Атырау, 18 сәуір 23:59
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Атырауда ассенизатор көлігі аялдамаға соқты

Бейнежазба
3 311 просмотра


Атырауда «ГАЗ-5414» маркалы вакуум көлігі жол жиегіндегі аялдамаға кіріп кетті. Құдай сақтап, автобус күтіп тұрғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көлігімен оқиға орнынан кетіп қалған, алайда полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен тез тауып алды.  

Бұзылған аялдама «Мерей» базарының маңында орналасқан. 33 жастағы көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігімен (Мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы) және ҚР ӘҚБтК 611-бабының 2-бөлімімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бапта 50 АЕК көлемінде айыппұл немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы бар. Одан бөлек жүргізушіге өз қалтасынан материалдық шығынды өтеуге тура келеді, ал ол 18 млн теңгеге есептеліп отыр.  

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облысы ЖП баспасөз қызметі жіберді

28 қаңтар 2020, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.