Атырау, 7 желтоқсан 05:14
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мал дәрігерлері түйелердің өлу себебін анықтай алмай отыр

5 109 рет қаралды


Жылыой ауданында белгісіз жағдайда түйелер өліп жатыр. Шілде айының ішінде Ақкиізтоғай ауылынан 11 бас түйе өлсе, ал Құлсары қаласының "Жадырасын" ықшам ауданында 6 бас мал өлген. Жалпы саны 17-ге жеткен түйенің неден өліп жатқаны әлі толық анықталған жоқ.

 - Өлген малдарда инфекция анықталған жоқ, жұқпалы емес. Аурудың белгілері клиникалық жасырын түрде өтуде. Кешке өрістен келген мал таңертең өліп жатады. Жайылыста да өлгендер болды. Мал өлімі  басталған кезде-ақ шөп, судың сынамалары алынып, Атырау облыстық зертханасына жіберілген болатын. Оның барлығы таза деп келді. Енді Құлсары қаласында қайталанғандықтан шөптен  қосымша тағы да  сынама тексеруге жіберілді. Енді соны күтіп отырмыз, - дейді Жылыой аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы Данияр АЙТПЕНБЕТ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

 

2 тамыз 2019, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.