Атырау, 24 қараша 13:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бала екені көрініп тұр ғой

2 888 просмотра


- Атырау жолдарында жаңа автобустар пайда болған кезде жолаушылар тасымалы жайлы болып, дөрекі кондукторлар уақыт өте келе жөнге салынатындай көрінген. Бірақ әр кез балаларды тасымалдаудың жаңа ережелері пайда болады. Мәселен, жақында ұлым екеуміз қосымша сабақтан автобуспен келдік. Мен өзім үшін жол жүру ақысын толықтай, ал ұлым үшін - 50% жеңілдікпен төледім: ереже бойынша, жазғы уақытта 16 жасқа дейінгі балалар ақы төлемейді. Бірақ кондуктор балам үшін толық құн төлеуін немесе туу туралы куәлігін көрсетуін талап ете бастады. Мен мұндай өзгеріс туралы естіген емеспін. Оның әлі кішкентай екені көрініп тұр ғой. Кондукторлардан аты-жөнін және мекеменің байланыс деректерін сұрасаң, ол сізді естімегендей түр көрсетіп, бейдждерін жасырады.

Анар, Атырау қ.

«Смарт Атырау» КМК басшысы Әділбек ТАНКИЕВ жауап берді:

- Иә, расында, жазда балалар үшін автобуста 50% жеңілдік болады. Ал туу туралы куәлікке келер болсақ, оны өзіңізбен бірге алып жүру міндетті емес.

Айта кету керек, Ә.Танкиев ахуалды анықтау үшін өзіне Анардың телефон нөмірін беруді өтінді.

Дайындаған Анастасия Алюшина

31 шілде 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.