Атырау, 24 қараша 14:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау мектептерінде жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысы қалай

Сурет
3 653 просмотра


Атыраудың төрт мектебін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 миллиард 160 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүкіл жұмыстың 1 қыркүйекке қарай аяқталуы екіталай, алайда қалалық әкімдік бұл жағдайда балаларды басқа мектептерге орналастырудың резервтік нұсқаларын дайындапты.

Авангардтағы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінде, Жилгородоктадағы Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінде, Привокзальныйдағы №24 орта мектепте және Алмагүл ықшам ауданындағы №34 лингвистикалық гимназияда күрделі жөндеу жүргізілуде. Алғашқы үш оқу орнының ғимараттары бірнеше ондаған жыл бұрын салынған және содан бері күрделі жаңғыртудан өтпеген. Мысалы, Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей 40 жылдай бұрын салынған. Онда әр түрлі аудандардан, оның ішінде жаңадан салынған жеке секторлардан келген 2700 бала білім алады. Ал №34 гимназия жақында ғана, 2009 жылы пайдалануға берілді, бірақ ол «Бергейдің» тұсында салынған және ғимараттың сапасы да нашар.

Күрделі жөндеуді аяқтау әр түрлі мерзімге жоспарланған - Алмагүлдегі мектеп пен №34 гимназияны оқу жылының басына, №20 лицейді 1 қазанға және №16 лицейді 25 қазанға дейін тапсыру жоспарланған.

- №20 және 16 лицейлеріне келетін болсақ, мердігерлерден оқу жылының басында ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтап, ғимарат балалар келуге қауіпсіз болу үшін кем дегенде бір қауіпсіз кіреберіс жасауды сұраймыз. Бірақ балалар 1-2 ай басқа мектептерде уақытша оқи алатындай резервтік нұсқалар дайындалды. 16-мектептегі балаларды жақын маңдағы №№15, 19 және 30 мектептерге жіберуге болады, - дейді Атырау әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.



Бұдан басқа, қазір Нұрсаядағы 900 орындық жаңа оқу орнының құрылысы аяқталуда, бұл ағымдағы оқу жылында №№16 және 37 мектептердің, бәлкім, СТГ-ның жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Ал Жұлдыз ықшам ауданында 624 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Онда №22, 24 мектептер мен Смағұлов атындағы мектеп оқушыларының бір бөлігі оқи алады. Жаңа ықшамаудандарда: Берекеде 1200 орындық, Балаусада 600 орындық, Самалда 600 орындық мектептер салынуда. Сондай-ақ, Дамбада 300 орындық мектеп, Жаңаталапта 600 орындық және Рембазадағы Ғ.Мұратбаев атындағы апатты мектептің орнына жаңа ғимарат салынып жатыр. Ақжар-2 ауылында 600 орындық мектеп құрылысына конкурстық құжаттама дайындалуда.

Бұдан басқа, Авангардтағы №3, Химпоселкедегі №7 мектептерді, Балықшыдағы М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектепті және Маслопромдағы кешкі мектепті күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға бюджеттен 2 миллион 389 мың теңге бөлінді. Айтпақшы, №3 мектепті күрделі жөндеу туралы жаңалыққа таң қалдым. Өйткені, осы ғимаратты НКОК компаниясының қаражатымен «Фирма АТК» ЖШС күрделі жөндеу жүргізгелі бар болғаны 10 жыл өткен еді. Жаңартылған ғимараттың 2009 жылдың көктемінде тапсырылғаны есімде. Жұмыс көлеміне, атап айтқанда, ішкі жылу жүйесін, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін және желдету жүйесін ауыстыру, заманауи электр жабдықтарын орнату, өрт дабылы жүйесін және заманауи стандарттарға сәйкес ғимаратты сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ, спорт құрылғыларын орнату, мектеп жанындағы жолдарды асфальттау, жаяу жүргіншілерге арналған жаяужолдар салу, заманауи мектеп жабдықтарын, жиһаздарды, компьютерлер мен кеңсе жабдықтарын сатып алу кірді.

- Әңгіме тек шатырды ауыстыру туралы болып отыр, - деп түсіндірді Ұ.Тінәлиев. - Мердігерлер төбеге полимер-құм жабынқыштар салды. 9 жыл ішінде ол жарамсыз болып, енді оны ауыстыру керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор

26 шілде 2019, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.