Атырау, 28 сәуір 01:11
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Таза офицерлік "әлімжеттік"

3 055 просмотра


Ақтөбе гарнизонының  әскери соты Атырауда орналасқан 41433 әскери бөлімшесіндегі «жарғыдан тыс қарым-қатынастар» туралы іс бойынша үкім шығарды. 38 жастағы командирдің идеология және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ҚР ҚК 451 бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша айыпталған болатын. Қысқасы, ол әскери дәрігерді соққыға жыққан.

Сотта анықталғандай, 2019 жылдың маусымында майор Бекботанов өзіне медицина взводының командирі – аға лейтенант Қайырбековті шақырады. Оған олардың араларында бұрын болған жанжал себеп болған. «Еркекше әңгімелескеннен» кейін майор аға лейтенантқа қолмен бір-екі соққы береді. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, соққы салдарынан жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салады. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі ІІМ Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасы тергеуге алды.  Бекботанов сотқа дейінгі тергеу барысында және басты сот талқылауы кезінде де жауап беруден бас тартып, өз кінәсін мойынына алмайды. Әскери сот оны кінәлі деп тауып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан, «майор» әскери шенінен айыруға үкім шығарды.

Фархат ӘБІЛОВ

30 қаңтар 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.