«Атырау-Индер» трассасының 120 км тұсында 1 тамызда, түнде кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Индербор ауылының тұрғындары отырған «Nissan Teana» көлігінің артқы дөңгелегі жарылып, аударылған. 40 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен үш жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер көмек көрсетуде.
Ал, бүгін, 2 тамызда таңертең «Атырау-Орал» трассасының 122 км тұсында «МAN» және «Газель» автокөлігі бетбе-бет соғысты. «Газель» жүргізушісі зардап шекті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА