Атырау, 25 маусым 05:35
 дождьВ Атырау +25
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 829 рет қаралды
Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді» Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді»

Әсет өзін әуесқой тауға өрмелеуші деп атайды. Ол Килиманджаро, Айленд пик, Хан-Тәңірі, Казбек, қысқы Эльбрус, Манаслу шыңдарын бағындырса,  қысқы Монблан, Мрамор Қабырғасы және Лхоцзе  сілемдеріне сапары сәтсіз аяқталды. Әсет жұмыстан қолы босаған сәтте Тұйық су шатқалында жаттығу жасайды және Алматыда Banff тау киносы халықаралық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Қазір ол Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Әсет Атыраудың тумасы, Драма театрдың маңында тұрды, №17 мектеп-лицейді аяқтады.  Мәскеуге оқуға түсті, кейін Норвегияға кетті. Міне сол жерде оның тауға деген қызығушылығы басталды. 4 ақпан 2020, 17:42 5 585 рет қаралды
Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 3 043 рет қаралды
Хабарландыру! Басқа жаңалықтар

Хабарландыру!

Сүйікті ұл, асыл жар, ардақты әке, қимас бауыр Кужеков Жасұлан Ғайнешұлының 7 күндік қадесі 8 ақпан күні өтетінін хабарлаймыз.  Өтетін орны: "Сұлтан Палас" мейрамханасы, Әбілхайыр хан даңғылы, 70.  Дұға мейрамханада оқылады.  Кужековтер әулеті 3 ақпан 2020, 11:39 4 116 рет қаралды
Полиция көлікжайының құпиясы Басқа жаңалықтар

Полиция көлікжайының құпиясы

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне арнайы автокөлік сатып алу ісінің ауқымы таң қалдырады: 2015 жылы департамент 53 патрульдік «Нива» және 7 «Газель» көлігін алды, екі жылдан кейін полицейлеріміздің автопаркі Nissan Almera және Shevrоlet маркалы 37 жаңа көлікпен толықты, тағы екі жылдан кейін – 2019 жылы олардың қатарына 54 «Нива» және 24 «Skoda Octavia» автокөліктері қосылды. Сонымен қатар, жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мониторинг бойынша соңғы жағдайда бағаны айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. 3 ақпан 2020, 17:40 4 612 рет қаралды
Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап Басқа жаңалықтар

Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап

«АЖ» қоржынында зейнетақы жөнінде жинақталып қалған бірнеше сұрақтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Атырау  филиалы директорының орынбасары  Қарлығаш ЖАНСАРИЕВАҒА  жолдадық. 3 ақпан 2020, 17:47 5 884 рет қаралды
«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады» Басқа жаңалықтар

«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады»

Ауылшаруашылық министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті, онда ұрғашы малды шетелге шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ (суретте). Бұған мал басын сақтап қалуды көздеген малшылардың өтініші себеп болды. 2 ақпан 2020, 08:01 4 679 рет қаралды
Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды Басқа жаңалықтар

Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды

Өткен жылдың маусым айында Индер ауданындағы Есбол ауылында полиция жүргізуші куәлігі жоқ жергілікті тұрғын мен оның досын ұстап, арнайы құралдар – сойыл, электршокер және көз жасаурататын газ пайдаланған. Кейін ұсталғандарды әкімдікте орналасқан учаскелік инспектордың бөлмесіне алып барғанда полицейлердің қатал әрекеттері мен заңсыздықтарына күйінген елуден аса есболдық арттарынан осы жерге келеді. Наразы жұртқа ақсақалдар мен ауыл әкімі басу айтқанымен, адамдар тек ұсталғандар босағаннан кейін ғана тарады. Міне, енді осы іс бойынша аудандық полиция бөлімінің екі офицерінің үстінен билігін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК-ның 362-бабы) сот процесі басталды. 2 ақпан 2020, 23:23 6 363 рет қаралды
Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»   Басқа жаңалықтар

Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»

Кеше, 31 қаңтарда Атырауда облыстық әкімдік алдындағы алаңға шетелдік нөмірлі автокөлік иелері тағы да жиналды. Олар шетелден алып келген көліктерін тегін тіркеуді талап етумен қатар уақытша нөмір алудан бас тартатындарын мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 1 ақпан 2020, 12:47 6 680 рет қаралды
Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар

Атыраудағы Жайық өзені жағалауының құрылысы экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін тоқтатылды –осындай шешімді ауданаралық экономикалық сот қабылдады. Бұған дейін Атырау облысы бойынша экология департаменті мердігер «КА Строй ЛТД» ЖШС үстінен талап арыз берген. Сурет 31 қаңтар 2020, 09:43 5 153 рет қаралды
​  Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев Басқа жаңалықтар

​ Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев

Атыраудағы сәби өліміне мониторинг жасау кезінде бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz. 31 қаңтар 2020, 11:14 3 721 рет қаралды
Тергеу электрондық форматқа көшпек Басқа жаңалықтар

Тергеу электрондық форматқа көшпек

«Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру аясында қылмыстық тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді электрондық форматқа көшіруге кірісті. 2019 жылы Атырау облысында полиция электрондық форматта 1,5 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылықты (жалпы санның 24,4%) тергеді.  31 қаңтар 2020, 14:20 3 114 рет қаралды
Бопсалаушылар бақылауға алынды Басқа жаңалықтар

Бопсалаушылар бақылауға алынды

Өткен жылдың сәуір айында Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында ҰҚКД қызметкерлерінің үш ер адамды ұстап, шалшық суға бетімен жатқызған бейнежазбаны қалалықтар естерінен шығара қоймаған болар. Жақында №2 қалалық сотта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша үкім шығарды. 31 қаңтар 2020, 15:26 3 731 рет қаралды
Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады Басқа жаңалықтар

Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір әкімдігімен бірге іске асырып жатқан «Бизнеске арналған үкімет» жобасы «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ жергілікті кәсіпкерлермен есептік кездесу барысында айтты. 31 қаңтар 2020, 15:40 4 132 рет қаралды
Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды Басқа жаңалықтар

Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды

Ревизиялық комиссия соңғы екі жылда Атырау қалалық құрылыс бөліміне бөлінген бюджет қаржысының қолданылуы бойынша аудит жүргізді. Аудит жалпы сомасы 50 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын қамтыды, нәтижесінде 7,3 млрд теңге сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. 31 қаңтар 2020, 16:16 6 375 рет қаралды
 Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді Басқа жаңалықтар

Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді

29 қаңтарда санавиация Атыраудан Нұр-сұлтанға жүктілігі ауыр екі әйелді жеткізді. Енді олар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп, жеңілденетін болады. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарлады. 31 қаңтар 2020, 21:48 3 374 рет қаралды
Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды Басқа жаңалықтар

Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды

Нұр-сұлтан қаласында өткен алқалы жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ  жаңа туған нәрестені өлтіру бойынша тергеу кезінде денсаулық сақтау мекемелерінде жүйелі кемшіліктердің анықталғанын мәлімдеді. 31 қаңтар 2020, 22:15 3 293 рет қаралды
Таза офицерлік "әлімжеттік" Басқа жаңалықтар

Таза офицерлік "әлімжеттік"

Ақтөбе гарнизонының  әскери соты Атырауда орналасқан 41433 әскери бөлімшесіндегі «жарғыдан тыс қарым-қатынастар» туралы іс бойынша үкім шығарды. 38 жастағы командирдің идеология және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ҚР ҚК 451 бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша айыпталған болатын. Қысқасы, ол әскери дәрігерді соққыға жыққан. 30 қаңтар 2020, 16:47 3 351 рет қаралды
Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр Басқа жаңалықтар

Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған қылмыстың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алу саласында жасалған. Шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВТЫҢ, облыстық тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит департаменті және бейінді ведомстволар басшылығының қатысуымен өткен кеңесте талқыланған негізгі тақырып болды. 30 қаңтар 2020, 16:58 4 292 рет қаралды
Атырау қаласының әкімдігі армян нөмірлі көлік жүргізушілеріне хат жазуға көмектесті Басқа жаңалықтар

Атырау қаласының әкімдігі армян нөмірлі көлік жүргізушілеріне хат жазуға көмектесті

Шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВПЕН  облыстық филормонияда кездескеннен кейін келесі күні наразылық көшбасшыларын қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ қабылдады. 30 қаңтар 2020, 17:54 5 099 рет қаралды
Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар Басқа жаңалықтар

Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жақында ассенизатор көлігі кіріп кеткен «Мерей» базары маңындағы аялдаманы қалпына келтіру 18 млн теңге тұрады екен. Қомақты қаржы, әрине. Оқырмандарымыздың көбі қала орталығынан пәтер сатып алуға болатын осынша ақша төлейтіндей қандай зақым тиді деп таң қалды. Бұл миллиондарды «АЖ» тілшісі зерттеп көрді. 30 қаңтар 2020, 22:14 3 163 рет қаралды
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба шықты Басқа жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сайтында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнежазба 29 қаңтар 2020, 10:08 4 781 рет қаралды
Атыраудың бас санитарлық дәрігері: «Біз перинатальдық орталықта күні-түні тексеру жүргіздік» Басқа жаңалықтар

Атыраудың бас санитарлық дәрігері: «Біз перинатальдық орталықта күні-түні тексеру жүргіздік»

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өткен жылдың басында-ақ облыстық перинатальдық орталықта бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған еді, алайда кемшіліктерді жоюға тек бірнеше талап арыздардан кейін ғана қол жеткізілді. Бұл туралы брифингте облыстық тауар және қызмет қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады. 29 қаңтар 2020, 12:48 2 926 рет қаралды
"Жұрт қатарлы өмір сүргім келеді" Басқа жаңалықтар

"Жұрт қатарлы өмір сүргім келеді"

- Сол күні суық әрі жер тайғақ болатын. Біз келгенде пойыз тоқтап тұрған. Вагондардың біріне жүгіріп жетіп, енді міне бергенде, аяғым тайып, астына құладым, - дейді Жанаргүл көз жасын сүртіп. 2018 жылғы 11 қаңтарға қараған түні өзі тұрып жатқан 265-разъезден туған ауылы Мұқырға бара жатқан ол бір аяқтан айырылып, өмірбақи мүгедек болып қалады.  Сурет Бейнежазба 29 қаңтар 2020, 19:53 9 666 рет қаралды
​Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ: «Мен адал атым үшін күресті жалғастырамын» Басқа жаңалықтар

​Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВ: «Мен адал атым үшін күресті жалғастырамын»

«Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-нің логистика және маркетинг жөніндегі директоры әрі құрылтайшыларының бірі Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВТЫҢ қылмыстық ісін қазіргі Қазақстанның мұнай бизнесіндегі ең өзекті мәселе десе болар. Бұл іс жала жабу мақсатында ұйымдастырылған болуы мүмкін, себебі өткен жылдың желтоқсан айында Жоғары сот Қожағалиевке қатысты үкімнің күшін жойды. Бұл туралы ол қатаң режимдегі колонияда білген. Неге ҰҚК белгілі мұнайшымен есеп айырысқысы келді? Осы және басқа да мәселелер туралы Алмаз Қожағалиев «АЖ»-ға берген сұхбаты барысында айтты. 28 қаңтар 2020, 00:49 3 827 рет қаралды
​Атырауда ассенизатор көлігі аялдамаға соқты Басқа жаңалықтар

​Атырауда ассенизатор көлігі аялдамаға соқты

Атырауда «ГАЗ-5414» маркалы вакуум көлігі жол жиегіндегі аялдамаға кіріп кетті. Құдай сақтап, автобус күтіп тұрғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көлігімен оқиға орнынан кетіп қалған, алайда полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен тез тауып алды.   Бейнежазба 28 қаңтар 2020, 12:39 3 726 рет қаралды
Медициналық сақтандыру, донорлық және тегін дәрі-дәрмек туралы Басқа жаңалықтар

Медициналық сақтандыру, донорлық және тегін дәрі-дәрмек туралы

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмысын бастады, алайда оның енгізілуі пациенттердің бірталай сауалын туғызды. Неге тек ХҚО арқылы ғана тіркелу керек, бұрынғыша емханаға жай ғана арыз жазуға болмай ма? Неліктен балаларға дәрілердің барлығы тегін берілмейді және неге рентген аяқ астынан ақылы болып кетті? Осы және басқа да сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Алмас КӘРІМЖАНОВ жауап береді. 28 қаңтар 2020, 15:55 3 568 рет қаралды
«Бір литрі - 181 теңге»: « ҚазМұнайГаз» бензин бағасы туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді Басқа жаңалықтар

«Бір литрі - 181 теңге»: « ҚазМұнайГаз» бензин бағасы туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде 24 қаңтар күні белгісімен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС Бас директоры Н.Нұрлановтың қолы қойылған құжат пайда болды. Онда бензин мен дизель отынының бағасы көтерілгені туралы айтылады. 28 қаңтар 2020, 16:30 4 883 рет қаралды
"Атырау Су Арнасы": 2 миллиард айыппұлға 4 миллион қосылды Басқа жаңалықтар

"Атырау Су Арнасы": 2 миллиард айыппұлға 4 миллион қосылды

Қазір бар-жоғы белгісіз «Атырау Су Арнасы» КМК-ге тағы 1600 АЕК, яғни 4,2 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл жолы «АСА»-ны Табиғи монополияларды реттеу департаменті  ренжітті.  Ол монополистерді Мемлекеттік тізілімнен алып тастау бойынша өтінішті уақытында бермегені үшін әкімшілік айыппұлмен жазаланды.   28 қаңтар 2020, 17:45 3 343 рет қаралды