Атырау, 6 желтоқсан 16:25
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Теңіз биыл мұнай өндіруді төмендетеді

3 448 рет қаралды


Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемі  биыл  28,5 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.  2019 жылы бұл цифр 29,8 млн құрады.   

Ал Қарашығанақтағы мұнай мен конденсат өндіру 2019 жылмен (11,7 млн дейін) салыстырғанда 400 мың тоннаға, ал Қашағанда - 1,4 млн тоннаға (15,5 млн дейін) артуы мүмкін. Сондықтан да Теңіздегі мұнай өндірудің төмендеуі Қазақстандағы жалпы өндірілетін көмірсутегі шикізатының жалпы көлеміне әсер ете қоймайды. Биыл профилактикалық жөндеу жұмыстары Қашағанда 16-23 маусым және 18 тамыз - 5 қараша аралығында; Теңізде 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; Қарашығанақта 15 қыркүйектен 9 қазан аралығына жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары өндірісті тоқтатпай жүргізіледі.

Дайындаған  Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

30 қаңтар 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.