28 шілдеде кешкі сағат 21 шамасында Атырауда Алмагүл ықшамауданындағы №13 үйдің бірінші подъезінде 52 жастағы ер адамды өлтіріп кетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз біреу оның ішіне бірнеше рет пышақ салып, алған зақымнан ер адам сол жерде көз жұмған. Марқұмның осы ықшамауданда тұрмайтыны және қылмыс болған подъезде бақылау камералары жоқ екені белгілі болды. Қылмыскер туралы әзірге ештеңе белгісіз, оның жеке тұлғасы анықталуда.
Қазіргі уақытта оқиға болған жерді полиция қоршауға алған.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға түсінік беруден бас тартты.
Кейінірек полиция кісі өліміне күдіктінің - 1966 жылы туған ер адамның - ұсталғаны туралы хабарлады. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Фархат ӘБІЛОВ
Әлеуметтік желілерден алынған сурет