Атырау, 21 желтоқсан 03:41
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Мұнай көлі -2»: қылмыстық іс қозғалды

Сурет
5 043 просмотра


Құлсары қаласы тұрғындарының талабымен біз қаладан  үш шақырым жердегі иесіз қалған мұнай қалдықтарының полигонына қатысты тақырыпқа  қайта ораламыз. Бізге жауап берген Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қахарман БАҒЫНОВТЫҢ айтуынша, осы полигонның табиғатқа келтірген залалы және экологиялық қауіпсіздікті бұзу фактілері  бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Еске сала кетейік, полигон 20 гектар жерді алып жатыр, оның қожайындары - «SatTransService» ЖШС. Олар кезінде экологиялық сараптамадан өтіп, 50 000 тонна мұнай төгілген топырақты жылына 200х200 метр болатын төрт жер картасы бойынша және 100 000 тонна мұнай қалдықтарын жоюға рұқсат алған болатын. Қала тұрғындары бастапқы кездері  мұнай қалдықтарының көлшігіне топырақ төккендерін (бұл қалдықтарды тазартудың бастапқы кезеңдерінің бірі) байқап жүрді, алайда, бұл жұмыстар осымен аяқталып бітті. Қазір мұнай көлшіктерінің басында тыныштық орнаған. Қаңғып жүрген малды сасық иіс те үркіте алмай отыр. Зиянды мұнай қалдықтары жерасты суларына жетіп, оларды ластай ма деген қауіп те жоқ емес.


- Өткен жылы біз ЖШС –нен полигонды тазартуды талап еттік, алайда, өтінішіміз нәтижесіз қалды. Одан кейін Атырау облысы экология департаментіне нақты шаралар алу жөнінде хат жолдадық. Ол да ұзаққа созылып кетті. Бүгінгі күні ЖШС-ке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұдан кейін қандай шара алынатыны жөнінде нақты белгілі болады, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қахарман БАҒЫНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА,

Суретті түсірген автор

 

 

6 тамыз 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.