Атырау, 6 желтоқсан 16:26
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау қаласының әкімдігі армян нөмірлі көлік жүргізушілеріне хат жазуға көмектесті

4 910 рет қаралды

Шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВПЕН  облыстық филармонияда кездескеннен кейін келесі күні наразылық көшбасшыларын қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ қабылдады.

Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат ЕМБЕРГЕН, Атырау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұтыстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, Атырау полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан САДИРОВ қатысты.

Жүргізушілер жақында ғана болған наразылық кезіндегі талаптарын – автокөліктерін тегін тіркеу немесе шетелдік нөмірмен тіркеусіз жүруге мүмкіндік беруді қайта қойды. Әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері бекітілген заң ережелерін түсіндірді және оларға тиісті органдарға хатты қалай дұрыс жазу керектігіне кеңес берді.

Нәтижесінде арызға шамамен 1000 жүргізуші қол қойды, кейін қалалық әкімдікке тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілерінің наразылық жиындары Атырауда 19 және 26 қаңтарда болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.