Бұл күндері ҚР Сенатының депутаттары өз аймақтарына жұмыс сапарымен баруда. Атырау облысының сенаторы Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қайықпен Жайық өзенімен жүріп, оның қазіргі хал-ахуалын көріп қайтты.
- 25 шілдеде Индер ауданының тұрғындарымен кездескеннен кейін өзеннің жай-күйімен таныстым. Индербор кентінің маңындағы су ортасында қайраң пайда болған. Кейбір жерлерде тереңдік жарты метрге жетеді. Мен мұны өз көзіммен көрдім, осы жерге аудан басшыларымен бірге барып, тереңін өлшедім. Қайық қайырлап, жағалауға әрең жеттік. Бұл өте қиын жағдай, - деді Сәрсенбай Еңсегенов. Ол үкіметтен бұл мәселені ерекше бақылауға алуды сұрамақ.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор