жақ жағалау бөлігіндегі мұнайлы астананың «көрнекі орны» - Сасықсайды алмастыратын жаңа кәріздік тазарту құрылғылары (КТҚ) сынақ режимінде іске қосылады.  Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ хабарлады. 26 шілде 2019, 12:10 3 312 рет қаралды
Салық борышкерлеріне жеңілдіктер берілді Басқа жаңалықтар

Салық борышкерлеріне жеңілдіктер берілді

16 шілдеде Қазақстанда жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық беретін заң күшіне енді. Әңгіме негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды жою жөнінде болып отыр. Заң жыл соңына дейін күшінде болады. Атырау облысында бүгінде 36 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 401 млн 289 мың теңге салықтық берешегі жиналған, оның 13 мыңға жуығында 161 млн 089 мың теңге көлемінде өсімпұлы бар. 26 шілде 2019, 12:57 3 416 рет қаралды
​Атырау мектептерінде жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысы қалай Басқа жаңалықтар

​Атырау мектептерінде жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысы қалай

Атыраудың төрт мектебін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 миллиард 160 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүкіл жұмыстың 1 қыркүйекке қарай аяқталуы екіталай, алайда қалалық әкімдік бұл жағдайда балаларды басқа мектептерге орналастырудың резервтік нұсқаларын дайындапты. Сурет 26 шілде 2019, 17:24 3 752 рет қаралды
Дина базарында әйелді ұрған ер адам ұсталды Басқа жаңалықтар

Дина базарында әйелді ұрған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде «Дина» базарының бақылау камераларына түсіп қалған бейнежазба таралып жатыр. Онда ер адам сатып алушының бірінің жанынан өтіп бара жатып, асқан ептілікпен оның бетінен жұдырықпен ұрып жіберіп, әрі қарай адымдап кете барады. Толықтырылды 25 шілде 2019, 15:09 6 710 рет қаралды
Жолаушы да жазаланды Басқа жаңалықтар

Жолаушы да жазаланды

Әлеуметтік желілерде осыдан бір аптадай бұрын №4 автобус кондукторы мен егде әйел арасында болған ұрыс-керістің бейнежазбасы тараған болатын. Бұған дейін де ескерту алған  кондуктор төңірегінде туындаған қоғамдық пікірлерден соң ол жұмыстан шығарылды. Полиция болса, бұл жағдайда өзара бұзақылық орын алды деп есептеп, жанжалға қатысушылардың екеуін де әкімшілік жазаға тартты. 24 шілде 2019, 17:11 2 883 рет қаралды
Ресей ескертпесе, карантин болмас па еді? Басқа жаңалықтар

Ресей ескертпесе, карантин болмас па еді?

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы аттас шаруа қожалығындағы мыңдаған асыл тұқымды еділбай қойының өліміне байланысты Сүйіндік ауылына карантин жарияланады. Бұл туралы Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 24 шілде 2019, 18:54 3 149 рет қаралды
Жедел жәрдемге көмек керек Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемге көмек керек

Құлсары қаласында жедел жәрдемге соңғы алты айда 13834 шақырту түскен. Жол-көлік оқиғасы бойынша 35 факт болса, 1970 жүрек, қан қысымы, 2113 нерв аурулары, 5329 адам тыныс жолдары бойынша шағымданған. Алайда шақыртулардың барлығына мерзімінде баруға мүмкіндік бола бермейді екен. Мұнайлы өлкедегі жедел жәрдем қызметінің жағдайын «АЖ» тілшісі қарап келді. Сурет Бейнежазба 23 шілде 2019, 10:50 5 778 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті? Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті?

№2 қалалық сотында Жайықта балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша кезекті отырыс өтті. Куәгерлерден жауап алу жалғастырылды - бұл жолы «Атырау Су Арнасы» КМК және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерінен (атауын төртінші немесе бесінші рет өзгергеннен кейінгі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қазір осылай аталады) жауап алынды.  Сурет 23 шілде 2019, 10:52 3 953 рет қаралды
Жемқорлықпен күрестің бір сәті Басқа жаңалықтар

Жемқорлықпен күрестің бір сәті

Өткен жылдың көктемінде Атырауда ҚР Қылмыстық кодексінің  366–бабы 3-бөлімі 4-тармағы («Бірнеше рет пара алу») бойынша айыпталған қалалық әділет басқармасы басшысының орынбасары Айболат КЕНЖЕБЕКОВКЕ қатысты сот отырысы өткен болатын. Оған 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро депарматенті қызметкерлерінің қуанышы ұзаққа бармады, өйткені, ең үлкен эпизод (3 млн. теңге пара) бойынша Кенжебеков ақталып шықты, сот ҚК-нің 420-бабы («Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары»)  бойынша қозғалған қылмыс негізінде жеке ұйғарым шығарды. 23 шілде 2019, 11:13 4 306 рет қаралды
Аудандарда да коммуналдық жағажай болады Басқа жаңалықтар

Аудандарда да коммуналдық жағажай болады

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында 129 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. 1 млн 273 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ мәлімдеді. 23 шілде 2019, 12:05 2 496 рет қаралды
«Сергек» бол, жүргізуші! Басқа жаңалықтар

«Сергек» бол, жүргізуші!

Бүгінде Атырауда орнатылған 759 бейнебақылау камерасының барлығы да қалыпты жұмыс істеп тұр, – деп сендірді «АЖ» сұрауына Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек КӨШЕНОВ. Ал 2020 жылға қарай олардың саны 1533-ке жетпек.   22 шілде 2019, 10:11 3 760 рет қаралды