Атырау, 24 қараша 15:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолаушы да жазаланды

2 786 просмотра

Бейнежазбадан үзінді

Әлеуметтік желілерде осыдан бір аптадай бұрын №4 автобус кондукторы мен егде әйел арасында болған ұрыс-керістің бейнежазбасы тараған болатын. Бұған дейін де ескерту алған  кондуктор төңірегінде туындаған қоғамдық пікірлерден соң ол жұмыстан шығарылды. Полиция болса, бұл жағдайда өзара бұзақылық орын алды деп есептеп, жанжалға қатысушылардың екеуін де әкімшілік жазаға тартты.

- Тексеру барысында олардың аты-жөндері анықталды.  Әйелдер өзара мәмілеге келді, бірақ, ҚР ҚӘПК 434 – бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың екеуіне де  8338 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Анастасия АЛЮШИНА 

24 шілде 2019, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.