Атырау, 24 қараша 12:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түйелердің өлуіне шыбын құрты себеп болған

5 309 просмотра


5 тамызда Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында Атырау облысында түйелердің өліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

"Атырау облысы Жылыой аудандық жергілікті атқарушы органдарының ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 3 шілдесінде Ақкиізтоғайда - 3 бас түйе, 9 шілдеде - 3 бас түйе, 12 шілдеде - 6 бас түйе шығыны тіркелген. Өлген түйелерден паталогиялық материалдар, шөп пен судан сынама алынып, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық зерттеулерге сәйкес, аса қауіпті аурулар бойынша нәтиже теріс болып шықты.

Сонымен қоса, 15 шілдеде Құлсары қаласындағы «Жадырасын» ықшам ауданында 4 бас түйе өлген. Өлген түйелерден сынамалар алынды, зерттеу жұмыстары жасалуда.

Сонымен қатар, 28 шілдеде 3 бас түйе өліп, ветеринариялық мамандар паталогиялық сынамалар алу үшін жарып сою кезінде көмекейден эстроз құрты көп мөлшерде анықталды. Қазіргі таңда, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында зертханалық зерттеулер жүргізілуде.

3-28 шілде аралығында Атырау облысындағы бірнеше ауылда 19 бас түйенің өлгені тіркелген".

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Oestridae тұқымдасынан шыққан шыбындардың дернәсілдік фазалық паразиттенуі эстроздар деп аталады. Олардың барлығы әр түрлі жануарлардың - қойдың, түйенің, жылқының, солтүстік бұғысының мұрын қуыстарының, бет бөлігінің шеке және жақ қуыстарының паразиттері. Көмекей осы шыбындардың құрттарымен қатты зақымалған кезде жануар тұншығып өледі. Аурудың ең айқын белгілері: жануар үнемі мұрнын жерге үйкелеп, түшкіреді. Мұндай жағдайда дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 тамыз 2019, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.