Атырау, 24 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жуырда Сасықсайдың жыры бітпек

3 195 просмотра


Биыл қараша айында Атыраудың сол жақ жағалау бөлігіндегі мұнайлы астананың «көрнекі орны» - Сасықсайды алмастыратын жаңа кәріздік тазарту құрылғылары (КТҚ) сынақ режимінде іске қосылады.  Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ хабарлады.

Оның айтуынша, кешен қуаты тәулігіне 70 мың текше метр сарқын суды құрайды, кейіннен оны 100 мыңға дейін кеңейту мүмкіндігі бар.

- Тек сынақ режимінде қараша айында, толық қуатпен - келесі жылы іске қосамыз. Осы кезеңде «Сасықсай» қалпына келтіріледі. КТҚ пайдалануға берілгеннен кейін сарқын сулар булану алаңына құйылмас бұрын тазартудың толық циклынан өтеді. Осылайша жер асты сулары, топырақ пен ауа тазартылады.

Аумағы 1,5 мың гектар «Сасықсайды» Атырау МӨЗ-і қаладан жалға алады. Әкімдіктің шешімімен одан 476 гектар жер алынып, қалпына келтіру үшін қалалық ТКШ бөлімінің коммуналдық меншігіне берілген. Қалған аумақты зауыттың өзі қалпына келтіреді. Жұмыстар осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Оң жағалауға келетін болсақ, онда қуаты тәулігіне 31 мың текше метр болатын КТҚ-ны қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. «Квадрат» булану алаңын қалпына келтіру жұмыстарын да желтоқсанда аяқтау жоспарланған.

Бізде мұндай жұмыстармен көбінесе кімдер айналысады?

Жыл басында Полиция департаментінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері сол жағалаудағы КТҚ құрылысында арнайы рұқсатсыз жұмыс жасаған Өзбекстанның 26 азаматын ұстады. Оның үстіне, олар жалпы Қазақстан аумағында тұру заңнамасының талаптарын бұзған. Еңбекші мигранттар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың жұмыс берушілері 140 АЕК көлемінде айыппұл төлеген.

Фархат ӘБІЛОВ


26 шілде 2019, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.